Қолдану көрсеткіштері
Ересектерге келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: жанасудан кейінгі профилактика және радикалды емдеу
Төмендегі инфекциялар кезінде препаратты әдетте келесі инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын бактерияға қарсы басқа препараттарды қолдану орынсыз деп саналған кезде ғана қолдану керек.
- жедел бактериялық синусит
- бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит
Левомак 500 левофлоксацинмен вена ішіне бастапқы емдеу кезінде жақсарған пациенттерде терапия курсын аяқтау үшін де қолдануға болады.