Қолдану көрсеткіштері
- Ауруханалық пневмонияда
- Ауруханадан тыс пневмонияда
Линозид препараты ересектерге, сезімтал грамоң бактериялардан туындағаны белгілі немесе болжамды ауруханадан тыс пневмония мен ауруханалық пневмонияны емдеуге арналған. Линозид препаратының қолайлы ем болып табылатындығы анықталған жағдайда, микробиологиялық зерттеулердің нәтижелерін немесе грамоң бактериялар арасында бактерияға қарсы препараттарға резистенттіліктің таралуы туралы ақпаратты ескеру керек.
Линезолид грамтеріс қоздырғыштардан туындаған инфекцияларға қатысты белсенді емес.
Грамтеріс патогендерге қарсы спецификалық ем.
Егер грамтеріс қоздырғыштың бар екені құжат жүзінде расталса немесе күдік болса, грамтеріс микроорганизмдерге қарсы спецификалық емді бір мезгілде бастау керек.
- Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында.
Линозид ересектерге, егер микробиологиялық зерттеулерден инфекцияның сезімтал грамоң бактериялардан туындағаны анықталса, тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларын емдеуге арналған.
Линезолид грамтеріс патогендерден туындаған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Линезолидті тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары бар, грамтеріс микроорганизмдермен қатарлас инфекция жұқтырғаны белгілі немесе болжамды пациенттерде тек, емнің баламалы нұсқалары болмаған жағдайларда ғана қолдану керек (4.4 бөлімін қараңыз). Мұндай жағдайларда грамтеріс микроорганизмдерге қарсы емді бір мезгілде бастау қажет.
Линезолидті қабылдауды тек стационар жағдайларында және тиісті маманмен, мысалы, микробиологпен немесе инфекциялық аурулар жөніндегі маманмен кеңескеннен кейін ғана бастау керек.
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.