daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Анис Және Жалбыз Хош Иісті Лизак №10 Таблеткалар | Фармак ПАО

Астане қаласындағы Анис Және Жалбыз Хош Иісті Лизак №10 Таблеткалар | Фармак ПАО
Сипаттама:

Сызығы мен ойығы бар, жалпақ беткейлі, анис және жалбыз дәмі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Өндіруші:

Фармак ПАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты (200), маннит (Е 421), повидон, магний стеараты, дәмдік қоспалар: анис және жалбыз. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Сызығы мен ойығы бар, жалпақ беткейлі, анис және жалбыз дәмі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Дәрілік түрі:

Анис және жалбыз дәмімен соруға арналған таблеткалар

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

препаратқа сезімтал қоздырғыштар туғызған ауыз қуысы мен тамақтың қабыну процестерін жергілікті антисептикалық емдеуде (катаральді, ойық жаралы, фиброзды гингивиттер; афтозды стоматиттер; ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозы; фарингиттер; тонзиллиттер; ларингиттер және глосситтер)

ауыз қуысы мен тамаққа операциялық араласуға дейінгі және кейінгі инфекциялардың алдын алуда

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттарға немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

төрттік аммоний қосылыстарына аллергия (мысалы, бензалконий хлориді)

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препарат құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу үшін қолдануға болады.

Инфекция жайылуының негізгі клиникалық симптомдары болғанда жүйелі бактерияға қарсы емдеу тағайындау қажет. Қандай да бір жағымсыз әсерлері пайда болған кезде Лизак® перпаратының таблеткаларын қабылдауды дереу тоқтатып, басқа дәрілік зат тағайындау қажет.

Жергілікті емдеу үшін басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Анис және жалбыз дәмі бар таблеткалардың құрамында лактоза бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттерге оларды қолдануға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Кайексалатпен (гиперкалиемияны емдеуге арналған дәрі) бір мезгілде қолданғанда тері мен шырышты қабықтың, әсіресе асқазан-ішек жолы шырышты қабығында некроздық ауыр зақымданулардың даму ықтималдығы бар.

Деквалиний хлоридінің бактерияға қарсы белсенділігі анионды детергенттерді, мысалы, тіс пастасын бір мезгілде қолданғанда төмендейді.

Препаратты қолдануды холинэстераза тежегіштерін қабылдаумен біріктіруге болмайды.

Лизоцим пенициллин, хлорамфеникол сияқты бактерияға қарсы препараттардың тиімділігін арттырады.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Осы дәрілік түрдегі препарат аспирацияның даму қаупіне байланысты 4 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде дәрігермен кеңескеннен кейін, балаға қатысты терапиялық әсер ықтимал қауіпті әсерден асып кеткен жағдайда қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лизак® препараты жоғары зейін қоюды талап ететін жұмыстарға (көлік жүргізу және қозғалмалы механизмдермен жұмыстарға) әсер етпейді.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ұсынылатын дозалар.

Әрбір 2-3 сағат сайын соруға арналған 1 таблеткадан (тәулігіне 10 таблеткадан асырмай) қолдану керек. Қабыну симптомдары азайғаннан кейін -әр 4 сағат сайын 1 таблеткадан.

4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза.

Әрбір 3 сағат сайын соруға арналған 1 таблеткадан (тәулігіне 5 таблеткадан асырмай) қолдану керек. Қабыну симптомдары азайғаннан кейін - әр 4 сағат сайын 1 таблеткадан.

Енгізу әдісі және жолы

Таблетканы шайнамай, баяу сорған жөн.

Препаратты қолданғаннан кейін 30 минут тамақтанбау және сұйықтық ішпеу ұсынылады.

Емдеуді ауру симптомдары жойылғаннан кейін тағы да 1-2 тәулік бойы жалғастыру ұсынылады. Лизак® препаратын аурудың симптомдары жойылғанша қолдану ұсынылады. Егер симптомдар 5-7 тәулік емдеуден кейін жойылмаса, бұдан әрі емдеудің тактикасын белгілеу үшін дәрігерге жүгіну қажет.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан мөлдір емес поливинилхлоридті үлбірден (ақ пигменттелген) және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «анис және жалбыз хош иісті лизак №10 таблеткалар» бағасының өзгеру диаграммасы

040080012001600200012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыанис және жалбыз хош иісті лизак №10 таблеткалардәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube