Қолдану көрсеткіштері
- ересектер және 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде эссенциялық гипертензияны емдеу
- гипертензияға қарсы ем шеңберінде ≥ 0,5 г/тәулік протеинуриямен II типті қант диабеті және артериялық гипертензия бар ересек пациенттерде бүйрек ауруларын емдеу
- ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен емдеу үйлесімсіздігі, әсіресе, жөтел немесе қарсы көрсетілімдер салдарынан сай келеді деп саналмағанда ересек пациенттерде созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу. АӨФ тежегішінің көмегімен тұрақтандырылған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді лазортанға ауыстыруға болмайды. Пациенттерде сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤ 40% болуы, клиникалық тұрақты болуы және созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеудің белгіленген режимін алуы тиіс
- ЭКГ-да расталған сол жақ қарынша гипертрофиясымен артериялық гипертензия бар ересек пациенттерде инсульт қаупін төмендету
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- бауырдың ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі
- жүктілік және лактация кезеңі
- қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бірге қолдану
- 6 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Аса жоғары сезімталдық
Ангионевроздық ісіну. Анамнезінде ангионевроздық ісіну (бет, ерін, тамақ және/немесе тілдің ісінуі) бар пациенттердің жай-күйін жиі бақылап отыру керек.
Артериялық гипотензия және су-электролит теңгерімсіздігі
Симптоматикалық артериялық гипотензия, әсіресе, препараттың бірінші дозасын қолданудан кейін немесе дозаны арттырудан кейін күшті диуретиктерді қолданудан, тұз тұтынуды диеталық шектеуден, диареядан немесе құсудан туындаған тамырішілік көлемінің төмендеуі және/немесе натрий тапшылығы бар пациенттерде туындауы мүмкін. Лозаппен емдеуді бастар алдында осындай жай-күйлерді түзету немесе препаратты төменірек бастапқы дозада қолдану керек. Аталған ұсыным 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға да қатысты.
Электролит теңгерімсіздігі
Электролит теңгерімсіздігі бүйрек функциясының бұзылулары бар (қант диабетімен немесе онсыз) пациенттерде жиі байқалады, ол ескерілу керек. II типті қант диабеті және нефропатия бар пациенттерде гиперкалиемияның туындау жиілігі, плацебо қолдану тобына қарағанда, Лозапты қолдану топтарында жоғары болды. Сондықтан қан плазмасындағы калий концентрациясын және креатинин клиренсінің көрсеткіштерін, әсіресе, жүрек жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсі 30-50 мл/минут пациенттерде жиі тексеру керек.
Лозап препаратын және калий жинақтаушы диуретиктерді, калий қоспаларын және құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды, сондай-ақ плазмадағы калий деңгейін арттыратын препараттарды (мысалы, құрамында триметоприм бар препараттар) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр циррозы бар пациенттерде қан плазмасында Лозап концентрациясының елеулі жоғарылауын көрсететін фармакокинетика туралы деректерді назарға ала отырып, анамнезінде бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін препарат дозасын төмендету мәселесін қарау керек. Лозап препаратын қолдану тәжірибесінің болмауына орай бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Лозартан бауыр жеткіліксіздігі бар балаларға ұсынылмайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Ренин-ангиотензин жүйесінің бәсеңдеуімен байланысты бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының өзгерістері хабарланды (әсіресе, бүйрек функциясының ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне тәуелділігі бар пациенттерде, яғни, жүрек функциясының ауыр бұзылулары бар немесе бүйрек функциясының бұрыннан келе жатқан бұзылулары бар пациенттерде). Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа препараттарды қолдану кезіндегі сияқты, бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде қан мочевинасы мен қан сарысуының креатинині деңгейлерінің жоғарылауы хабарланды. Бүйрек функциясының осы өзгерістері емді тоқтатудан кейін қайтымды болуы мүмкін. Лозапты бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда пайдалану
Лозартанды, зерттеулер болмауына байланысты, ШСЖ < 30 мл/мин/1,73 м2 бар балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Лозартанмен емдеу кезінде бүйрек функциясын жүйелі бақылап отыру керек, себебі ол нашарлауы мүмкін. Бұл лозартан бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін басқа жай-күйлер (қызба, сусыздану) болған уақытта тағайындалғанда ерекше маңызды.
Лозартан мен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолдану бүйрек функциясының бұзылуына әкеледі. Сондықтан атап көрсетілген препараттарды бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Бүйрек трансплантациясы
Таяуда бүйрек трансплантациясы жасалған пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.
Алғашқы гиперальдостеронизм
Алғашқы альдостеронизм бар пациенттерде көптеген жағдайда ренин-ангиотензин жүйесін тежеу арқылы әсер ететін гипотензиялық дәрілік заттарға жауап болмайды. Демек, лозартанды қолдану ұсынылмайды.
Жүректің ишемиялық ауруы және цереброваскулярлық аурулар
Гипертензияға қарсы басқа дәрілерді қолдану жағдайындағы сияқты, жүректің ишемиялық ауруы және цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісі немесе инсульт дамуына әкелуі мүмкін.