daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Магний Таблеткалары №50 | JSC “KIEV VITAMIN PLANT”

Астане қаласындағы Магний Таблеткалары №50 | JSC “KIEV VITAMIN PLANT”
Сипаттама:

Екі беті дөңес, ұзынша пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 10 таблеткадан мөлдір поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Өндіруші:

JSC “KIEV VITAMIN PLANT”

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, поливинил спирті, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты, қабық: ішекте еритін үлбірлі жабынға арналған қоспа Acryl-Eze White (метакрил қышқылының кополимері, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий бикарбонаты, натрий лаурилсульфаты, тальк, титанның қостотығы (Е 171), триэтил цитраты).

Қаптамадағы саны:

50 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- Оқшауланған немесе астасқан анықталған магний тапшылығы.

Келесі симптомдардың біріктірілімі магний тапшылығын растауы мүмкін:

күйгелектік, ашушаңдық, жеңіл дәрежедегі үрей жағдайы, өтпелі шаршау, ұйқының шамалы бұзылуы

асқазан-ішектің түйілуі немесе жүрек қағуының жиілеуі сияқты үрей белгілері (жүрек тарапынан ешқандай патологиясысыз)

бұлшықет құрысуы, бұлшықеттегі шаншу сезімі

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин/1.73 м2 кем)

- препарат құрамында пиридоксин болуына байланысты леводопамен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды

- су-тұз теңгерімінің ауыр бұзылуы

- 6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Профилактика: ересектер мен балалар 12 жастан бастап – тәулігіне 1 рет 2 таблетка немесе тәулігіне 2 рет 1-2 таблетка.

Емі: тек дәрігердің нұсқауы бойынша. Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Енгізу жолы және тәсілі

Таблетканы бүтіндей бір стақан сумен ішіп, жұту керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Магнийді пероральді қолданған кезде оның артық дозалануы, әдетте, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде уытты реакциялардың дамуына әкелмейді. Алайда, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде магниймен уыттану дамуы мүмкін. Бұл ретте уытты әсерлер қандағы магний деңгейіне байланысты.

Симптомдары: жүрек айну, құсу, артериялық гипотензия, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, бұлшықет әлсіздігі, тыныс алудың бәсеңдеуі, ЭКГ-дағы патологиялық өзгерістер, кома, жүрек тоқтауы және тыныс алудың салдануы, анурия, аяқ-қолдың ауыруы, рефлекторлық функциялардың бұзылуы.

Емі: регидратация, мәжбүрлі диурез. Бүйрек жеткіліксіздігінде гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет. Симптоматикалық терапия.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар

Жіберіп алған препарат дозасының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша нұсқаулар

Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан мөлдір поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадымагний таблеткалары №50дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube