daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Макропен Таблеткалары 400 Мг №16 | KRKA d.d., Novo mesto

Астане қаласындағы Макропен Таблеткалары 400 Мг №16 | KRKA d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті аздап дөңес, бір жағында ойығы мен сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Мидекамицин

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: калий полакрилині, тальк, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, үлбірлі қабық: негізгі бутилденген метакрилат сополимері, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171), тальк. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы   Дөңгелек пішінді, екі беті аздап дөңес, бір жағында ойығы мен сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

400 мг

Қаптамадағы саны:

16 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Мидекамицин ересектер мен дене салмағы 30 кг-нан артық балаларға арналған:

микоплазмалар, легионеллалар, хламидиялар және Ureaplasma urealyticum туғызған тыныс алу және несеп-жыныс жолдарының инфекцияларында,

мидекамицинге және пенициллинге сезімтал бактериялар туғызған пенициллинге жоғары сезімталдығы бар пациенттердегі тыныс алу жолдарының, тері мен теріастылық инфекциялары және басқа да инфекцияларда

Campylobacter текті бактериялар туғызған энтериттерде

күл мен көкжөтелді емдеу және профилактикасы үшін

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

– бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары  

Ұзық уақыт бойы емдеген кезде, әсіресе, бауыр функциясы бұзылған пациенттерде бауыр ферменттерінің белсенділігі қадағалануы керек.

Микробқа қарсы кез келген басқа препараттарды пайдаланғандағы сияқты, ұзақ емдеу төзімді бактериялардың шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін. Ұзақ уақытқа созылған диарея жалған жарғақшалы колиттің дамуын көрсетуі мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Макролидтердің басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесетіні белгілі. Антибиотик макролидтер бауырдағы метаболизмге P450 цитохромының белсенділігін жою жолымен әсер етеді. Эритромицинге қарағанда, мидекамицин бауыр жасушаларының микросомалық оксидазаларымен байланыспайды және P450 цитохромымен төзімді кешендер туғызбайды. Нәтижесінде олар теофиллиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен дене салмағы 30 кг-нан асатын балалар: 400 мг бір таблеткадан күніне 3 рет. Мидекамициннің ересектерге арналған ең жоғарғы тәуліктік дозасы 1600 мг құрайды.

Енгізу әдісі және жолы

Макропен® тамақтануға дейін қабылдануы тиіс.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Макропен® препаратын күніне 3 рет қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы әдетте 7-ден 14 күнге дейінді құрайды.

Хламидия инфекциялары 14 күн емделеді.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар  

Препаратты көп дозаларында қабылдағанда жүрек айнуы мен құсу орын алуы мүмкін.

Артық дозалану белгілері туындаған жағдайда, емдеуші дәрігер тиісінше шараларды қолданады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар 

Жіберіп алған дозасының орнын толтыру мақсатында екі есе дозасын қабылдамау керек.

Егер сіз дозасын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, ол дозасын барынша тезірек қабылдаған дұрыс. Егер келесі дозасын қабылдаудың уақыты таяп алса, ол дозасын өткізіп жіберіңіз және қабылдауды әдеттегі дозалау режиміне сәйкес жалғастырыңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі жөніндегі нұсқау

Препаратты дәрігердің нұсқауларына сәйкес қабылдау керек. Препаратты қабылдауды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, аурудың қайталануы туындауы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Осы препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Шығарылу түрі

8 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары 

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыМакропен таблеткалары 400 мг №16дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube