Қолдану көрсеткіштері
суық тиюмен байланысты мұрын бітелуінің симптомдарын жеңілдету үшін
жыл бойына созылатын аллергиялық ринит
синусит
суық тиюмен байланысты мұрын бітелуінің симптомдарын жеңілдету үшін
жыл бойына созылатын аллергиялық ринит
синусит
- ксилометазолинге немесе препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық
- басқа симпатомиметикалық деконгестанттарды бір уақытта қолдану
- артериялық гипертензияны қоса, жүрек-қантамыр аурулары
- тахикардия
- айқын атеросклероз
- глаукома
- атрофиялық ринит
- гипертиреоз
- қатты ми қабығына транссфеноидальді гипофизэктомия немесе басқа трансназальді немесе трансоральді хирургиялық араласулардан кейін
- 6 жасқа дейінгі балаларда (0.05% ерітінді үшін)
- 12 жасқа дейінгі балаларда (0.1% ерітінді үшін).
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Болуы мүмкін гипертензиялық әсерге байланысты ксилометазолинді антигипертензивті дәрілермен (мысалы, метилдопа) біріктіріп пайдалану ұсынылмайды. Бұдан басқа, α- және β-блокаторлармен бірге ксилометазолинді бір мезгілде қолдану гипотензияны немесе гипертензияны, тахикардияны немесе брадикардияны туындатуы мүмкін.
Ксилометазолинді моноаминооксидаза тежегіштерімен, трициклді антидепрессанттармен және гипертониялық әсері бар басқа да дәрілік препараттармен (доксапрам, эрготамин, окситоцин) бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды, себебі бұл осы препараттардың жүрек-қантамыр жүйесіне әсері нәтижесінде артериялық қысымның жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Риномарис® препаратын қолданар алдында мынадай пациенттердегі пайдасы мен қаупінің ара қатынасын мұқият бағалау қажет:
- симпатомиметикалық дәрілерді қолданғанда, ұйқысыздық, бас айналу, тремор, аритмия немесе гипертония түрінде білінетін күшті реакциялар байқалған
- моноаминооксида (МАО) тежегіштерін, трициклді антидепресанттар немесе артериялық қысымды арттыратын басқа препараттарды қабылдайтын
- α- немесе β- блокаторын қабылдайтын
- жоғары көзішілік қысымы бар, әсіресе жабықбұрышты глаукомасы бар
ауыр жүрек-қантамыр аурулары бар (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертониясы)
феохромоцитомасы бар
- қуық асты безінің гипертрофиясы бар
- порфириясы бар
- зат алмасуы бұзылған (мысалы, гипертиреоз, қант диабеті).
Ксилометазолинді қабылдайтын QT аралығы ұзарған синдромы бар пациенттер күрделі қарыншалық аритмиялардың даму қаупіне ұшырауы мүмкін.
Симпатомиметикалық деконгестанттарды ұзақ қолдану және артық дозалануы мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясына әкелуі мүмкін.
"Кері әсер" ("рикошет әсері") деп аталатын әсері жоғарғы тыныс алу жолдарының обструкциясына және нәтижесінде препаратты қайта немесе тұрақты қолдану қажеттілігіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде шырышты қабықтың созылмалы ісінуі (дәрі-дәрмектік ринит) және мұрын қуысының шырышты қабығының атрофиясы дамуы мүмкін.

Дозалау режимі
0.05% спрей – 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: әрбір мұрын қуысына 1 бүркуден тәулігіне 3 рет.
0.1% спрей – 12 жастан асқан балаларға және ересектерге: әрбір мұрын қуысына 1-2 бүркуден тәулігіне 3 рет.
Препаратты күніне 3 реттен артық қолдануға болмайды.
Препаратты қайта қолдану бірнеше күннен кейін ғана мүмкін болады.
Балалар
2 жасқа толмаған балалар үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препаратты балаларға қолданған кезде дәрігермен кеңесу қажет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды.
Егер дәрігер басқаша тағайындамаған болса, емдеудің ең көп ұзақтығы 5 күнді құрайды. Препаратты ұзақ және шамадан тыс қолдану мұрынның шырышты қабығының ісінуін немесе реактивті гиперемияны тудыруы мүмкін.
Созылмалы ринитпен ауыратын науқастарда мұрынның шырышты қабығының атрофиясының дамуын болдырмау үшін препаратты дәрігердің бақылауымен қолдану ұсынылады.
Қолдану тәсілі
Тек мұрын ішіне қолдану үшін.
Спрейді бірінші қолданар алдында оңтайлы дозаға жету үшін бүрку құрылғысын кемінде 4 рет басу қажет. Егер өнім бірнеше күн пайдаланылмаса, бүрку құрылғысын бір рет басу керек. Құты тік қалпында тұруы тиіс.
Препаратты қолданар алдында мұрын жолдарын тазалау қажет. Бүріккіш құрылғыны қолданғаннан кейін таза, құрғақ, қағаз сүрткімен мұқият сүртіп, қорғаныш қалпақшасымен жабу қажет.
Гигиеналық пайымдаулар бойынша және инфекцияның таралуын болдырмау үшін әрбір адам жеке құтыны пайдалануы тиіс.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар
Артық дозалануы мұрынға және ішу арқылы қолданғанда пайда болуы мүмкін.
Симптомдары: балаларда артық дозалануы орталық жүйке жүйесінің елеулі тежелуін тудыруы мүмкін. Имидазолиннің туындыларымен интоксикациядан кейінгі клиникалық көрінісі гипербелсенділік және орталық жүйке жүйесінің, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің тежелуі кезеңдерінің алмасуына байланысты түсініксіз болуы мүмкін.
Артық дозалануы, әсіресе балаларда, ұстамаларды, команы, брадикардияны, апноэ, сондай-ақ гипотензиямен алмасуы мүмкін гипертензияны тудыра отырып, орталық жүйке жүйесіне басым әсер етеді.
Орталық жүйке жүйесінің стимуляциясы алаңдаушылықпен, қозумен, елестеулермен және құрысумен көрінеді. Орталық жүйке жүйесінің тежелуін көрсететін симптомдар: дене температурасының төмендеуі, сананың бұзылуы, кома. ОЖЖ тежелуі кезінде пайда болатын басқа да ықтимал симптомдар: миоз, мидриаз, тершеңдік, қызба, бозару, цианоз, апноэ және жүрек соғуының жиілеуі. Орталық жүйке жүйесіне елеулі әсер еткен жағдайда жүрек айнуы, құсу, брадикардия, аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, гипертензия, гипотензия, шоктың клиникалық көрінісін еске түсіретін, өкпенің ісінуі, респираторлық бұзылулар және апноэ байқалуы мүмкін.
Артық дозалану кезіндегі емдік шаралар
Белсендірілген көмірді (адсорбентті) және натрий сульфатын (әлсіз) қолдану. Елеулі артық дозаланғанда асқазанды дереу жуу қажет, өйткені ксилометазолиннің тез сіңуі мүмкін және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызу ұсынылады. Қан қысымын төмендету үшін антидот ретінде таңдамайтын α - адреноблокаторларды, мысалы, фентоламин қолдануға болады. Вазопрессорларды қолдануға болмайды. Қажет болған жағдайда пациентке температураны төмендетеді, эпилепсияға қарсы ем жүргізеді және өкпені желдетеді.
10 мл немесе 15 мл препарат бүріккіш құрылғымен және қорғағыш қақпақпен жабдықталған пластик құтыда.
Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін 6 ай бойы пайдалануға болады.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “мұрынға арналған Риномарис Спрейі 0,05% 10 мл” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.