daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Метромикон Форте Суппозиторийлер Қынаптық №7 | ФАРМАПРИМ

Астане қаласындағы Метромикон Форте Суппозиторийлер Қынаптық №7 | ФАРМАПРИМ
Сипаттама:

Цилиндр конус пішінді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа және кеуекті стержень, және шүңгіме тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.

Өндіруші:

ФАРМАПРИМ

Өндіруші ел:

Республика Молдова

Белсенді ингредиент:

қосымша зат - суппозиторийлердің негізі: қатты май Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Цилиндр конус пішінді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа және кеуекті стержень, және шүңгіме тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.

Дәрілік түрі:

Қынаптық суппозиторийлер

Қаптамадағы саны:

7 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: 750 мг метронидазол және 200 мг миконазол нитраты,

қосымша зат - суппозиторийлердің негізі: қатты май

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Цилиндр конус пішінді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа және кеуекті стержень, және шүңгіме тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.

Қолдану көрсеткіштері

- қынаптық кандидоз

- трихомонадалық вульвовагинит

- бактериялық вагиноз

- аралас инфекциялардан туындаған вагинит

Қарсы көрсеткіштер

препараттың компоненттеріне, нитроимидазолдың басқа туындыларына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

эпилепсия

порфирия

бауыр функциясының ауыр бұзылулары

жүктіліктің I триместрі, лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балаларға

пәк қыздарға

емделу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан кейінгі 3 күн ішінде алкоголь пайдаланып жүрген пациент әйелдерде

емделу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан кейінгі 2 апта ішінде дисульфирамды пайдаланып жүрген пациент әйелдерде

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Қан түзілуінің бұзылулары, шеткері және орталық жүйке жүйесінің аурулары, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды.

Анамнезінде шеткері қан құрамындағы өзгерістер болғаны көрсетілген жағдайда, шеткері қан көрінісін бақылау қажет (лейкопения қаупі бар).

Метромикон Форте препаратын ұзақ уақыт қолдану және көп дозаларын қолдану ұсынылмайды, өйткені ол шеткері нейропатия мен құрысу синдромының дамуы қаупімен қатар жүруі мүмкін. Науқастың неврологиялық статусының кез келген нашарлауы емдеуді тоқтатуды талап етеді. 

Метронидазол трепонемаларды иммобилизациялауы мүмкін, ол TPI тестісінің (Нельсонның трепонеманы анықтауға арналған тестісі) жалған оң нәтижесіне алып келуі мүмкін.

Препаратты қолданғанда жыныстық қатынастардан бас тарту керек. Инфекцияның қайталануының алдын алу мақсатында, жыныстық серіктесін бір мезгілде, трихомонадалық вагинит жағдайында метронидазол препаратын ішке қабылдаумен біріктіріп емдеу қажет.

Метромикон Фортені етеккір кезінде қолдану ұсынылмайды, өйткені препараттың тиімділігі азаяды немесе оны пайдалануда қиындықтар туындайды.

Суппозиторийлердің негізімен өзара әрекеттесуі мүмкін болғандықтан, суппозиторийлерді контрацепциялық диафрагмалармен және мүшеқаптармен бір мезгілде пайдаланбаған дұрыс.

Емдеу кезінде басқа қынаптық құралдарды (тампондар, бүркіп шаю, спермицидтік құралдар) қолданбау керек.

Дисульфирам тәрізді реакциялар болуы мүмкіндігіне байланысты, емделу кезінде, және курс аяқталғаннан кейін кемінде 3 күн бойы алкоголь қабылдамау қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Төменде атап келтірілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда метронидазолдың сіңірілуі нәтижесінде дәрілермен өзара әрекеттесуінің келесі түрлері байқалуы мүмкін:

Алкоголь: алкоголь жақпаушылығы (дисульфирам тәрізді реакциялар).

Амиодарон: кардиоуыттылық қаупі артады (ЭКГ-да Q–T аралығының ұзаруы, «torsades de pointes» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы).

Астемизол және терфенадин: метронидазол аталған қосылыстардың метаболизмін тежейді және олардың қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатады.

Карбамазепин: қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясы жоғарылайды.

Циметидин: қан плазмасындағы метронидазол концентрациясы жоғарылайды, соның салдарынан – орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму қаупі бар.

Циклоспорин: циклоспориннің уытты әсері жоғарылайды.

Дисульфирам: орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (мысалы, психоздық реакциялар) болуы мүмкін.

Литий: литийдің уытты әсерінің күшеюі қаупі бар.

Фенитоин: фенитоин концентрациясы жоғарылайды және метронидазолдың концентрациясы төмендейді.

Фенобарбитал: метронидазолдың концентрациясы төмендейді.

Фторурацил: қан плазмасындағы фторурацил концентрациясы және оның уытты әсері жоғарылайды.

Пероральді антикоагулянттар: антикоагулянттық әсері күшейеді (қан кетулердің даму қаупі жоғары).

Қандағы бауыр ферменттерінің, глюкозаның (оны гексокиназалық әдіспен анықтағанда), теофиллин мен прокаинамид деңгейлеріне әсері байқалады.

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Қолданбайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде

Бүйрек функциясы төмендеген кезде препараттың жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді, сондықтан дозасын төмендету қажет емес. Бірақ бүйрек функциясының елеулі бұзылуы кезінде, гемодиализ жүргізу қажет жағдайда, дозасы түзетілуі тиіс.

Бауыр функциясының бұзылуы кезінде

Бауыр функциясының елеулі бұзылулары кезінде метронидазолдың клиренсі төмендеуі мүмкін. Метронидазол плазмадағы деңгейлерінің жоғарылығына байланысты энцефалопатия симптомдарын күшейтуі мүмкін және сондықтан да бауыр энцефалопатиясы бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Дәрігер ондай пациенттер үшін пайдасы/қаупі арақатынасын бағалауы және егер аса қажеттілігі болмаса, препаратты тағайындамауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды, жүктіліктің II және III триместрінде тек, егер анасы үшін ықтимал пайдасы шарана үшін болуы мүмкін қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.

Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болған жағдайда бала емізу тоқтатылуы тиіс. Бала емізуді емдеу аяқталғаннан кейін 24–48 сағаттан соң қайта бастауға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, автокөлік басқарудан және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

7 күн бойы, тура ұйықтар алдында тәулігіне 1 рет бір суппозиторийден. Емнің басқа түрлеріне резистентті, қайталанатын вагиниттер немесе вагиниттер кезінде 14 күн бойы тәулігіне 1 рет, ұйықтар алдында бір суппозиторийден тағайындайды.

Пациенттердің ерекше топтары

65 жастан асқан егде жастағы пациент әйелдер үшін дозалау режимін түзету қажет емес.

Енгізу әдісі және жолы

Қынаптық қолдануға арналған. Суппозиторийлер жатқан қалыпта қынапқа терең енгізіледі.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Қынапқа қолданған кезде артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Байқаусызда 12 г метронидазол қолданылғанда артық дозалануы мүмкін.

Ықтимал симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, ауыздың темір татуы, атаксия, бас ауыруы, бас айналуы, парестезиялар, құрысулар, лейкопения, несептің қараюы (метронидазолдың артық дозалануы түрткі болған), жүрек айнуы, құсу, анорексия, диарея (миконазол нитратының артық дозалануы түрткі болған).

Емі: симптоматикалық ем, байқаусызда ішке қабылданғанда – асқазанды шаю. Арнайы антидоты жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.

Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады

Артық дозалану

Қынапқа қолданған кезде артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Байқаусызда 12 г метронидазол қолданылғанда артық дозалануы мүмкін.

Ықтимал симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, ауыздың темір татуы, атаксия, бас ауыруы, бас айналуы, парестезиялар, құрысулар, лейкопения, несептің қараюы (метронидазолдың артық дозалануы түрткі болған), жүрек айнуы, құсу, анорексия, диарея (миконазол нитратының артық дозалануы түрткі болған).

Емі: симптоматикалық ем, байқаусызда ішке қабылданғанда – асқазанды шаю. Арнайы антидоты жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.

Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады

Шығарылу түрі

Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 7 суппозиторийден.

Пішінді ұяшықты 1 қаптама қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыМетромикон Форте суппозиторийлер қынаптық №7дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube