daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Мезим Форте №80 Таблеткалар | Берлин Хеми

Астане қаласындағы Мезим Форте №80 Таблеткалар | Берлин Хеми

Халықаралық атауы:

Жоқ

Өндіруші:

Берлин Хеми

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

- жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің өршу фазасындағы жедел ұстамалар. Алайда, диетаны кеңейту кезінде аурудың басылып келе жатқан фазасында - егер ас қорыту бұзылыстарының қалдықтық немесе сақталып қалған белгілері болса - препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған жөн. - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қаптамадағы саны:

80 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа, шошқа етіне (шошқа етіне аллергия), азорубин лагына (Е122) немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің өршу фазасындағы жедел ұстамалар. Алайда, диетаны кеңейту кезінде аурудың басылып келе жатқан фазасында - егер ас қорыту бұзылыстарының қалдықтық немесе сақталып қалған белгілері болса - препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған жөн.

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Өзара әрекеттесуі

Фолий қышқылы

Құрамында ұйқы безінен алынған ұнтақ бар дайын дәрілік заттарды қабылдағанда, фолий қышқылының сіңірілуі төмендеуі мүмкін, сондықтан фолий қышқылын қосымша қабылдау қажет болуы мүмкін.

Акарбоза, меглитол

Акарбоза және миглитол сияқты пероральді диабетке қарсы препараттардың әсері Мезим® форте препаратын қатар қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерді емдеуде Мезим® форте препаратын қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жүктілікке, эмбрионның/ұрықтың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға қатысты жануарларға жүргізілген эксперименттерде алынған деректер жеткіліксіз мөлшерде болады. Сондықтан адам үшін ықтимал қауіп белгісіз болып қалады. Сондықтан, егер Мезим® форте препаратын қабылдауда абсолютті қажеттілік болмаса, оны жүктілік және лактация кезінде қабылдауға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Мезим® форте препараты көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді немесе аздап әсер етеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бір тамақ қабылдауға ұсынылатын доза: тамақ қабылдаудың басында 1-2 таблетка.

Мезим® форте дозасы ас қорытылуының бұзылу дәрежесіне байланысты анықталады. Қолайлы доза әдетте жеке таңдалады.

Тағамның сипатына байланысты, сондай-ақ тамақтану кезінде ас қорытудың бар немесе күтілетін бұзылыстарының ауырлығын ескере отырып, препараттың 2-4 таблеткасы қосымша қабылданады.

Қажет болса, препараттың дозасы көрсетілгеннен едәуір асып кетуі мүмкін. Дозаны жоғарылату тек дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы және симптомдардың қарқындылығын төмендетуге бағытталуы керек (мысалы, стеаторея, асқазандағы ауырсыну).

Егер дозаны одан әрі арттыру қажет болса, құрамында белсенді зат, атап айтқанда панкреатин көп болатын басқа дәрілік формалар бар.

Енгізу әдісі мен жолы

Мезим® форте үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын шайнамай және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп тұтастай жұту керек.

Қолдану ұзақтығы

Мезим фортені қолдану ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және оны емдеуші дәрігер белгілейді.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозалану және уыттану симптомдары осы уақытқа дейін белгісіз және Мезим форте препаратының құрамын ескере отырып екіталай.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Шығарылу түрі

20 таблеткадан поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 немесе 4 пішінді қаптамадан (поливинилхлорид/ полиэтилен/поливинилиденхлорид үлбірден және алюминий фольгадан) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

10 таблеткадан полиамид/ алюминий/ поливинилхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 немесе 8 пішінді қаптамадан (полиамид/ алюминий/ поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Жарықтың әсерінен қорғалған жағдайда бүктемелі қорапшада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыМезим форте №80 таблеткалардәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube