daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Микардис Плюс 80 Мг/12,5 Мг Таблетка №28 | Берингер Ингельхайм Эллас А.Е.

Сипаттама:

Ұзынша пішінді, ақ-қызыл түсті, екі беті дөңес, екі қабатты, ақ қабатында қызыл түсті дақтары болуы мүмкін, таблеткалардың ақ бетінде «Н8» және компанияның логотипі бастырылған таблеткалар.

Өндіруші:

Берингер Ингельхайм Эллас А.Е.

Өндіруші ел:

Греция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий гидроксиді, поливидон К 25 (повидон), меглумин, сорбитол, магний стеараты, Гидрохлоротиазид қабаты: қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е172), натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ұзынша пішінді, ақ-қызыл түсті, екі беті дөңес, екі қабатты, ақ қабатында қызыл түсті дақтары болуы мүмкін, таблеткалардың ақ бетінде «Н8» және компанияның логотипі бастырылған таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

80/12,5 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 80 мг/12,5 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін (монотерапия түріндегі телмисартан тиімсіз болған жағдайда)

Қарсы көрсеткіштер

Микардис® Плюс препаратын келесі жағдайларда қабылдамаңыз:

телмисартанға немесе кез-келген қосымша заттарға («Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде тізілген) аллергия болғанда;

гидрохлоротиазидке немесе сульфомочевинаның басқа туындыларына аллергия болғанда;

егер сіз 3 айдан артық жүкті болсаңыз. Жүктіліктің ерте кезеңдерінде Микардис® Плюс препаратын қабылдаудан бас тарту керек;

егер сізде холестаз немесе өт жолдарының бітелуі (бауырдан және өт қабынан өт ағуына қатысты проблема) сияқты бауырдың күрделі проблемалары немесе бауырдың өзге де басқа күрделі ауруы болса;

егер сізде бүйректің күрделі аурулары болса; 

егер дәрігер қандағы калий деңгейі төмен немесе кальций деңгейі жоғары деп анықтаса және бұл жағдай емдегенде жақсармаса;

егер сізде диабет болса немесе бүйрек функциясы бұзылса және сізге құрамында алискирен бар гипотензиялық препараттармен ем тағайындалса.

Егер сізде жоғарыда аталғандардың бірі байқалса, Микардис® Плюс қабылдамас бұрын дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер сіз қазіргі уақытта төмендегі аурулармен ауырып жүрсеңіз немесе бұрын соңды ауырған болсаңыз немесе солардан зардап шексеңіз Микардис® Плюс препаратын қабылдаудан бұрын дәрігермен сөйлесіңіз:

диуретиктермен емдегенде сусызданудан (организмнің артық су жоғалтуы) немесе организмде тұз тапшылығынан (несеп шығуын күшейтетін таблеткалармен), тұз мөлшері төмен диетадан, диареядан, құсудан немесе гемодиализден туындауы мүмкін төмен артериялық қысым (гипотензия);

бүйрек ауруы немесе бүйректі ауыстырып салу;

бүйрек артериясының стенозы (бір немесе екі бүйрекке апаратын қан тамырларының тарылуы);

бауыр ауруы.

жүрекке байланысты проблемалар;

диабет;

подагра;

альдостерон деңгейінің жоғарылауы (қанның тұзды құрамы бір уақытта бұзылғанда организмде су мен тұз кідіруі);

жүйелі қызыл жегі («қызыл жегі» немесе «ЖҚЖ» деп те аталатын), бұл ретте иммундық жүйе аурулары өз организміне шабуыл жасайды;

әсер етуші зат гидрохлоротиазид нашар көруге және көздің ауыруына ерекше реакция туындатуы мүмкін. Бұл көздің тамырлы қабатында сұйықтық жиналуының (хориоидальды жалқаяқ) немесе көз қысымның жоғарылау белгілері болуы мүмкін; симптомдар Микардис® Плюс препаратын қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан немесе аптадан соң дамуы мүмкін. Ем болмаған кезде бұл жағдай тұрақты көрмей қалуға әкелуі мүмкін;

егер сізде терінің қатерлі ісігі болса немесе емдеу кезінде теріңізде ерекше зақым болса. Гидрохлоротиазидпен емдеу, атап айтқанда ұзақ мерзімді және жоғары дозаларда, тері (меланомалы емес тері ісігі) және еріннің қатерлі ісігінің жекелеген түрлерін дамыту қаупін арттыруы мүмкін. Микардис® Плюс қабылдау кезінде теріңізді ультракүлгін сәулелерден және күн сәулесінен қорғаңыз.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Егде жастағы пациенттер

Дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Микардис® Плюс бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Тиазидтер бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Педиатрияда қолдану

Микардис® Плюс препаратын балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге тағайындамаған жөн.

Жүктілік немесе бала емізу кезінде

Сіз өзіңізді жүктімін (немесе жүктілікті жоспарласаңыз) деп санасаңыз, оны дәрігерге хабарлауыңыз тиіс. Дәрігер сізге жүктілікке дейін немесе жүкті екеніңізді білген сәттен бастап Микардис® Плюс препаратын қабылдауды тоқтатуды ұсынады және басқа препарат қабылдауға кеңес береді. Микардис® Плюс препаратын жүктілік кезінде қабылдамауға кенес беріледі және жүктілік мерзімі 3 айдан жоғары болса қабылдамау керек, өйткені ол осы мерзімнен кейін қабылданса, сіздің болашақ балаңызға күрделі зиян келтіруі мүмкін.

Бала емізетініңізді немесе бала емізу жоспарыңызда бар болса, дәрігерге хабарлаңыз. Микардис® Плюс препараты бала емізетін әйелерге ұсынылмайды және егер сіз бала емізуді қаласаңыз, дәрігеріңіз емдеудің басқа тәсілін таңдай алады.

Микардис® Плюс препаратын тағаммен және алкогольмен қабылдау

Микардис® Плюс препаратын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.

Дәрігерден кеңес алмағанша алкоголь тұтынудан аулақ болыңыз. Алкоголь сіздің қан қысымыңыздың төмендеуіне және (немесе) бас айналу немесе естен тану қаупіне көп әкелуі мүмкін.

Лактоза

Препараттың әр таблеткасының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.

Сорбитол

Әр таблетка құрамында 338 мг сорбитол бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.

Натрий

Әр таблетка құрамында 1 ммоль (23 мг) кем натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік болып саналады.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кейбір адамдар Микардис® Плюс препаратын қабылдағанда бас айналуды сезінеді. Егер сіздің басыңыз айналса немесе шаршасаңыз, рөлге отырмаңыз және техниканы басқармаңыз.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Бұл препаратты үнемі емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күдік туындаған кезде дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Ұсынылған доза — тәулігіне бір таблетка. Дәріні тәуліктің бір уақытында ғана қабылдауға тырысыңыз.

Егер сіздің бауырыңызда кінәрат бар болса, әдеттегі доза тәулігіне 40 мг / 12,5 мг аспауы тиіс.

Микардис® Плюс препаратын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблетканы тұтастай, сумен немесе алкогольдік емес сусынмен жұту керек.

Емдеу ұзақтығы

Микардис® Плюс препаратын дәрігер мұны жасауды тоқтатуды айтпағанша күнделікті қабылдаған маңызды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Егер сіз кездейсоқ тым көп таблетка қабылдап қойсаңыз, сізде төмен артериялық қысым және жиі жүрек соғуы сияқты симптомдар байқалуы мүмкін. Сондай-ақ баяу жүрек соғуы, бас айналуы, құсу, бүйрек функциясының төмендеуі (бүйрек жеткіліксіздігіне дейін) байқалды. Препараттың құрамында гидрохлоротиазидтің болуына байланысты артериялық қысымның қатты түсуі және қандағы калий деңгейінің төмендеуі байқалуы мүмкін, бұл жүректің айнуына, ұйқышылдыққа және бұлшықет түйілуіне, сондай-ақ жүйесіз жүрек ырғағына (әдетте дигиталис немесе аритмияға қарсы емдеудің кейбір басқа түрлері сияқты препараттарды бір мезгілде қабылдаумен астасады) әкелуі мүмкін. Дәрігерге, фармацевтке (дәріхана қызметкеріне) қаралыңыз немесе дереу жақын жедел жәрдем бөлімшесіне барыңыз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Егер сіз Микардис® Плюс препаратын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, ештеңе етпейді. Есіңізге түсе салғанда препаратты қабылдаңыз да, әдеттегі қабылдауды жалғастырыңыз. Егер күндердің бірінде таблетка қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесі күнге әдеттегі дозаны қабылдай беріңіз.

Жіберіп алған дозаны ескеріп, препараттың қосарлы дозасын қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Басқа барлық дәрілік заттар сияқты бұл препарат әрбір пациентте дамымауы мүмкін жағымсыз әсерлер туындатуы мүмкін.

Кейбір жағымсыз әсерлер күрделі болуы және дереу дәрігерге қаралуды талап етеді.

Егер сізде мына симптомдардың қандай да бірі болса дереу дәрігерге қаралыңыз:

Сепсис* (жиі «қанға жұғуы» деп аталады) — бұл бүкіл организм тарапынан жалпы иммундық жауабы бар ауыр инфекция; егер сізде тері мен шырыш ісінуі (тамыр ісінуі деп аталатын) жылдам дамыса, теріңіз бөртіп кетсе және ол қабыршықтанса (уытты эпидермальді некролиз); бұл жағымсыз құбылыстар өте сирек (олармен 1000 адамның 1-і ұшырасады) немесе туындау жиілігі белгісіз (уытты эпидермальді некроз), бірақ олар өте ауыр және пациенттер препарат қабылдауды дереу тоқтатуы және емдеуші дәрігерге қаралуы тиіс. Егер бұл көріністерді емдемесе өлімге ұшырауы ықтимал. Сепсистің жоғры жиілігі телмисартан қабылдағанда ғана кездесті, алайда мұндай әсерлі Микардис® Плюс препаратын қабылдағанда да жоққа шығаруға болмайды.

Жағымсыз құбылыстар келесі жіктемені пайдалану арқылы төменде келтірілген: жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<10000).

Микардис® Плюс препаратының ықтимал жағымсыз реакциялары

Жиі

- бас айналуы

Жиі емес

- қандағы калий деңгейінің төмендеуі, қорқыныштан естен тану, терідегі шаншу сезімі (парестезия), айналу сезімі (вертиго), жүректің қатты соғуы (тахикардия), жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, орнынан тұру кезінде артериялық қысымның кенеттен төмендеуі, ентігу (ауа жетіспеушілігі), диарея, ауыздың құрғауы, метеоризм, арқаның ауыруы, бұлшықет түйілуі, бұлшықет ауыруы, эректильді дисфункция (эрекцияға жетуге немесе оны сақтауға қабілетсіздік), кеуденің ауыруы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы.

Сирек

- өкпенің қабынуы (бронхит), жүйелі қызыл жегі көріністерінің асқынуы немесе белсенділенуі (иммундық жүйе өз организміне шабуыл жасап, буындардың ауырсынуын, терідегі бөртпелерді және қызбаны тудыратын ауру), тамақтың ауыруы, мұрын қуыстарының қабынуы, қайғыру сезімі (депрессия), ұйықтаумен байланысты қиындықтар (ұйқысыздық), көрудің нашарлауы, тыныс алудың қиындауы, іштің ауыруы, іштің қатуы, іштің кебуі (диспепсия), жүрек айнуы (құсу), асқазанның қабынуы (гастрит), бауыр жұмысындағы ауытқулар (Жапониядағы пациенттер осындай жағымсыз әсерлерге бейімділігі жиілеу), терінің қызаруы (эритема), қышу немесе бөртпе сияқты аллергиялық реакциялар, көп тер бөлінуі, күлдіреуіктер (есекжем), буын ауыруы (артралгия) және аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет түйілуі, тұмауға ұқсас аурулар, ауыру, натрий деңгейінің төмендігі, креатининнің, бауыр ферменттерінің немесе қандағы креатинфосфокиназаның жоғары деңгейі.

Жекелеген компоненттердің бірін қабылдаған кезде тіркелетін жағымсыз реакциялар Микардис® Плюс препаратын қабылдаған кезде, тіпті олар осы дәріні клиникалық зерттеу барысында байқалмаса да, әлеуетті жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.

Телмисартан

Тек телмисартан қабылдаған пациенттерде келесі қосымша жағымсыз реакциялар байқалды:

Жиі емес

- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (мысалы, тамақтың ауыруы, мұрын қойнауларының қабынуы, әдеттегі суық тию), несеп шығару жолдарының инфекциялары, қызыл қанды денелердің жеткіліксіздігі (анемия), калийдің жоғары деңгейі, жүрек ырғағының баяулауы (брадикардия), жөтел, жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек жұмысының бұзылуы, әлсіздік.

Сирек

- тромбоциттердің аз мөлшері (тромбоцитопения), кейбір ақ қан денелері санының өсуі (эозинофилия), күрделі аллергиялық реакциялар (мысалы, аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар, дәрілік бөртпелер), қандағы қант деңгейінің төмендігі (диабеті бар пациенттерде), ұйқышылдық, асқазанның бұзылуы, экзема (тері ауруы), артроз, сіңірдің қабынуы, гемоглобин деңгейінің төмендігі (қан ақуызы).

Өте сирек

- өкпеде тыртық тіндердің өршімелі түзілуі (өкпенің интерстициальді ауруы) **.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Шығарылу түрі

7 таблеткадан баспалы лакталған - күңгірт алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыМикардис Плюс 80 мг/12,5 мг таблетка №28дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube