daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Непафлам Көз Тамшылары 0,1% 5 Мл | Аджанта Фарма Лимитед

Астане қаласындағы Непафлам Көз Тамшылары 0,1% 5 Мл | Аджанта Фарма Лимитед
Сипаттама:

Ашық сарыдан қызғылт сары түске дейінгі сулы суспензия.

Өндіруші:

Аджанта Фарма Лимитед

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бензалконий хлориді, тилоксапол, карбомер гомополимері В типі, маннитол, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ашық сарыдан қызғылт сары түске дейінгі сулы суспензия.

Белсенді заттың дозасы:

0,1%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл препарат құрамында

белсенді зат: 1.000 мг непафенак (микрондалған)

қосымша заттар: бензалконий хлориді, тилоксапол, карбомер гомополимері В типі, маннитол, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ашық сарыдан қызғылт сары түске дейінгі сулы суспензия.

Қолдану көрсеткіштері

- катаракта алып тасталатын хирургиялық операциямен байланысты қабынулар мен операциядан кейінгі ауырсыну профилактикасы және емдеу

- диабеттік пациенттерде катаракта хирургиясымен байланысты операциядан кейінгі макулалық ісіну қаупін төмендету

Қарсы көрсеткіштер

препарат компоненттерінің кез келгеніне немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық;

ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСД қабылдаудан болған демікпе ұстамалары, есекжем немесе жедел ринит;

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Операциядан кейінгі ауырсыну мен қабыну профилактикасы және оны емдеу үшін катаракта алып тасталатын операциядан 1 күн бұрын препараттың 1 тамшысын зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивалық қалтасына күніне 3 рет тамызып, осы режим операция жасалған күні және операциядан кейінгі кезеңнің алғашқы 2 аптасында жалғастырылады. Емдеуді дәрігер нұсқауы бойынша операциядан кейінгі кезеңнің 3 аптасына дейін ұзартуға болады. Операциядан 30-120 минут бұрын қосымша тамшы тамызу қажет.

Диабеттік пациенттерде катаракта хирургиясымен байланысты операциядан кейінгі макулалық ісіну қаупін төмендету үшін катаракта алып тасталатын операциядан 1 күн бұрын бастап, операциядан кейінгі кезеңде 60 күнге дейін 1 тамшы препараттан зақымданған көздің (екі көздің) конъюнктивалық қалтасына күніне 3 рет тамызады. Операциядан 30-120 минут бұрын қосымша тамшыны тамызу қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Непафлам препаратының әсері бауыр аурулары немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде зерттелмеген. Непафенак негізінен биотрансформация арқылы шығарылады, ал жергілікті офтальмологиялық енгізуден кейін жүйелі әсері өте төмен.

Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейінгі жүйелі сіңуі тым аз екенін ескерсек, бауыр және бүйрек аурулары немесе функцияларының бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Енгізу әдісі мен жолы

Офтальмологиялық қолдануға арналған.

Препаратты қолданар алдында құтыны сілку керек.

Жергілікті офтальмологиялық дәрілік затты біреуден көп қолданғанда препараттарды қолдану арасындағы үзіліс 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Құтының ішіндегісін және тамшылатқыш ұшының ластануын болдырмау үшін құты тамшылатқышының ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізіп алуға болмайды.

Қолданудан кейін құты қақпағын тығыздап жабуға кеңес беріледі.

Егер дозасын өткізіп алса, препараттың 1 тамшысын қалыпты дозалау режиміне оралудан бұрын, мүмкіндігінше, тезірек тамызу керек. Өткізіп алған бір дозаның орнына қосарлы дозасын тамызуға болмайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеуші дәрігер белгілейді.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде препаратпен артық дозалану туралы қолжетімді деректер анықталмады. Бір көзге бір тамшыдан көп қолданудың қолайсыз жанама әсерлерге әкелу ықтималдығы аз. Препаратты кездейсоқ жұтып қою салдарынан жағымсыз әсерлердің даму қаупі іс жүзінде болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін емдеуші дәрігерден кеңес алу қажет.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болған жағдайда)

Төменде берілген жағымсыз реакциялар жағымсыз реакциялардың кездесу жиілігінің келесі бөлінісіне сәйкес жіктелген: өте жиі (≥1/10), жиі ( ≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1 000-нан <1/100 дейін), сирек ( ≥1/10 000-нан <1/1 000 дейін), өте сирек (<1/10 000) немесе жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес). Жағымсыз реакциялар кездесу жиілігінің әр тобында күрделілігінің кему ретімен тізбеленген. Жағымсыз реакциялар туралы деректер клиникалық зерттеулер және препаратты тіркеуден кейінгі қолдану барысында алынды.

Жиі емес:

- кератит

- нүктелік кератит

- мөлдір қабық эпителийінің бұзылуы

- көзде бөгде денені сезіну

- қабақ жиектерінің қабыршақтануы

Сирек:

- аса жоғары сезімталдық

- бас айналу

- бас ауыру

- ирит

- хориоидальді эффузия

- мөлдір қабықтағы шөгінділер

- көздің ауыруы

- көздің жайсыздануы

- көздің құрғап кету синдромы

- блефарит

- көздің тітіркенуі

- көздің қышынуы

- көзден бөліністер

- аллергиялық конъюнктивит

- көз жасының көп ағуы

- конъюнктива гиперемиясы

- жүрек айну, жайылған эластолиз (дерматохалазия)

- аллергиялық дерматит

Жиілігі белгісіз:

- мөлдір қабық тесілуі

- нашар жазылу (мөлдір қабық)

- мөлдір қабық бұлыңғырлануы

- мөлдір қабық тыртығы

- көру өткірлігінің төмендеуі

- көздің ісінуі

- ойық жаралы кератит

- мөлдір қабық жұқаруы

- анық көрмеу

- қан қысымының көтерілуі

Шығарылу түрі

5 мл препараттан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған мөлдір шүмекті (дозалау тығыны) қақпағы бар сыйымдылығы 5 мл тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған мөлдір емес құтыға құйылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Құты ашылғаннан кейін, қолдану мерзімі 4 аптадан аспауы керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыНепафлам көз тамшылары 0,1% 5 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube