daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Niperten Таблеткалары 2,5 Мг №30 | КРКА-РУС

Астане қаласындағы Niperten Таблеткалары 2,5 Мг №30 | КРКА-РУС

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы және екінші жақ беті тегіс, сопақша таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Бисопролол

Өндіруші:

КРКА-РУС

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, повидон К30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты үлбірлі қабығы: гипромеллоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), тальк

Белсенді заттың дозасы:

2,5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

сол жақ қарыншаның систолалық функциясының төмендеуімен жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштеріне (АӨФт) және диуретиктерге, және, опциональді, жүрек гликозидтеріне қосымша ретінде

Қарсы көрсеткіштер

бисопрололға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап келтірілген, препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

кардиогендік шок

жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе венаішілік инотроптық ем жүргізуді қажет ететін, декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі

атриовентрикулярлық (AV) блокаданың II – III дәрежесі

cиноатриальді блокада

синустық түйін әлсіздігі синдромы

симптоматикалық брадикардия

симптоматикалық гипотензия (систолалық артериялық қысым <100 мм сын. бағ.)

бронх демікпесінің ауыр түрлері

шеткері қанайналым бұзылуының ауыр түрлері

Рейно ауруы

емделмеген феохромоцитома

метаболизмдік ацидоз

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Келесі препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Верапамил типті және, азғантай дәрежеде, дилтиазем типті кальций антагонистері: жиырылғыштыққа және атриовентрикулярлық өткізгіштікке жағымсыз ықпал етеді. Верапамилді вена ішіне енгізу β-блокаторларды қабылдап жүрген пациенттерде ауыр гипотензияға және, атриовентрикулярлық блокадаға алып келуі мүмкін.

Аритмияға қарсы 1 класты дәрілер (мысалы: хинидин, дизопирамид; лидокаин, фенитоин; флекаинид, пропафенон): атриовентрикулярлық өткізгіштік уақытына, сондай-ақ, теріс инотроптық әсерінің артуына ықпалын күшейтуі мүмкін.

Клонидин және басқалар (метилдофа, моксонидин, резерпин) сияқты гипотензиялық орталықтық әсері бар дәрілер: гипотензиялық орталықтық әсері бар дәрілерді бисопрололмен бір мезгілде қолдану орталық симпатикалық тонусты төмендету жолымен жүрек жеткіліксіздігін күшейтуі (жүректің жиырылу жиілігін және жүректегі қан ағынының көлемдік жылдамдығын төмендетуі, қантамырларды кеңейтуі) мүмкін. Күрт тоқтату, әсіресе, бета-блокаторларды тоқтатқанға дейін, «рикошеттік артериялық гипертензия» қаупін арттыруы мүмкін.

Сақтықпен қолданылуы керек біріктірілімдер  

Нифедипин, фелодипин және амлодипин сияқты дигидропиридин типті кальций антагонистері: бір мезгілде қолдану артериялық гипертензия қаупін арттырады, жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарыншалардың сорғы функциясының ары қарай төмендеуі қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Аритмияға қарсы III класты препараттар (мысалы, амиодарон): атриовентрикулярлық өткізгіштік уақытына ықпалын күшейтуі мүмкін.

Жергілікті әсер ететін бета-блокаторлар (мысалы, глаукоманы емдеуге арналған, көзге тамызатын дәрі): бисопрололдың жүйелі әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Парасимпатомиметикалық препараттар: бір мезгілде қолдану атриовентрикулярлық өткізгіштік уақытын және брадикардияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Инсулин және диабетке қарсы пероральді дәрілік заттар: қантты төмендететін әсері күшейеді. Бета-адренорецепторлардың блокадасы гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Анестетиктер: рефлекторлық тахикардия азаяды және артериялық гипотензияның даму қаупін жоғарылайды.

Жүрек гликозидтері: жүректің жиырылу жиілігі төмендейді, атриовентрикулярлық өткізгіштік уақыты ұзарады.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): ҚҚСП бисопрололдың гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.

β-симпатомиметиктер (мысалы, изопреналин, добутамин): бисопрололмен біріктірілімі екі препараттың да әсерін төмендетуі мүмкін.

β- және α-адренорецепторларды белсендіретін симпатомиметиктер (мысалы, норэпинефрин, эпинефрин): аталған препараттардың α-адренорецепторлар түрткі болған вазоконстрикторлық әсерлерін күшейтіп, артериялық қысымның жоғарылауына және мезгіл-мезгіл ақсаңдаудың өршуіне алып келуі мүмкін. Мұндай өзара әрекеттесулердің ықтималдығы селективті емес бета-блокаторларды қолданғанда көбірек.

Трициклдық антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазиндер және басқа гипотензиялық препараттар: гипертензияға қарсы әсері күшейеді.

Қолдану кезінде назарға алу керек біріктірілімдер

Мефлохин: брадикардияның даму қаупін арттырады.

Моноаминоксидаза тежегіштері (MAO-B тежегіштерін қоспағанда): бета-блокаторлардың гипотензиялық әсерін, сондай-ақ гипертониялық криз қаупін күшейтеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер: емдеу біртіндеп, азғантай дозаларынан басталып, содан соң арттырылуы тиіс. Барлық жағдайларда дозасы әр адамға жекелей, тамыр соғысының жиілігі мен емдік әсерін ескере отырып таңдалуы тиіс. Әдеттегі дозасы тәулігіне ұсынылған ең жоғары 20 мг дозасымен бірге тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Кейбір пациенттерге тәулігіне 5 мг дозасы жеткілікті болуы мүмкін.

Барлық жағдайларда доза импульстің жиілігін және емдік әсерін ескере отырып, әр адамға жеке таңдалуы керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы шектеусіз және аурудың ағымы мен ауырлығына тәуелді.

Нипертен® препаратымен емдеуді, әсіресе, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде күрт тоқтатпаған жөн, өйткені ол пациенттің денсаулық жағдайының жедел нашарлауына алып келуі мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозасы біртіндеп (мысалы, дозасын аптасына бір рет екі есеге азайта отырып) төмендетілуі тиіс.

Жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігі  

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің стандартты емі АӨФ тежегішін (немесе АӨФ тежегіштері жақпаушылығының жағдайында ангиотензин рецепторларының блокаторын), бета-блокаторды, диуретиктерді және тиісінше жағдайларда жүрек гликозидтерін қамтиды. Бисопрололмен емдеудің бас кезінде пациенттердің жағдайы тұрақты (жүректің жедел жеткіліксіздігінсіз) болуы тиіс.

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде емдеуші дәрігердің белгілі бір тәжірибесінің болуы ұсынылады.

Дозасын таңдау кезеңінде және одан кейін жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия немесе брадикардия көріністерінің уақытша күшеюі орын алуы мүмкін.

Титрлеу фазасы

Жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін бисопрололмен емдеу титрлеу фазасын қажет етеді. Бисопрололмен емдеуді организмнің жекелей реакциясына байланысты, дозасын біртіндеп арттыра отырып бастаған жөн:

1 апта бойы тәулігіне бір рет 1,25 мг, егер жағымдылығы жақсы болса, оны келесі апта ішінде тәулігіне бір рет 2,5 мг-ге дейін арттыру керек, егер жағымдылығы жақсы болса, келесі апта ішінде тәулігіне бір рет 3,75 мг-ге дейін арттыру керек, егер жағымдылығы жақсы болса, кейінгі 4 апта ішінде тәулігіне бір рет 5 мг-ге дейін арттыру керек, егер жағымдылығы жақсы болса, кейінгі 4 апта ішінде тәулігіне бір рет 7,5 мг-ге дейін арттыру керек, егер жағымдылығы жақсы болса, демеуші ем кезінде тәулігіне бір рет 10 мг-ге дейін арттыру керек.

Ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды.

Титрлеу фазасы кезінде маңызды тіршілік көрсеткіштеріне (жүректің жиырылу жиілігі, артериялық қысым) және жүрек жеткіліксіздігі симптомдарына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Симптомдары емдеуді бастағаннан кейін алғашқы апта ішінде-ақ көрініс беру мүмкін.

Емдеу сызбасының өзгеруі 

Егер ұсынылған ең жоғары дозасының жағымдылығы нашар болса, дозасын біртіндеп төмендетуді қолдануға болады.

Жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия немесе брадикардия уақытша күшейген жағдайда, қатарлас препараттың дозасын қайта қарау ұсынылады. Сонымен қатар, бисопрололдың дозасын уақытша азайту немесе қабылдауды тоқтата тұру қажет болуы мүмкін. Пациент тұрақты жағдайға қайтадан жеткен кезде бисопрололмен емдеуді қайтадан бастауға және/немесе дозасын арттыруға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Бисопрололдың балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылу тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты балаларда қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Әдетте дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер

Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылуының жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттер үшін, әдетте, дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек функциясы бұзылуының ауыр сатысы (креатинин клиренсі <20 мл/мин) пациенттер және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы тәулігіне бір рет 10 мг бисопрололды құрайды. Төменірек дозаларын қолдану керек. Бисопрололды диализ жүргізілетін пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі, ол дозалау режимін түзету қажеттілігін көрсетпейді.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Нипертен® препаратын таңертең, таңғы асқа дейін, ас ішу кезінде немесе ішкеннен кейін қабылдау керек.

Таблеткаларды шайнамай, сұйықтықтың қажетті мөлшерімен ішіп жұтқан жөн.

Қабылдау уақытын көрсете отырып, қолдану жиілігі

Жүректің созылмалы тұрақты жеткіліксіздігін бисопрололмен емдеу титрлеу фазасын қажет етеді. Бисопрололмен емдеуді біртіндеп, дозасын организмнің жеке реакциясына байланысты арттыра отырып бастау керек.

Емдеу ұзақтығы

Бисопрололмен емдеу, әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдары: артық дозаланған (мысалы, 7,5 мг орнына тәуліктік 15 мг дозасында) жағдайда үшінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, брадикардия және бас айналуы байқалған. Әдетте, бета-блокаторлармен артық дозаланған кезде күтілетін, анағұрлым жиі кездескен көріністер брадикардия, артериялық гипотензия, бронх түйілуі, жүректің жедел жеткіліксіздігі және гипогликемия болып табылады. Бүгінгі күні артериялық гипертензиядан және/немесе брадикардия және/немесе гипотензия белгілерімен жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегіп жүрген пациенттерде бисопрололмен артық дозаланудың бірнеше жағдайы белгілі (ең жоғарғы дозасы: 2000 мг); пациенттердің барлығы сауыққан. Бисопрололдың бір реттік жоғары дозасына сезімталдықта ауқымды жекелей айырмашылықтар бар, сонымен қатар, жүрек жеткіліксіздігімен пациенттерде сезімталдық жоғары болуы анағұрлым ықтималырақ. Сондықтан, аталған пациенттерді емдеуді міндетті түрде, дозасын «Дозалау режимі» бөлімінде берілген кестеге сәйкес біртіндеп арттырудан бастау керек.

Емі: артық дозаланған жағдайда бисопрололмен емдеуді тоқтату және демеуші және симптомдық ем жүргізу керек. Бисопрололдың іс жүзінде диализдің көмегімен шығарылмайтындығын көрсететін деректер шектеулі. Болжамды фармакологиялық әсеріне және басқа бета-блокаторлар үшін ұсынымдарға байланысты, сәйкесінше клиникалық көрсетілімдері кезінде келесі жалпы шараларды қарастыру қажет.

Брадикардия кезінде: атропинді вена ішіне енгізу. Егер емге реакция жеткіліксіз болса, орципреналинді немесе оң хронотроптық қасиеттері бар басқа препаратты сақтықпен енгізуге болады. Кей жағдайларда трансвеноздық кардиостимулятор имплантациясы қажет болуы мүмкін.

Артериялық гипотензия кезінде: ерітінділер мен тамырды тарылтатын препараттарды вена ішіне енгізуді қолдану керек. Глюкагонды вена ішіне енгізу тиімді болуы мүмкін.

Атриовентрикулярлық блокада кезінде (екінші немесе үшінші дәрежелі): пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау және изопреналин инфузиясын немесе кардиостимуляторды трансвеноздық орнатуды қолдану керек.

Жүрек жеткіліксіздігі өршіген кезде: диуретиктерді, инотроптық препараттарды, вазодилататорларды вена ішіне енгізу.

Бронх түйілуі кезінде: изопреналин, бета2-симпатомиметиктер және/немесе аминофиллин сияқты бронхдилататорлармен емдеу.

Гипогликемия кезінде: глюкозаны вена ішіне енгізу.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Егер емдеуді тоқтата тұру керек болса, дозасын біртіндеп (мысалы, дозасын аптасына бір рет екі есеге азайта отырып) төмендету ұсынылады.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі туралы нұсқау

Бисопрололмен емдеуді күрт тоқтатпаған жөн, өйткені бұл пациенттің жай-күйінің жедел нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Емдеуді, әсіресе, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде бірден тоқтатпаған жөн.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «Niperten таблеткалары 2,5 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

0200400600800100012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-09
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыNiperten таблеткалары 2,5 мг №30дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
935

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 160

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1095

935

160

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАстана қаласындағы «Niperten таблеткалары 2,5 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube