Қолдану көрсеткіштері
НовоМикс® 30 ФлексПен® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 10 жастан асқан балаларда қант диабетін емдеуге арналған.
НовоМикс® 30 ФлексПен® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 10 жастан асқан балаларда қант диабетін емдеуге арналған.
инсулин аспартқа немесе препараттың кез келген компонентіне жеке жоғары сезімталдық
гипогликемия
10 жасқа дейінгі балалар.
НовоМикс® 30 ФлексПен® мынандай жағдайда қолданбаңыз
Аспарт инсулиніне немесе НовоМикс® 30 ФлексПен® кез келген компонентіне аллергия (аса жоғары сезімталдық) жағдайында (Қосымша ақпарат бөлімін қараңыз).
Егер гипогликемия басталды деп ойласаңыз (қандағы қанттың төмен деңгейі) (Қолдану жөніндегі нұсқаулар бөлімін қараңыз).
Инсулинге арналған инфузиялық помпаларда.
Егер НовоМикс® 30 ФлексПен® түсіріп алсаңыз, зақымдап алсаңыз немесе езіп алсаңыз.
Егер препаратты сақтау шарттары бұзылған болса немесе ол мұздатылған болса (Сақтау шарттары бөлімін қар.).
Егер қайта суспензияланған инсулин біртекті ақ және бұлдыр сұйықтыққа ұқсамайтын болса.
Егер қайта суспензиялаудан (шайқаудан) кейін заттың кесектері болса немесе қатты ақ бөлшектер картридждің түбінде немесе қабырғаларында болса.
НовоМикс® 30 ФлексПен® пайдалануға дайындық
Инсулиннің дұрыс түрін таңдағаныңызға көз жеткізу үшін заттаңбаны тексеріңіз.
Жұқтыруды алдын алу үшін әр инъекция үшін әрқашан жаңа инені пайдаланыңыз.
Инелер мен НовоМикс® 30 ФлексПен® тек жеке пайдалануға арналған.
НовоМикс® 30 ФлексПен® пайдаланғанда мынандай жағдайда әсіресе сақ болыңыз:
Егер бүйрек, бауыр, бүйрек үсті, гипофиз немесе қалқанша без аурулары бар болса
Егер физикалық жүктемені арттырған болсаңыз немесе қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін қалыпты диетаны және тамақтану режимін өзгерткіңіз келсе.
Егер ауырсаңыз, инсулинді енгізуді жалғастырыңыз және емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер шетелге бара жатсаңыз: сағат белдеулерінің өзгеруі инсулинге және инъекцияны енгізу уақытына әсер етуі мүмкін. Егер осындай сапарды жоспарласаңыз, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Кейбір дәрілік заттардың әсері қандағы қант деңгейінің өзгеруіне әкеледі, бұл инсулин дозасына әсер етуі мүмкін. Егер НовоМикс® 30 ФлексПен® басқа қандай да бір дәрілік заттарды, оның ішінде рецептсіз босатылатын препараттарды қабылдасаңыз немесе жақында қабылдасаңыз, емдеуші дәрігерге, мейірбикеге немесе фармацевтке хабарлауыңыз керек. Төменде инсулинді қолдануға әсер етуі мүмкін ең кеңінен таралған препараттар көрсетілген.
Егер келесі қандай да бір дәрілік заттарды қабылдасаңыз, қандағы қант деңгейі төмендеуі мүмкін (гипогликемия):
Диабетті емдеуге арналған басқа да дәрілік заттар
Моноаминооксидаза (МАОТ) тежегіштері (депрессияны емдеу үшін қолданылады)
Бета-блокаторлар (жоғары артериялық қысымды емдеу үшін қолданылады)
Ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ) (жүректің белгілі бір ауруларын немесе жоғары артериялық қысымды емдеу үшін қолданылады)
Салицилаттар (ауырсынуды жеңілдету және температураны төмендету үшін қолданылады)
Анаболикалық стероидтар (мысалы, тестостерон)
Сульфонамидтер (инфекцияларды емдеу үшін қолданылады).
Егер келесі қандай да бір дәрілік заттарды қабылдасаңыз, қандағы қант деңгейі жоғарлауы мүмкін (гипергликемия):
Оральді контрацептивтер (ұрықтануға қарсы таблеткалар)
Тиазидті диуретиктер (жоғары артериялық қысымды немесе ағзадағы сұйықтықтың шамадан тыс кідіруін емдеу үшін қолданылады)
Глюкокортикостероидтар (мысалы, қабынуды емдеу үшін пайдаланылатын кортизон)
Тиреоидты гормондар (қалқанша без қызметінің бұзылуын емдеу үшін қолданылады)
Симпатомиметиктер (мысалы, эпинефрин[адреналин] немесе демікпені емдеу үшін пайдаланылатын сальбутамол, тербуталин)
Өсу гормоны (ағзадағы метаболизмдік процестерге айқын әсер ететін қаңқалық және соматикалық өсуді ынталандыруға арналған препараттар)
Даназол (овуляцияға әсер ететін препарат).
Октреотид және ланреотид (әдетте гипофизбен өсу гормонының артық өндірілуімен байланысты орта жастағы ересек пациенттерде пайда болатын сирек кездесетін гормоналды бұзылуды - акромегалияны емдеу үшін қолданылады) қандағы қант деңгейін жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін
Бета-блокаторлар (жоғары артериялық қысымды емдеу үшін қолданылады) гипогликемияны тануға көмектесетін алғашқы симптомдарды әлсіретуі немесе толықтай басуы мүмкін.
Тиазолидиндиондар (2 типті қант диабетін емдеу үшін пайдаланылатын пероральді антидиабеттік дәрілердің класы)
2 типті ұзаққа созылған қант диабеті және жүрек аурулары бар немесе анамнезінде инсульт болған, инсулинмен бірге тиазолидиндерді қабылдайтын кейбір пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Егер ентігу, дене салмағының күрт өсуі немесе жергілікті ісінушілік (ісіну) сияқты жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалса, емдеуші дәрігермен дереу хабарласыңыз.
НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратын алкогольмен қолдану
Алкогольді қолданған кезде инсулинге қажеттілік өзгеруі мүмкін, өйткені қандағы қант деңгейі жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Қант деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратын пиоглитазонмен біріктіріп қолдану
Пациенттерді инсулин препараттарымен біріктіріп, әсіресе мұндай емделушілерде іркілген жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі факторлары болған кезде пиоглитазонмен емдеу кезінде іркілген жүрек жеткіліксіздігінің даму жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге пиоглитазонмен және НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратымен біріктірілген емді тағайындау кезінде осы фактіні ескеру қажет. Мұндай біріктірілген емді тағайындау кезінде пациенттерде іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдарын, дене салмағының өсуін және ісінудің болуын анықтау үшін медициналық тексеруді жүргізу қажет. Пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі симптоматикасы нашарлаған жағдайда пиоглитазонмен емдеуді тоқтату қажет.
Глюкоза метаболизміне әсер ететін дәрілік препараттардың белгілі бір саны бар.
Төменде көрсетілген заттар инсулинге деген қажеттілікті азайтуы мүмкін:
Пероральді қантты төмендететін дәрілік препараттар, ГТП-1 рецепторларының агонистері, моноаминооксидаза тежегіштері (МАОт), селективті емес бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші ферменттің тежегіштері (АӨФ), салицилаттар, анаболикалық стероидтар және сульфонамидтер.
Төменде көрсетілген заттар инсулинге деген қажеттілікті арттыруы мүмкін:
Пероральді контрацептивтер, тиазидтер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, бета-симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол.
Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін.
Октреотид/ланреотид ағзаның инсулинге деген қажеттілігін арттыруы да, сол сияқты төмендетуі де мүмкін.
Алкоголь инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтуі немесе азайтуы мүмкін.
Инсулинге арналған инфузиялық помпаларда.
Егер НовоМикс® 30 ФлексПен® түсіріп алсаңыз, зақымдап алсаңыз немесе езіп алсаңыз.
Егер препаратты сақтау шарттары бұзылған болса немесе ол мұздатылған болса (Сақтау шарттары бөлімін қар.).
Егер қайта суспензияланған инсулин біртекті ақ және бұлдыр сұйықтыққа ұқсамайтын болса.
Егер қайта суспензиялаудан (шайқаудан) кейін заттың кесектері болса немесе қатты ақ бөлшектер картридждің түбінде немесе қабырғаларында болса.
НовоМикс® 30 ФлексПен® пайдалануға дайындық
Инсулиннің дұрыс түрін таңдағаныңызға көз жеткізу үшін заттаңбаны тексеріңіз.
Жұқтыруды алдын алу үшін әр инъекция үшін әрқашан жаңа инені пайдаланыңыз.
Инелер мен НовоМикс® 30 ФлексПен® тек жеке пайдалануға арналған.
НовоМикс® 30 ФлексПен® пайдаланғанда мынандай жағдайда әсіресе сақ болыңыз:
Егер бүйрек, бауыр, бүйрек үсті, гипофиз немесе қалқанша без аурулары бар болса
Егер физикалық жүктемені арттырған болсаңыз немесе қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін қалыпты диетаны және тамақтану режимін өзгерткіңіз келсе.
Егер ауырсаңыз, инсулинді енгізуді жалғастырыңыз және емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер шетелге бара жатсаңыз: сағат белдеулерінің өзгеруі инсулинге және инъекцияны енгізу уақытына әсер етуі мүмкін. Егер осындай сапарды жоспарласаңыз, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
НовоМикс® 30 ФлексПен® қалай қолдану керек
НовоМикс® 30 ФлексПен® қоса салынған қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Қоса берілген қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес препаратты инсулинді шприц-қаламда қолдану қажет.
Артық дозалану кезінде қолданылатын шаралар
Егер тым көп инсулинді енгізсеңіз, қандағы қант деңгейі тым төмендейді (гипогликемия). Бұл жағдай келесі жағдайларда да дамуы мүмкін:
Егер тым аз тамақ жесеңіз немесе тамақ ішуді өткізіп алсаңыз.
Егер физикалық жүктемеңіз әдеттегі деңгейден асып түссе.
Егер алкоголь қабылдасаңыз (НовоМикс® 30 ФлексПен® препаратын алкогольмен қолдануды қар.).
Гипогликемияның келесі алдын алу белгілері кенеттен пайда болуы мүмкін: суық тер; терінің салқындауы және мұздануы; бас ауруы; жүрек соғуының жиілеуі; әлсіздік; қатты ашығу; көздің уақытша бұзылуы; ұйқышылдық; ерекше шаршағыштық және әлсіздік; күйгелектілік немесе дірілдеу; мазасыздық; сананың шатасуы; зейін қоюдың қиындықтары.
Гипогликемия белгілерін сезсеңіз, қанттың жоғары мөлшері бар тағамды ішу керек, содан кейін қандағы қант деңгейін өлшеу керек.
Қандағы қант деңгейі тым төмен болса, таблеткадағы глюкозаны қабылдау керек немесе құрамында қанты көп тамақ ішіңіз (кәмпит, печенье, жеміс шырыны) және демалыңыз. Керек болған жағдайда өзіңізбен бірге таблеткадағы глюкозаны, кәмпиттерді, печенье немесе жеміс шырынын алып жүріңіз. Гипогликемия белгілері қайтқан кезде немесе қандағы қант деңгейі тұрақтанған кезде, инсулин емін әдеттегі режимде жалғастырыңыз.
Диабеті бар екенін білуі керек адамдарға хабарлаңыз және оларға гипогликемиямен байланысты ықтимал жағдайлар, соның ішінде естен тану қаупі туралы айтып беріңіз. Білуі қажет адамдарға егер пациент естен танып жатса, оны бүйірімен жатқызу керек және дереу медициналық көмекке жүгіну керек екендігін хабарлаңыз. Бұл жағдайда тамақ немесе сусындар беруге болмайды. Бұл тұншығуға әкелуі мүмкін.
Егер айналасында біреу енгізу техникасын білсе, пациент глюкагон гормоны инъекциясынан тез есін жинай алады. Егер глюкагонды енгізсе, пациентке есін жинағаннан кейін глюкоза немесе тәтті тағам қажет болады. Егер глюкагон әсер етпесе, ауруханада медициналық көмек көрсету қажет болады.
Егер ауыр дәрежедегі ұзақ гипогликемияны емдемесе, мидың зақымдануы (уақытша немесе қайтымсыз) және тіпті өлім болуы мүмкін.
Егер қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуі салдарынан пациент талып қалса, глюкагон инъекциясы қажет болса немесе жиі гипогликемия эпизодтары пайда болса, дәрігермен кеңесу керек. Дозаны, инсулинді енгізу уақытын, тамақтануды немесе физикалық жүктемені түзету қажет болуы мүмкін.
Препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кездегі қажет шаралар
Егер инсулинді енгізуді ұмытып кетсеңіз, қандағы қант деңгейі тым жоғары болуы мүмкін (гипергликемия). Бұл жағдай келесі жағдайларда да дамуы мүмкін:
Егер жеткілікті инсулинді енгізбесеңіз.
Егер өзіңізге қажет дозадан бірнеше рет инсулиннің аз мөлшерін енгізсеңіз немесе инсулинді енгізуді тоқтатқан болсаңыз.
Егер инфекция немесе қызба болса.
Егер әдеттегіге қарағанда көп тамақтансаңыз.
Егер физикалық жүктемеңіз әдеттегіге қарағанда аз болса.
Алғашқы белгілер біртіндеп пайда болады. Мұндай симптомдарға мыналар жатады: жиі несеп шығару, шөлдеу, тәбеттің жоғалуы, дімкәстік (жүрек айнуы немесе құсу), ұйқышылдық немесе шаршау, терінің қызаруы мен құрғауы, ауыздың құрғауы, сондай-ақ деммен шығарылатын ауада жемістердің (ацетонның) иісі. Бұл симптомдар — диабеттік кетоацидоз деп аталатын өте маңызды бұзылыстың белгілері (ағзаның қанттың орнына майды ыдырататындығына байланысты қандағы қышқылдың жиналуы). Тиісті емсіз ¬гипергликемия диабеттік комаға әкеледі ¬және тіпті өлім тудыруы мүмкін.
Егер Сіз жоғарыда аталған симптомдардың біреуін байқасаңыз, қандағы қант деңгейін тексеріңіз, егер мүмкін болса, несепегі кетондар деңгейін тексеріп, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Тоқтату сипмптомдарынын көрсетілім
Бұл ауыр гипергликемия мен кетоацидозға әкелуі мүмкін. Сізге тиісті нұсқаулар беретін емдеуші дәрігермен кеңесусіз инсулинді қолдануды тоқтатпаңыз.
Дәрілік затты қолдану жөніндегі медициналық маманнан кеңес алу бойынша ұсыныстар
Осы препаратты қолдануға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
Препарат 3 мл-ден бір жағы каучук дискімен тығындалған және басқа жағы шприц-қаламға дәнекерленген гидролитикалық 1 класты шыныдан жасалған картриджде. Картриджге суспензияның араласуын жеңілдететін шыны шар салынған.
Көп реттік инъекцияға арналған мультидозалы бір реттік пластик шприц-қаламға 1 картридж орнатылған.
Көп реттік инъекцияға арналған 5 мультидозалы бір реттік пластик шприц-қалам медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Егер қайта суспензияланған инсулин біртекті ақ және бұлдыр сұйықтыққа ұқсамайтын болса.
Егер қайта суспензиялаудан (шайқаудан) кейін заттың кесектері болса немесе қатты ақ бөлшектер картридждің түбінде немесе қабырғаларында болса.
НовоМикс® 30 ФлексПен® пайдалануға дайындық
Инсулиннің дұрыс түрін таңдағаныңызға көз жеткізу үшін заттаңбаны тексеріңіз.
Жұқтыруды алдын алу үшін әр инъекция үшін әрқашан жаңа инені пайдаланыңыз.
Инелер мен НовоМикс® 30 ФлексПен® тек жеке пайдалануға арналған.
НовоМикс® 30 ФлексПен® пайдаланғанда мынандай жағдайда әсіресе сақ болыңыз:
Егер бүйрек, бауыр, бүйрек үсті, гипофиз немесе қалқанша без аурулары бар болса
Егер физикалық жүктемені арттырған болсаңыз немесе қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін қалыпты диетаны және тамақтану режимін өзгерткіңіз келсе.
Егер ауырсаңыз, инсулинді енгізуді жалғастырыңыз және емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер шетелге бара жатсаңыз: сағат белдеулерінің өзгеруі инсулинге және инъекцияны енгізу уақытына әсер етуі мүмкін. Егер осындай сапарды жоспарласаңыз, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Novomix 30 flexpen шприц-қалам 100 ХБ/мл 3 мл №5” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.