Қолдану көрсеткіштері
Ересектер
- он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу
- он екі елі ішек ойық жарасы қайталануының профилактикасы
- асқазан ойық жарасын емдеу
- асқазан ойық жарасы қайталануының профилактикасы
- ойық жара ауруы кезіндегі Helicobacter pylori (H.pylori) эрадикациясында тиісті антибиотиктермен бірге
- ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу
- қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы
- рефлюкс эзофагитті емдеу
- рефлюкс-эзофагиттен емделген пациенттерді ұзақ мерзімді емдеу
- симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу
- Золлингер-Эллисон синдромын емдеу
Педиатрияда қолдану
1 жастан асқан және ≥ 10 кг балалар
- рефлюкс эзофагитті емдеу
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы кезіндегі қыжыл мен қышқыл регургитациясын симптоматикалық емдеу
4 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер
- он екі елі ішектің H. pylori тудырған ойық жарасын емдеуде антибиотиктермен бірге