Показания к применению
- амебиаз
- урогенитальді трихомониаз
- лямблиоз
- инфекцияның осы түрінің пайда болу қаупі жоғары болатын операциялық араласулар кезінде сезімтал анаэробты қоздырғыштармен инфекцияларды профилактикалық емдеу
- амебиаз
- урогенитальді трихомониаз
- лямблиоз
- инфекцияның осы түрінің пайда болу қаупі жоғары болатын операциялық араласулар кезінде сезімтал анаэробты қоздырғыштармен инфекцияларды профилактикалық емдеу
- орнидазолға және ұқсас заттарға (имидазолдарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Ескертулер:
- Атаксия, бас айналу немесе сананың шатасуы жағдайында емдеуді тоқтату;
- Ауыр, тіркелген немесе үдемелі орталық және шеткері неврологиялық бұзылыстары бар пациенттерде неврологиялық статустың нашарлау қаупін ескеру
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары:
- Анамнезінде қан дискразиясы болған, жоғары дозалармен емдеу және/немесе ұзақ емдеу жағдайында лейкоцитарлық формуланы тексеріңіз;
Бұл препарат нитро-5-имидазолдар тұқымдасына жатады, олар үшін векурониймен потенциалдану жағдайлары туралы хабарланған
Алкогольмен біріктіру ұсынылмайды, өйткені ысыну, қызару, құсу, тахикардия түрінде жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Орнидазол кумариндік қатардағы пероральді антикоагулянттардың әсерін күшейтеді. Коагулянт дозасы тиісті түрде түзетілуі тиіс. Орнидазол векуроний бромидінің миорелаксанттайтын әсерін ұзартады.
ХҚҚ теңгерімсіздігінің ерекше проблемалары.
Антибиотиктерді қабылдайтын пациенттерде пероральді антикоагулянттар белсенділігінің артуының көптеген жағдайлары хабарланды. Қауіп факторлары айқын инфекциялық немесе қабыну контексті, науқастың жасы мен жалпы жағдайы болып табылады. Мұндай жағдайларда ХҚҚ теңгерімсіздігі пайда болған кезде инфекциялық патологияны және оны емдеуді ажырату қиын болып көрінеді. Алайда антибиотиктердің кейбір кластарының маңызы зор: оларға фторхинолондар, макролидтер, циклондар, котримоксазол және кейбір цефалоспориндер жатады.
Дозалау режимі
Амебиазды емдеу үшін:
Ересектерге кешке бір рет 1000-1500 мг тағайындайды.
6 жастан асқан балалар және жасөспірімдер:
Емдік дозаны бір рет дене салмағының 30 мг/кг есебінен белгілейді.
Трихомониазды емшеу үшін:
Жедел трихомониаз:
Ересектерге - 1500 мг кешке бір рет («жедел минуттық ем»).
Созылмалы трихомониаз:
Ересектерге – 1000 мг-ден
6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер:
Емдік дозаны бір рет дене салмағының 30 мг/кг есебінен белгілейді.
Лямблиозды емдеу үшін:
Ересектерге - кешке бір рет 1000 мг
6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер:
Емдік дозаны бір рет дене салмағының 30 мг/кг есебінен белгілейді.
Анаэробты бактериялық инфекцияларды емдеу
Ересектерге - тәулігіне 1500 мг дейін
6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер:
Емдік дозаны бір рет дене салмағының 20-30 мг/кг есебінен белгілейді.
Анаэробты қоздырғыштармен операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы
Ересектер - операциядан бұрын-операциядан шамамен 12 сағат бұрын 500 мг, операциядан кейін: 3 күн бойы әр 12 сағат сайын 500 мг (инъекциялық түрін ауыстыруға болады).
Енгізу әдісі және жолы
ОРНИКАП® таблеткалары тамақтан кейін пероральді қабылданады.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Симптомдары
Артық дозалану жағдайларында жағымсыз реакциялар симптомдары неғұрлым ауыр түрінде білінеді
Емі
Қандай да бір қарсы әрекет ететін дәрілер жоқ. Құрысулар пайда болған жағдайда диазепам ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерден кеңесіне жүгініңіз.
10 таблеткадан (250 мг доза үшін), 5 немесе 10 таблеткадан (500 мг доза үшін) мөлдір емес поливинхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1 немесе 2 (10 таблеткадан) немесе 2 немесе 4 (5 таблеткадан) пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.
25 С-ден аспайтын температурада құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Орникап таблеткалары 500 мг №10” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.