daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Ospamox DT Дисперсті Таблеткалар 500 Мг №14 | Сандоз ГмбХ

Астане қаласындағы Ospamox DT Дисперсті Таблеткалар 500 Мг №14 | Сандоз ГмбХ

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ұсақталатын, ұзынша пішінді, екі беті дөңес, ақтан сарғыш-ақ түске дейінгі, сызығы бар, өлшемі шамамен 8  18 мм (500 мг доза үшін), шамамен 10  22 мм (1000 мг доза үшін) таблеткалар.

Международное наименование:

Амоксициллин

Производитель:

Сандоз ГмбХ

Страна производитель:

Австрия

Действующее вещество:

қосымша заттар: ұнтақ түріндегі шабдалы-өрік хош иістендіргіші, ұнтақ түріндегі апельсин хош иістендіргіші, магний стеараты, аспартам (Е951), натрий кроскармеллозасы, маннитол, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, жабын құрамы: аспартам, маннитол, мальтодекстрин, желатинделген гидроксипропилді бұршақ крахмалы, титанның қостотығы (Е 171), тальк. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ұсақталатын, ұзынша пішінді, екі беті дөңес, ақтан сарғыш-ақ түске дейінгі, сызығы бар, өлшемі шамамен 8  18 мм (500 мг доза үшін), шамамен 10  22 мм (1000 мг доза үшін) таблеткалар.

Дозировка активного вещества:

500 мг

Количество в упаковке:

14 шт

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

- жедел бактериялық синусит

- жедел ортаңғы отит

- жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит

- созылмалы бронхиттің өршулері

- ауруханадан тыс пневмония

- жедел цистит

- жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия

- жедел пиелонефрит

- сүзектік және паратифтік қызба

- таралған флегмонамен тіс абсцесcі

- инфекция жұқтырылған буындар протезденуі

- эндокардит профилактикасы

- Лайм ауруы

- Helicobacter Pylori эрадикациясы

Оспамокс® ДТ сондай-ақ эндокардиттің профилактикасы үшін көрсетілген.

Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісті пайдалануға қатысты ресми ұсыныстарды ескеру қажет.

Противопоказания

- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- пенициллинге немесе цефалоспориндер, карбапенем, монобактам сияқты басқа β-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға (осы дәрілік түрі үшін)

- емшек емізу кезеңі

- фенилкетонуриясы бар пациенттерге

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Амоксициллин қолданылатын емді бастар алдында пациентте пенициллиндер мен цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоғын мұқият зерттеу қажет.

Пенициллиндермен ем қабылдаған пациенттерде ауыр, кейде өліммен аяқталған аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактоидты және терінің ауыр жағымсыз реакцияларын қоса) тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциясы және анамнезінде атопиясы бар пациенттерде жиірек кездеседі. Аса жоғары сезімталдық реакциялары сондай-ақ миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін Коунис синдромына (аллергиялық жедел коронарлық синдром), күрделі аллергиялық реакцияға дейін үдеуі мүмкін. Мұндай реакциялардың пайда болу қаупі анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциясы бар пациенттерде және атопиясы бар адамдарда едәуір жоғары болады. Аллергиялық реакция пайда болған жағдайда амоксициллинмен емдеуді тоқтатып, тиісті баламалы емді бастау қажет.

Дәрілік энтероколит синдромы туралы негізінен амоксициллин қабылдаған балаларда хабарланды. Бұл аллергиялық реакция, терінің аллергиялық реакциясы немесе респираторлық синдромы болмаған кезде препаратты қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан кейін пайда болатын қайталанатын құсудың жетекші симптомы. Қосымша симптомдарға іштің ауыруы, диарея, гипотензия немесе нейтрофилиямен лейкоцитоз кіруі мүмкін. Шокқа дейін үдеуді қоса, ауыр жағдайлар болды.

Сезімтал емес микроорганизмдер

Қоздырғыш сезімтал ретінде құжаттармен расталған немесе сезімтал ретінде белгілі болған немесе қоздырғыштың амоксициллинмен емдеуге сезімталдықтың жоғары ықтималдығы болған жағдайларды қоспағанда амоксициллин инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуге жарамайды. Мұны несеп шығару жолдарының инфекцияларын, құлақтың, мұрынның және тамақтың ауыр инфекцияларын емдеуде ескеру қажет.

Құрысулар

Құрысулар амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдау кезінде бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе қауіп факторлары бар пациенттерде көрініс беруі (мысалы, анамнезде құрысулардың болуы, эпилепсия немесе ми қабықтарының қабынуы) мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны бұзылу дәрежесіне сәйкес түзету керек.

Тері реакциялары

Емдеудің басында пустулезді бөртулермен және қызбамен жайылған эритеманың білінуі жедел жайылған экзантематозды пустулездің (ЖЖЭП) даму симптомы болуы мүмкін. Осы реакция дамуында амоксициллин қолдануды тоқтатып, оны келешекте пайдаланбау қажет. Инфекциялық мононуклеозға күдік туындағанда амоксициллинді қолданбау керек, өйткені қызылша тәрізді бөртпе білінуі (амоксициллинге) мүмкін.

Яриш-Герксгеймер реакциясы

Яриш-Герксгеймер реакциясы Лайм ауруын амоксициллинмен емдегеннен кейін байқалды. Бұл амоксициллиннің Лайм ауруының қоздырғышына, Borrelia burgdorferi спирохетіне бактерицидтік әсерінің тікелей салдары болып табылады. Пациенттер оның Лайм ауруын антибиотиктермен емдеудің кең таралған және әдетте өзі басылатын зардабы екенінен хабарлануы тиіс.

Сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуі

Амоксициллинді ұзақ уақыт қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.

Антибиотикпен астасқан колит дамуы, амоксициллинді қоса, кез келген антибиотиктерге тән және айқындылық дәрежесі бойынша орташадан өмірге қатерліге дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан, кез келген антибиотиктерді қолдану кезінде немесе одан кейін диарея туындағанда осы диагнозды ескеру маңызды. Антибиотикпен астасқан колит туындағанда амоксициллин қолдануды дереу тоқтату керек. Дәрігер кеңесінен кейін тиісті ем тағайындалуы тиіс. Аталған жағдайда перистальтиканы төмендететін препараттар қарсы көрсетілімді.

Ұзаққа созылатын ем

Ұзаққа созылатын емде ағзалар жүйелерінің, соның ішінде бүйрек, бауыр функциясын және қан түзу функциясын жүйелі бағалау ұсынылады. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған және қан көрсеткіштері өзгерген жағдайлар тіркелген.

Антикоагулянттар
Сирек жағдайларда амоксициллин қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытының ұзаруы хабарланады. Антикоагулянттар бір мезгілде тағайындалғанда тиісінше мониторинг жүргізген жөн. Қажетті антикоагуляция деңгейін сақтап тұру үшін пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кристаллурия

Диурезі төмен пациенттерде өте сирек жағдайларда, негізінен препаратты парентеральді қолданғанда кристаллурияның (бүйректің жедел зақымдануын қоса) дамуы туралы хабарланды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдау кезінде амоксициллин кристалдарының түзілу ықтималдығын азайту үшін жеткілікті сұйықтық қабылдау және талапқа сай диурезді демеу ұсынылады. Несеп катетері бар пациенттерде катетердің өткізгіштігін үнемі тексеру керек.

Диагностикалық тесттерге әсері

Сарысу мен несептегі амоксициллиннің жоғары деңгейі белгілі бір зертханалық тестілерге ықпал етуі мүмкін. Көбіне химиялық әдістер қолдану кезіндегі оң көрсеткіштер несепте амоксициллин концентрациясының жоғары болуы себепті жалған болып табылады.

Амоксициллин қолданылатын ем кезінде несепте глюкозаның бар-жоғына талдау жасалғанда глюкозооксидазаның ферментаттік әдістерін пайдалану керек. Қандағы амоксициллин мөлшері жүкті әйелдерде эстрадиолды талдау нәтижелерінің бұрмалануына әкелуі мүмкін.

ОСПАМОКС® ДТ таблеткасында 0.0024 г (500 мг доза үшін) және 0.0048 г (1000 мг доза үшін) аспартам бар.

Аспартам – фенилаланин көзі. Аспартам организмнің осы затты ыдыратуға қабілетсіздігі салдарынан фенилаланин мөлшері жоғары болатын сирек генетикалық ауру - фенилкетонуриясы (ФКУ) бар пациенттер үшін зиянды болуы мүмкін. Фенилкетонуриясы бар гомозиготалы пациенттерде аспартаммен жеткізілетін фенилаланин мөлшері диета ережелеріне арналған есепте қамтылуы тиіс.

ОСПАМОКС® ДТ құрамында маннитол бар және жеңіл іш жүргізетін әсері болуы мүмкін.

Взаимодействие

Келесі препараттармен бірге пайдалану ұсынылмайды

Пробенецид

Пробенецидпен бір мезгілде ұсынылмайды, өйткені амоксициллиннің экскрециясы төмендеуі мүмкін. Пробенецидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйрек өзекшелік секрециясын азайтады. ОСПАМОКС® ДТ препаратымен бірге пайдалану қандағы амоксициллин деңгейлерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Аллопуринол

Амоксициллинмен емделу кезінде бір мезгілде аллопуринол енгізу аллергиялық тері реакциялары ықтималдығын арттыра алады.

Дигоксин

Амоксициллинмен бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің сіңуі артуы мүмкін. Дигоксин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Тетрациклиндер

Тетрациклиндер және басқа бактериостатикалық антибиотиктер амоксициллиннің бактерицидті әсеріне ықпал етуі мүмкін.

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар және пенициллин тобының антибиотиктері өзара әрекеттесу хабарламаларынсыз практикада кеңінен пайдаланылады. Алайда, әдеби көздерде амоксициллинмен бірге аценокумарол немесе варфарин қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы аталған. Егер препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, амоксициллин тағайындау және тоқтату кезінде протромбин уақытын немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты мұқият бақылап отыру керек. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттар дозалануын өзгерту керек болуы мүмкін.

Метотрексат

Метотрексат (обыр мен ауыр псориазды емдеу үшін қолданылады). Пенициллиндермен бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар дамуының потенциалды жоғарылауын туындата отырып, метотрексаттың экскрециясын төмендетуі мүмкін. Пенициллиндер метотрексат шығарылуын азайтады, бұл уыттылығының ықтималды артуын туындатады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Шектеулі деректер амоксициллиннің жүктілікке немесе шарана/жаңа туған нәресте денсаулығына жағымсыз әсерлері болмайтынын көрсетеді.

Жүктілік кезінде, болжанатын пайдасы емдеумен байланысты ықтималды қауіптен асып түссе, амоксициллинді қолдануға болады.

Амоксициллин сенсибилизацияның ықтимал қаупімен аздаған мөлшерлерде емшек сүтіне өтеді.

Соның салдарынан, емшекпен қоректенетін сәбиде диарея немесе шырышты қабықтардың зеңді инфекциясы болуы мүмкін. Сондықтан бала емізу тоқтатылуы тиіс.

Амоксициллинді бала емізу кезінде емдеуші дәрігердің пайда/қауіпті бағалауынан кейін ғана қолдануға болады.

Фертильділік

Амоксициллиннің адамдағы фертильділікке әсері туралы деректер жоқ. Жануарлардың репродуктивті зерттеулері фертильдікке ешқандай әсер етпеді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе басқа аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін жағымсыз әсерлерді (аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) байқауға болады.

Рекомендации по применению

Енгізу әдісі мен жолы

Ұсақталатын таблеткалар ОСПАМОКС® ДТ препаратын екі тәсілмен қолдануға болады. Басында суда ерітіп, сосын қабылдау немесе тікелей сумен ішу арқылы қабылдау керек. Таблеткаларды оңай жұту үшін сындыруға болады. Жұтынуы қиындаған және асфиксия қаупі бар пациенттерге (балалар, егде жастағы адамдар және дисфагиясы бар пациенттер) таблетканы суда ерігеннен кейін ғана ішке қабылдау керек және таблетканы толығымен жұтып қоймауы керек!

Ас ішу амоксициллин сіңуіне ықпал етпейді.

Дозалау режимі

Белгілі бір инфекцияны емдеу үшін таңдалған амоксициллин дозасы ескерілуі тиіс:

- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы

- инфекцияның ауырлық деңгейі және шоғырлануы

- пациенттің жасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.

Емнің ұзақтығы инфекция түрімен және пациенттің реакциясымен анықталуы тиіс және әдетте мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Кейбір инфекциялар едәуір ұзақ емдеуді қажет етеді.

Ересектер және жасөспірім жастағы балалар (дене салмағы 40 кг-ден көп)

Балалар (дене салмағы 40 кг-ден аз)

Балаларға амоксициллинді сондай-ақ балаларға қолайлы басқа шығарылу түрлерінде тағайындауға болады.

Дене салмағы 40 кг-ден көп балаларға ОСПАМОКС® ДТ препаратының ересектерге арналған стандартты дозасын тағайындау керек.

Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Гемодиализ алатын пациенттер

Амоксициллинді организмнен гемодиализ арқылы шығаруға болады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

ОСПАМОКС® ДТ препараты сақтықпен тағайындалады. Бауыр функциясын жүйелі аралықтар сайын бақылау қажет.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары және артық дозалану белгілері

Асқазан-ішек симптомдары (жүрек айну, құсу және диарея сияқты) және су-электролит теңгерімінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін амоксициллин кристаллуриясы байқалды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдайтын адамдарда құрысулар пайда болуы мүмкін.

Емі

Асқазан-ішек симптомдарын су-электролит теңгеріміне назар аудара отырып, симптоматикалық емдеуге болады.

Амоксициллинді гемодиализ арқылы қан ағымынан шығаруға болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну ұсынылды.

Форма выпуска

7 таблеткадан поливинилхлорид/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

График изменения цены на «Ospamox DT дисперсті таблеткалар 500 мг №14» в Астане

0500100015002000250012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-0915-09
Средняя цена
Минимальная цена

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестиOspamox DT дисперсті таблеткалар 500 мг №14в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
1695

от

Ваша выгода до: 663

i

Выгода за счет лучшего поиска:

Средняя цена в Астане:

При заказе на Daribar от:

Ваша выгода до:

2358

1695

663

В корзину

Содержание

Кратко о товареСравнение цен в аптекаxАналогиИнструкцияДетали покупкиГрафик изменения цены на «Ospamox DT дисперсті таблеткалар 500 мг №14» в Астане

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube