Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік затқа сезімтал микроорганизмдер тудырған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуде:
жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: соның ішінде жедел ортаңғы отит, жедел бактериялық синусит, жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит;
төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: созылмалы бронхит өршуі, ауруханадан тыс пневмония;
несеп шығару жолдарының инфекциялары: жедел цистит, жедел пиелонефрит;
эндокардит профилактикасы;
жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия;
сүзек және паратиф;
таралған флегмонамен дентальді абсцесс;
буындарды протездеуден кейінгі инфекциялық асқынулар;
Лайм ауруы;
Helicobacter Pylori эрадикациясы
Оспамокс® сондай-ақ эндокардит профилактикасы үшін көрсетілген.
Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісті пайдалануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.