daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Пентас Таблеткалары 500 Мг №100 | Ферринг Интернешнл Сентер СА

Астане қаласындағы Пентас Таблеткалары 500 Мг №100 | Ферринг Интернешнл Сентер СА
Сипаттама:

Ақ-сұрдан бозғылт-қоңырға дейінгі түстегі теңбілді, сындыру кертігі бар және бір жақ бетінде сызықтың екі жағында «500» және «mg», екінші жақ бетінде «PENTASA» бедерленген дөңгелек таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 5 немесе 10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады. Сақтау мерзімі 3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Халықаралық атауы:

Месалазин

Өндіруші:

Ферринг Интернешнл Сентер СА

Өндіруші ел:

Швейцария

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: повидон, этилцеллюлоза, магний стеараты, тальк, микрокристалды целлюлоза. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ-сұрдан бозғылт-қоңырға дейінгі түстегі теңбілді, сындыру кертігі бар және бір жақ бетінде сызықтың екі жағында «500» және «mg», екінші жақ бетінде «PENTASA» бедерленген дөңгелек таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 5 немесе 10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады. Сақтау мерзімі 3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- спецификалық емес ойықжаралы колит

- Крон ауруы

Қарсы көрсеткіштер

- месалазинге, препараттың қосымша заттарының кез келгеніне немесе салицилаттарға аса жоғары сезімталдық

- бауыр және / немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- геморрагиялық диатез - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- 6 жасқа дейінгі балалар

Арнайы нұсқаулар

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде препаратты аса сақтықпен қолдану керек және бауыр мен бүйрек функциялары бұзылған пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Месалазиннің плаценталық бөгет арқылы өтетіні белгілі. Жүктілік кезеңінде осы затты қолдану туралы шектеулі мәліметтер ықтимал уытты әсерді бағалауға мүмкіндік бермейді. Месалазин ана сүтіне ананың қанына қарағанда төмен концентрацияда түседі, ал ацетил-месалазин метаболиті емшек сүтінде бірдей немесе одан жоғары концентрацияда анықталады. Аналары Пентаса препаратын қолданған нәрестелерде жағымсыз әсерлер байқалмады, бірақ қолда бар ақпарат шектеулі. Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты сақтықпен және егер препарат әсерінің ықтимал пайдасы ықтимал қауіптен асып кетсе ғана қолдану керек.

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Артық дозалану

Белсенді заттың аз ғана бөлігі жүйелі әсер етеді, сондықтан препараттың жоғары дозаларын қолданғанда да артық дозалану симптомдарының дамуын күтуге болмайды.

Симптомдары: жүрек айну, құсу, гастралгия, әлсіздік, ұйқышылдық.

Емі: симптоматикалық: асқазанды шаю; іш жүргізетін дәрілерді қолдану; клиникалық жағдайға байланысты қышқыл-сілтілі теңгерімді қалпына келтіру және аралас алкалоз/ацидоз кезінде электролиттердің жоғалуын алмастыру; гипергидроз, құсу кезінде сұйықтық көлемінің орнын толтыру; гипогликемия кезінде —глюкозаны енгізу. Бүйрек функциясын бақылау.

Жанама әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10)

бас ауыруы

Жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін)

бас айналу

жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

тері бөртпесі (есекжемді, эритематозды бөртпені қоса алғанда)

артралгия

Жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін)

эозинофилия (аллергиялық реакция шеңберінде)

шеткері нейропатия, бассүйекішілік қатерсіз гипертензия (жасөспірімдерде)

метеоризм

есекжем, қышу

миалгия

Сирек (≥1/10 000-нан < 1/1 000-ға дейін)

- жарыққа сезімталдық

- миокардит, перикардит

Өте сирек (<1/10 000)

атипті қан талдауы (аплазиялық анемия, гранулоцитозис, панцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, қан жасушаларының патологиялық өзгеруі)

аллергиялық бөртпе, дәрі-дәрмектік қызба, панколит түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары

жедел панкреатит

алопеция

бауыр функциясы параметрлерінің өзгеруі (трансаминазалардың жоғарылауы және холестаздық параметрлер), гепатит, холестаздық гепатит, бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі

бүйрек функциясының бұзылыстары, оның ішінде жедел және созылмалы интерстициялық нефрит және бүйрек жеткіліксіздігі, нефроздық синдром, емделуді ерте тоқтатқанда қайтымды болуы мүмкін бүйректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі

өкпенің аллергиялық және фиброзды реакциялары (оның ішінде ентігу, жөтел, бронх түйілуі, альвеолит, өкпе эозинофилиясы, өкпе инфильтрациясы, пневмония), интерстициялық пневмония, эозинофильді пневмония, өкпе аурулары.

олигоспермия (қайтымды)

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

перикардит немесе плевроперикардиттің айқын синдромдары бар жүйелі қызыл жегі синдромына ұқсас синдромның даму жағдайлары, сондай-ақ бөртпе.

нефролитиаз

плеврит

Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS) дәрілік реакция, Стивенс — Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН)

Ықтимал жағымсыз әсерлері

Егер Сіз келесі симптомдардың кез-келгенін байқаған болсаңыз, месалазинді қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгініңіз: денеде қызарған, көтерілмеген, нысанаға ұқсас немесе дөңгелек дақтар, көбінесе орталығында күлдіреуіктер бар, терінің қабыршақтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, жыныс мүшелерінің және көздің ойық жараларымен, бөртпелермен ауқымды зақымдануы, қызба және лимфа түйіндерінің үлкеюі.

Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

5 немесе 10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыпентас таблеткалары 500 мг №100дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube