Қолдану көрсеткіштері
Полисорб МП ересектер мен балаларда:
шығу тегі әртүрлі жедел және созылмалы уыттануларды
тағамдық уытты-инфекцияларды қоса, кез келген генезді жедел ішек инфекцияларын, сондай-ақ шығу тегі инфекциялық емес диареялық синдромын, дисбактериозды (кешенді ем құрамында)
айқын уыттанумен қатар жүретін іріңді-сепсистік ауруларды
күшті әсер ететін және улы заттармен жедел улануды, оның ішінде дәрілік препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металдардың тұздарымен және т.б.
тағамдық және дәрілік аллергияларды
гипербилирубинемияны (вирусты гепатит және басқа сарғаю кезінде) және гиперазотемияны (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде) емдеу
экологиялық қолайсыз өңірлердің тұрғындары мен зиянды өндіріс қызметкерлерінің уыттану профилактикасы үшін көрсетілген.