daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Жарты Прил Капсулалар 10 Мг №28 | Pharmaceutical Works Polpharma S.A.

Астане қаласындағы Жарты Прил Капсулалар 10 Мг №28 |  Pharmaceutical Works Polpharma S.A.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage

Международное наименование:

Рамиприл

Производитель:

Pharmaceutical Works Polpharma S.A.

Страна производитель:

Республика Польша

Действующее вещество:

Нейтропения/агранулоцитоз Нейтропения/агранулоцитоз, сондай-ақ тромбоцитопения және анемия сирек жағдайларда байқалады. Сүйек кемігінің тежелу жағдайлары болғаны айтылған. Ықтимал лейкопенияны анықтау үшін қандағы лейкоциттер мөлшерін бақылап отыру керек. Емдеудің бастапқы сатысында және бүйрек функциясы бұзылған, қатарласа жүретін дәнекер тін аурулары бар (мысалы, жүйелік қызыл жегісі немесе склеродермиясы бар), сондай-ақ қан көрінісін өзгерте алатын басқа да дәрілік препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерге өте жиі мониторинг ұсынылады. Жөтел Ангиотензин- өзгертуші фермент тежегіштерімен емдеу кезінде жөтел пайда болуы мүмкін. Әдеттегідей, жөтел қайтымсыз, өнімсіз болады және препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалады.

Дозировка активного вещества:

10 мг

Количество в упаковке:

28 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Артериялық гипертензияны емдеу

Жүрек-қантамыр бұзылуларының профилактикасы: пациенттердегі жүрек-қантамырлық ауруларды және өлімді төмендету:

генезі атеротромбозды жүрек-қантамырлық ауруларының байқалуымен (жүректің ишемиялық ауруы немесе инсульт, немесе анамнезінде шеткері тамырлардың аурулары) немесе

кем дегенде жүрек-қантамырлық қауіп факторының бірі бар және қант диабетімен

Бүйрек ауруын емдеу:

микроальбуминурияның болуымен диагноз қойылған диабеттік нефропатияның бастапқы сатысы

кем дегенде жүрек-қантамырлық қауіп факторының бірі бар пациенттерде протеинурияның болуымен анықталған диабеттік нефропатияның

тәулігіне протеинурия ≥ 3 г болуымен анықталатын, диабетпен байланысты емес шумақтық нефропатияның байқалуы

Жүректің клиникалық тұрғыдан айқын жеткіліксіздігін емдеу

Жедел миокард инфарктінен кейінгі екіншілік профилактика: жедел миокард инфарктісі дамығаннан кейін (инфарктен кейін тәуліктің үшінші күнінен) > 48 сағат емдеудің бас кезінде жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері бар пациенттерде миокард инфарктісінің жедел фазасымен байланысты өлімді төмендету

Противопоказания

рамиприлге, препараттың кез келген қосымша компоненттеріне, АӨФ басқа тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық

ангионевроздық ісінудің (іштен туа біткен, идиопатиялық немесе АӨФ тежегіштерін немесе ІІ ангиотензин рецепторларының блокаторларын қабылдау салдарынан бұдан бұрын болған ангионевроздық ісіну) анамнезде болуы

теріс зарядталған беткейлермен қанның жанасуына әкелетін экстракорпоралді емдеу

бүйрек артерияларының екі жақты айқын стенозы немесе қызмет жасап тұрған жалғыз бүйрек артериясының стенозы

артериялық гипотензия, тұрақсыз гемодинамика, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия, өкпелік жүрек, қарыншалық аритмия

қолқа немесе митральді клапанының гемодинамикалық тұрғыдан маңызды стенозы, гипертрофиялық обструктивтік кардиомиопатия

алғашқы альдостеронизм

құрамында алискирен бар дәрілік препараттармен бірге қолдану қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерге қарсы көрсетілімде

ангионевроздық ісіну дамуының жоғары қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил/валсартан бар препараттармен) бірге қолдану

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Рекомендации по применению

Енгізу әдісі және жолы

Препарат ішке қабылданады. Полприлді күн сайын белгілі бір уақытта, тамақтануға қарамай-ақ, қабылдау ұсынылады. Полприл капсулаларын сұйықтықпен ішу керек. Оларды ұсақтауға немесе шайнауға болмайды.

Дозалау режимі

Диуретиктермен ем қабылдап жүрген пациенттер

Полприлмен емдеу басталғаннан кейін диуретиктермен қатарластыра ем қабылдап жүрген пациенттерде пайда болу ықтималдығы жоғары гипотензия дамуы мүмкін. Мұндай пациенттер, айналымдағы қан көлемінің төмендеуіне және/немесе гипонатриемияға байланысты, препаратты абайлап қабылдауы керек.

Диуретиктерді мүмкіндігінше Полприлмен емдеуді бастаудан 2-3 күн бұрын тоқтатқан жөн.

Артериялық гипертензиясы бар, диуретиктерді тоқтату мүмкін емес пациенттерде Полприлмен емдеуді 1,25 мг дозадан бастаған жөн. Бүйрек функциясын және қандағы калий деңгейін бақылап отырған жөн. Полприлдің әрі қарайғы дозаларын артериялық қысымның мақсаттық деңгейіне сәйкес түзеткен жөн.

Артериялық гипертензия

Дозаны пациенттің жағдайын есепке ала отырып және артериялық қысымды бақылай отырып таңдаған жөн.

Полприлді монотерапия түрінде немесе гипертензияға қарсы басқа класқа жататын препараттармен біріктіріп пайдалануға болады.

Полприлмен емдеуді ұсынылатын күніне 2,5 мг дозадан біртіндеп бастаған жөн.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділенуі айқын пациенттерде бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысым едәуір төмендеуі мүмкін. Мұндай пациенттерге бастапқы 1,25 мг доза ұсынылады, ал препаратпен емдеуді дәрігердің бақылауымен бастаған жөн.

Мақсатты артериялық қысымға біртіндеп қол жеткізу үшін дозаны, күніне Полприлдің 10 мг ең жоғары рұқсат етілген дозасына жеткізгенше, 2 немесе 4 апталық аралықпен екі есе арттыруға болады. Әдетте доза күніне 1 рет қабылданады.

Жүрек-қантамыр бұзылуларының профилактикасы

Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды.

Препараттың жекелей жағымдылығына байланысты дозаны біртіндеп арттырған жөн. Емдеуден 1-2 апта өткеннен кейін дозаны тәулігіне бір рет 5 мг-ға дейін арттыру, 2-3 аптадан кейін тағы да тәулігіне 10 мг-ға дейін арттыру ұсынылады.

Бүйрек ауруларын емдеу

Диабеті және микроальбуминуриясы бар пациенттер

Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 1,25 мг құрайды. Пациенттің әсер етуші затты көтере алатындығына байланысты дозаны біртіндеп арттырған жөн. Емдеуден екі апта өткеннен кейін дозаны тәулігіне бір рет 2,5 мг-ға дейін арттыру, 2 аптадан кейін тағы да тәулігіне 5 мг-ға дейін арттыру ұсынылады.

Кем дегенде жүрек-қантамырлық қауіп факторының біреуі бар диабетпен ауыратын пациенттер

Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды. Пациенттің әсер етуші затты көтере алушылығына байланысты дозаны біртіндеп арттырған жөн. Емдеуден бір немесе екі апта өткеннен кейін дозаны тәулігіне бір рет 5 мг-ға дейін арттыру, 2-3 аптадан кейін тағы да тәулігіне 10 мг-ға дейін арттыру ұсынылады. Мақсатты доза 10 мг.

Тәулігіне протеинурия ≥ 3 г болуымен анықталатын, диабетпен байланысты емес нефропатиясы бар пациенттер

Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 1,25 мг құрайды. Пациенттің әсер етуші затты көтере алушылығына байланысты дозаны біртіндеп арттырған жөн. Емдеуден екі апта өткеннен кейін дозаны тәулігіне бір рет 2,5 мг-ға дейін арттыру, 2 аптадан кейін тағы да тәулігіне 5 мг-ға дейін арттыру ұсынылады.

Клиникалық тұрғыдан жүректің айқын жеткіліксіздігі

Жағдайы диуретикалық еммен тұрақтанған пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1,25 мг құрайды.

Полприлді әрбір бір немесе екі аптада дозаны екі есе арттыру арқылы ең жоғары тәуліктік 10 мг дозаға дейін титрлеген жөн. Препаратты екі қабылдау ұсынылады.

Жүрек жеткіліксіздігі бар жедел миокард инфарктісінен кейінгі екіншілік профилактика

Диуретикалық еммен тұрақтанған пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1,25 мг құрайды. Полприлді әрбір бір немесе екі аптада дозаны екі есе арттыру арқылы ең жоғары тәуліктік 10 мг дозаға дейін таңдаған жөн. Препаратты екі қабылдау ұсынылады.

Клиникалық және гемодинамикалық тұрақты пациенттердегі миокард инфарктісі пайда болғаннан кейін 48 сағаттан соң старттық доза үш күн бойы күніне екі рет 2,5 мг-ды құрайды. Егер бастапқы 2,5 мг дозаның жағымдылығы нашар болса, дозаны күніне екі рет 2,5 мг және 5 мг-ға дейін арттырар алдында екі күн бойы күніне екі рет 1,25 мг доза қабылдаған жөн. Егер дозаны күніне екі рет 2,5 мг-ға дейін арттыруға болмайтын болса, емдеуді тоқтатқан жөн.

Тәуліктік доза әрі қарай бір күннен үш күнге дейінгі аралықпен арттыру арқылы күніне екі реттік 5 мг демеуші дозаға дейін арттырылады.

Демеуші дозаны мүмкіндігінше күніне 2 қабылдауға бөледі.

Егер дозаны күніне екі рет 2,5 мг-ге дейін арттыруға болмаса, емдеуді тоқтатқан жөн. Миокард инфарктісі пайда болғаннан кейін бірден жүрек функциясының айқын созылмалы жеткіліксіздігі бар (NYHA бойынша IV класс) пациенттерді емдеудің жеткілікті тәжірибесі жоқ. Полприлді осы пациенттерге тағайындау жөнінде шешім қабылдағанда емдеуді күніне бір рет 1,25 мг-ден бастау керек, дозаны кез келген жағдайда абайлап арттыру керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде тәуліктік доза креатинин клиренсіне негізделуі тиіс:

креатинин клиренсі минутына ≥ 60 мл болғанда күніне бастапқы 2,5 мг дозаны түзетудің қажеті жоқ, ең жоғары тәуліктік дозасы 10 мг құрайды;

креатинин клиренсі минутына 30-60 мл болғанда күніне бастапқы 2,5 мг дозаны түзетудің қажеті жоқ, ең жоғары тәуліктік дозасы 5 мг құрайды;

креатинин клиренсі минутына 10-30 мл болғанда бастапқы доза тәулігіне 1,25 мг құрайды, ең жоғары тәуліктік доза 5 мг;

артериялық гипертензиясы бар, гемодиализдегі пациенттерде Полприл нашар диализденеді, бастапқы доза тәулігіне 1,25 мг құрайды, ал ең жоғары тәуліктік доза 5 мг; препаратты гемодиализден кейін бірнеше сағаттан соң қабылдаған жөн.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерді Полприлмен емдеуді медициналық бақылаумен ғана бастаған жөн; ең жоғары тәуліктік доза 2,5 мг құрайды.

Егде жастағы пациенттер

Бастапқы доза төмен болуы тиіс, ал әрі қарайғы дозаларды модификациялауды, әсіресе егде жастағы және әлсіз науқастарда жағымсыз әсерлердің пайда болу мүмкіндігінің жоғары болуы салдарынан, біртіндеп жүргізген жөн. Бастапқы төмен 1,25 мг дозада тағайындау ұсынылады.

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестижарты Прил капсулалар 10 мг №28в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube