daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Повидон Йод Жергілікті Ерітінді 100 Мл | Медоптик ТОО

Астане қаласындағы Повидон Йод Жергілікті Ерітінді 100 Мл | Медоптик ТОО
Сипаттама:

Күңгірт-қоңыр түсті, йодтың әлсіз иісі бар тұтқыр сұйықтық. Сумен кез-келген қатынаста араласады.

Халықаралық атауы:

Жоқ

Өндіруші:

Медоптик ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

( белсенді йодқа шаққанда) қосымша зат: 100,0 мл- ге дейін тазартылған су бар Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Күңгірт-қоңыр түсті, йодтың әлсіз иісі бар тұтқыр сұйықтық. Сумен кез-келген қатынаста араласады.

Белсенді заттың дозасы:

10 %

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- хирургияда, травматологияда, комбустиологияда, стоматологияда жарақат инфекциясын емдеуде және профилактикасында

- ауыз қуысы және жұтқыншақтың қабыну және инфекциялық ауруларында: ангина, фарингит, тонзиллофарингит, тонзиллит, глоссит, афта ауруларында ауызды және тамақты шаю үшін

- инвазивті зерттеулерде (пункция, биопсия, инъекция және т.б), хирургиялық операциялардың алдында тері және шырышты қабықты антисептикалық өңдеуде

- зондтар, катетерлер, дренаждар маңындағы теріні антисептикалық өңдеуде

- инфекция жұқтырған науқастарды күту кезіндегі қолды өңдеуде, медицина қызметкерлерінің, хирургтардың қолдарын операцияға дейін және одан кейін өңдеуде

Қарсы көрсеткіштер

- йодқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- қалқанша бездің гиперфункциясында

- жүрек қызметінің қалпына келмейтін жеткіліксіздігінде

- қалқанша безді емдеу кезінде радиоактивті йодты қолдануға дейінгі және одан кейінгі жай-күйі

- герпес тәрізді Дюринг дерматитінде

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты абайлап қолданады.

Өзара әрекеттесуі

Жараларды өңдеуге арналған немесе антисептикалық препараттар сутегі асқын тотығымен Повидон-Йодты, сондай-ақ құрамында күміс және толуидин бар ферменттік препараттармен бірге қолданғанда олардың өзара әсер ету тиімділігі төмендеуіне әкеледі.

Сынаптың сілтілік йодидінің түзілу қаупі болғандықтан, Повидон-Йодты сынап препараттарымен бірге қолдануға болмайды.

Препарат ақуыздармен және қанықпаған органикалық кешендермен реакцияға түсуі мүмкін, сондықтан Повидон-Йодтың дозасын арттыру арқылы оның әсерін жақсартуға болады.

Литий препараттарын қабылдайтын пациенттерге ұзақ уақыт, әсіресе кең аумақты жерге қолдануға болмайды.

Повидон-Йодтың қолданылуы йодтың қалқанша безінде сіңірілуін төмендетуі мүмкін, бұл кейбір зерттеулер мен емшаралардың нәтижелеріне әсер етуі мүмкін (радиоактивті йодты қолданумен диагностикалық емшаралар, қалқанша безінің сцинтиграфиясы, ақуызбен байланысқан йодты анықтау), осыған байланысты қалқанша без ауруларын йод препараттарымен емдеуді жоспарлау мүмкін болмауы мүмкін. Повидон-Йодты қолдануды тоқтатқаннан кейін келесі сцинтиграфияны жүргізгенге дейін белгілі бір уақыт аралығын сақтау керек. Йодты ерітіндінің сіңуі қалқанша безінің функционалдық тестілерінің нәтижелерін өзгерте алады.

Повидон-Йодтың тотығу әсері әртүрлі диагностикалық тесттердің жалған оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін (мысалы, толуидин мен гваяк шайырларын қолдану арқылы нәжіс пен несепте гемоглобин мен глюкозаны өлшеу).

Арнайы ескертулер

Препарат ларингит кезінде жедел түрде қажеттілік туған кезде ғана қолданылады.

Повидон-Йодтың тотықтырғыш қасиеті металдардың тотығуын тудыруы мүмкін, ал пластмасса және синтетикалық материалдар әдетте Повидон-Йодқа сезімтал емес. Кейбір жағдайларда түстің өзгеруі мүмкін, ол кейіннен өзінің қалпына келеді.

Текстильді және өзге материалдардан Повидон-Йод ерітіндісін жылы сумен сабындап оңай кетіруге болады. Кетпейтін дақтарды натрий тиосульфаты немесе аммиак ерітіндісімен өңдеу қажет.

Педиатрияда қолдану

6 жастан кіші балаларда қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Повидон-Йодты жүктілік және лактация кезеңінде пайдалануға болмайды.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ерітіндіні тікелей қолданар алдында дайындау және мүмкіндігінше тезірек пайдалану керек.

Повидон-Йод ерітіндісі сыртқа және жергілікті қолдануға арналған, сұйылтылмаған түрде немесе 10% (1:10) немесе 1% (1:100) ерітінді ретінде сумен сұйылтылғаннан кейін дезинфекцияланатын аймаққа байланысты ерітіндіні қолдануға болады.

Операция алдындағы «дезинфекциялау ванналары» үшін 1% (1:100) Повидон-Йод ерітіндісі қолданылады. Дененің барлық беткейі 2 минуттық экспозициядан кейін 1% ерітіндімен біркелкі өңделуі тиіс, ерітіндіні жылы сумен жуып тастау керек.

Хирургиядағы қызметкерлердің қолдарын өңдеу үшін 5 мл ерітіндіні алақанмен шынтаққа дейін 5 минут бойы сүртеді, содан кейін мұқият шаяды; іс-шараны екі рет қайталайды.

Препаратты инъекцияға, қан алуға, биопсияға, қан құюға, инфузиялық емге дейін немесе зақымданбаған теріге кез келген басқа хирургиялық араласудың алдында теріде 1-2 минутқа қалдырыңыз.

Жараларды, күюлерді асептикалық өңдеу үшін, шырышты қабықтарды дезинфекциялау үшін, терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында Повидон-Йод 10% ерітіндісі қолданылады (1:10 сұйылтылған).

Ауыз және тамақты шаюға арналған сұйылтылған ерітіндінің дайындалуы: ½ немесе 1 шай қасық ерітіндіні 100 мл суда ерітеді (18°С шамасындай).

Ерітіндіні тікелей қолданар алдында дайындау және мүмкіндігінше тезірек пайдалану керек.

Енгізу әдісі және жолы

Повидон-Йод ерітіндісі сұйылтылған және сұйылтылмаған күйде сыртқа және жергілікті қолдануға арналған. Ерітінді ішке қабылдауға арналмаған! Повидон-Йод ерітіндісін қолданар алдында тікелей сұйылту керек. Дайын ерітіндіні сақтауға болмайды.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Қатысы жоқ

Емдеу ұзақтығы

Қатысы жоқ

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Жүйелі сіңуі болмағандықтан, сыртқа қолданған кезде артық дозалануы байқалған жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Қатысы жоқ

Тоқтату симптомдары қаупінің барын көрсету

Қатысы жоқ

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын, дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласыңыз.

Шығарылу түрі

30 мл, 50 мл, 100 мл-ден полиэтиленді тығынмен бекітілген, ақ түсті полиэтиленнен жасалған құтыларда, тамызғы-құтыларда, құты-спрейлерде.

Құтыларға өздігінен желімделетін қағаз заттаңба жапсырады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге осындай картоннан жасалған төсемдері бар гофрланған картоннан немесе қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынған.

1 л-ден пластамасса қақпақтармен бұрап жабылған полиэтиленнен жасалған бөтелкелерде. Бөтелкелерге өздігінен желімделетін қағаз заттаңба жапсырады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыПовидон Йод жергілікті ерітінді 100 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube