daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Престанс Таблеткалары 5 Мг/5 Мг №30 | Сервье (Ирландия) Индастриз Лтд

Астане қаласындағы Престанс Таблеткалары 5 Мг/5 Мг №30 | Сервье (Ирландия) Индастриз Лтд
Сипаттама:

5 мг/5 мг таблеткалар: ақ түсті, ұзынша пішінді, бір жағында таңбасы бар және екінші жағында - ойып жазылған «5/5» сандары бар таблеткалар 10 мг/5 мг таблеткалар: ақ түсті, үшбұрыш пішінді, бір жағында таңбасы бар және екінші жағында - ойып жазылған «10/5» сандары бар таблеткалар 5 мг/10 мг таблеткалар: ақ түсті, шаршы пішінді, бір жағында таңбасы бар және екінші жағында - ойып жазылған «5/10» сандары бар таблеткалар 10 мг/10 мг таблеткалар: ақ түсті, дөңгелек пішінді, бір жағында таңбасы бар және екінші жағында - ойып жазылған «10/10» сандары бар таблеткалар

Өндіруші:

Сервье (Ирландия) Индастриз Лтд

Өндіруші ел:

Ирландия

Белсенді ингредиент:

5 мг/5 мг таблеткалар периндоприл аргинині 5 мг (3,395 мг периндоприлге баламалы) амлодипин бесилаты 6,935 мг (5 мг амлодипинге баламалы), 10 мг/5 мг таблеткалар периндоприл аргинині 10 мг (6,790 мг периндоприлге баламалы) амлодипин бесилаты 6,935 мг (5 мг амлодипинге баламалы), 5 мг/10 мг таблеткалар периндоприл аргинині 5мг (3,395 мг периндоприлге баламалы) амлодипин бесилаты 13,870 мг (10 мг амлодипинге баламалы), 10 мг/10 мг таблеткалар периндоприл аргинині 10 мг (6,790 мг периндоприлге баламалы) амлодипин бесилаты 13,870 мг (10 мг амлодипинге баламалы), қосымша заттар микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг/5 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 5 мг/5 мг, 10 мг/5 мг, 5 мг/10 мг, 10 мг/10 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Престанс периндоприл мен амлодипинді сол дозаларда бір мезгілде қолдану арқылы ауруды тиісті бақылауға қол жеткізілген эссенциальді гипертензиясы және/немесе тұрақты жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерді орын басу емі ретінде емдеу үшін көрсетілген.

Қарсы көрсеткіштер

Периндоприлмен байланысты:

әсер етуші затқа немесе басқа АӨФ тежегіштеріне, дигидропиридин туындыларына және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

АӨФ тежегіштерімен алдыңғы ем аясында анамнезінде ангионевроздық ісіну

тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну,

жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері

қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану (ШСЖ< 60мл/мин/1,73м²)

сакубитрилмен / валсартанмен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил мен валсартанның соңғы дозасын қабылдау және Престанс препаратымен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет.

қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына әкелетін экстракорпоральді емдеу

бүйрек артериясының маңызды екі жақты стенозы немесе бір жұмыс істейтін бүйректегі артерия стенозы

тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

18 жасқа дейінгі балалар

Амлодипинмен байланысты:

ауыр гипотензия

әсер етуші затқа немесе басқа АӨФ тежегіштеріне, дигидропиридин туындыларына және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

шок, оның ішінде кардиогенді

сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы (мысалы, қолқаның елеулі стенозы)

жедел миокард инфарктісінен кейінгі жүрек жеткіліксіздігі

Престанс препаратымен байланысты

Жекелеп компоненттердің әрқайсысына байланысты барлық жоғарыда көрсетілген қолдануға болмайтын жағдайлар белгіленген Престанс біріктіріліміне таралады.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Периндоприлмен байланысты

Жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну

Егде жастағы пациенттерде және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың шығарылуы баяулады, осыған байланысты калий мен креатинин деңгейін жиі бақылау керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерін қабылдау кейде өліммен аяқталатын бауырдың фульминантты некрозына үдеумен холестаздық сарғаюдың дамуымен қатар жүрді. Бұл синдромның механизмі түсініксіз. Сарғаю дамыған немесе «бауыр» ферменттерінің деңгейі едәуір жоғарылаған пациенттер АӨФ тежегішін қабылдауды тоқтатуы тиіс.

Периндоприлді қоса алғанда, АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде беттің, еріннің, шырышты қабықтардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің, аяқ-қолдың ангионевроздық ісінуі туралы сирек хабарламалар келіп түсті. Тыныс алу жолдарының обструкциясы ықтимал тілдің, дауыс саңылауының немесе көмейдің ісінуі кезінде дереу алғашқы көмек көрсету керек, ол адреналин тағайындауды және/немесе бос тыныс алу жолдарын қолдауды қамтуы мүмкін. Пациент симптомдар толық және түпкілікті жоғалып кеткенше медициналық қадағалауда болуы тиіс. Іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу немесе онсыз көрінетін ішектің ангионевроздық ісінуі туралы жеке хабарламалар бар. Симптомдар АӨФ тежегішін қабылдауды тоқтатқаннан кейін тоқтатылды. Ішек ангиоісінуін этиологиясы басқа ауырсынумен саралау керек.

Периндоприлдің сакубитрилмен/валсартанмен үйлесуі ангиоэдеманың пайда болу қаупінің жоғарылауына байланысты қарсы көрсетілімді. Сакубитрил/валсартан қабылдауды периндоприлмен емдеудің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағатқа дейін бастауға болмайды. Егер сакубитрилмен / валсартанмен емдеу тоқтатылса, онда периндоприлмен емдеуді сакубитрилмен/валсартанмен соңғы дозаны қабылдағаннан кейін 36 сағатқа дейін бастауға болмайды. АӨФ тежегіштері мен бейтарап эндопептидаза (NEP) тежегіштерін (мысалы, рацекадотрил), mTOR тежегіштерін (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус) және глиптиндерді (мысалы, линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин) бір мезгілде қолдану ангионевроздық ісіну қаупін арттыруы мүмкін (тыныс алу жолдарының немесе тілдің тыныс алу бұзылыстарымен бірге немесе онсыз ісінуі) (4.5-бөлімді қараңыз). Осыған байланысты АӨФ тежегішін қабылдайтын пациенттерге рацекадотрилді, mTOR тежегіштерін (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус) және глиптиндерді (мысалы, линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин) тағайындар алдында пайда мен қауіп арақатынасын мұқият өлшеу қажет

Тығыздығы төмен липопротеиннің (ТТЛП) аферез емшарасын жүргізу кезіндегі анафилактоидты реакциялар

Декстран сульфатын қолданумен тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) аферез емшарасын жүргізу кезінде пациенттерде анафилактоидты реакциялардың пайда болу қаупі артады. Осындай пациенттерге АӨФ тежегіштерін тағайындаудан аулақ болу керек. Престанс препаратын қабылдау ТТЛП аферезі басталғанға дейін бір тәулік бұрын тоқтатылады.

Десенситизация кезіндегі анафилаксиялық реакциялар

Престанс препаратын аллергиялық аурулары бар және десенсибилизациялайтын ем курсынан өтіп жүрген пациенттерге тағайындағанда сақ болу, сондай-ақ оны жәндіктер уындағы аллергендермен иммунотерапия жүргізген кезде қолданудан аулақ болу керек. Анафилактоидты реакциялардың даму қаупін төмендету мақсатында Престанс препаратымен емдеуді десенсибилизациялайтын терапия курсы басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тоқтатады.

Нейтропения / Агранулоцитоз / Тромбоцитопения / Анемия

АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия білінген. Бауыр функциясы қалыпты және басқа да асқындыратын факторлар жоқ пациенттерде нейтропения сирек кездеседі. Периндоприлді қабылдаған кезде қантамыр аурулары бар және иммунодепрессанттармен ем қабылдап, аллопуринолмен немесе прокаинамидпен ем қабылдап жүрген пациенттерге немесе осы асқыну факторлары бар, әсіресе бауыр функциясының бұзылулары бар адамдарға аса сақ болу керек. Мұндай пациенттердің кейбірінде ауыр инфекциялар дамыды. Кейбір жағдайларда антибиотиктермен қарқынды ем сәтсіз болды. Периндоприлді осындай пациенттерге тағайындаған кезде лейкоциттерді санауға мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу және пациенттерге инфекцияның кез келген белгілері (мысалы, тамақтың ауыруы, қызу) туралы хабарлау қажеттігі туралы нұсқау беру ұсынылады.

Реноваскулярлық гипертензия:

Екі жақты бүйрек артериясының стенозы немесе бір жұмыс істейтін бүйректегі артерия стенозы бар пациент АӨФ тежегіштерімен (ангиотензин-өзгертетін фермент) ем қабылдаған кезде гипотензия мен бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар. Диуретиктермен емдеу ықпал етуші фактор болуы мүмкін. Бүйрек функциясының жоғалуы тіпті бүйрек артериясының біржақты стенозы бар пациенттерде сарысу креатининіндегі шамалы өзгерістермен ғана пайда болуы мүмкін.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы

АӨФ тежегіштерін және ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді бір мезгілде қолдану гипотензия, гиперкалиемия қаупін арттыратыны және бүйрек функциясының (жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын қоса алғанда) төмендеуін тууындатады. Сондықтан АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискирен біріктіріп пайдалану арқылы РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды.

Егер қосарлы блокада өте қажет болса, оны тек маманның қадағалауымен және бүйрек функциясын, электролит деңгейін және артериялық қысымды жиі қадағалап отыру керек.

Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге бір мезгілде АӨФ тежегіштерін және ангиотензин II рецепторларының блокаторларын тағайындауға болмайды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі және АUC мәні артады. Олар үшін ұсынылған дозалар белгіленбеген, сондықтан амлодипинді бұл пациенттерге тағайындауды төмен дозалардан бастау керек және алғашқы емдеу кезінде де, дозаны арттыруда да сақ болу керек. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге дозаны жүйелі түрде таңдау керек.

Өзара әрекеттесуі

Периндоприлмен байланысты

РААЖ әсер ететін бір препаратты қолданумен салыстырғанда АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп пайдалану жолымен ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын қоса алғанда) сияқты жағымсыз құбылыстар жиілігінің артуымен қатар жүретінін көрсетті.

Ангионевроздық ісіну қаупін арттыратын дәрілік препараттар

АӨФ тежегіштерін сакубитрилмен / валсартанмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл ангионевроздық ісіну қаупін арттырады. Периндоприлдің соңғы дозасын қабылдау мен сакубитрилмен/валсартанмен емдеуді бастау арасындағы аралық кемінде 36 сағатты құрауы тиіс. Сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен периндоприлмен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет.

АӨФ тежегіштерін рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус) және глиптиндер (мысалы, линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин) ангионевроздық ісінудің жоғары қаупіне әкелуі мүмкін

Гиперкалиемияны туындататын препараттар

Қан сарысуындағы калий мөлшері әдетте қалыпты шекте қалса да, гиперкалиемия Престанс қабылдаған кейбір пациенттерде пайда болуы мүмкін. Кейбір препараттар немесе препараттардың фармакотерапиялық топтары гиперкалиемияның даму ықтималдығын арттыруы мүмкін: алискирен, калий тұздары, калий сақтайтын диуретиктер (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, ҚҚСП, гепариндер, иммунодепрессанттар, мысалы циклоспорин және такролимус, триметоприм

және котримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол), триметоприм амилорид сияқты калий сақтайтын диуретик ретінде әсмер ететіні белгілі. Осы препараттардың біріктірілімі гиперкалиемия қаупін арттырады. Осыған байланысты Престанс препаратын жоғарыда аталған препараттармен біріктіру ұсынылмайды. Егер бір мезгілде қолдану көрсетілсе, оларды сақтықпен және қан сарысуындағы калий деңгейін жиі мониторингтеу кезінде пайдалану керек.

Біріктіріп қолдану қарсы көрсетілімді

Алискирен: қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде гиперкалиемия, бүйрек функциясының нашарлауы және жүрек-қантамыр аурулары мен өлім-жітімнің жоғарылауы қаупі артады.

Экстракорпоральды емдеу: Ауыр анафилактоидты реакциялардың пайда болу қаупінің жоғарылауына байланысты диализді немесе гидравликалық өткізгіштігі жоғары белгілі бір жарғақшалары бар гемофильтрацияны (мысалы, полиакрилнитрильді жарғақшалар) және тығыздығы төмен липопротеиндердің аферезін қанның сульфатпен теріс зарядталған беткейлермен жанасуына әкелетін экстракорпоральды емдеу. Егер мұндай емдеу талап етілсе, онда диализдік жарғақшаның басқа түрін немесе гипотензиялық препараттың басқа класын қолдануды назарға алған жөн.

Біріктіріп қолдану ұсынылмайды

Алискирен қант диабетімен немесе бүйрек жеткіліксіздігімен зардап шекпейтін пациенттерде гиперкалиемия, бүйрек функциясының нашарлауы және жүрек-қантамыр аурулары мен өлім-жітімнің артуы қаупі артады.

АӨФ тежегішімен және ангиотензин рецепторларының блокаторымен біріктіріп қолдану

Қосарлы блокада (мысалы, АӨФ тежегішін ангиотензин II рецепторларының антагонисімен бірігуі) бүйрек функциясын, калий деңгейін және артериялық қысымды мұқият бақылау кезінде жекелеген жағдайларда ғана мүмкін болады.

Эстрамустин ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) сияқты жағымсыз құбылыстардың арту қаупі.

Калий сақтайтын диуретиктер (мысалы, триамтерен, амилорид), калий тұздары гиперкалиемия (ықтимал өліммен аяқталатын), әсіресе бүйрек функциясының бұзылуында (аддитивті гиперкалиемиялық әсер).

Периндоприлді жоғарыда аталған препараттармен бірге қабылдау ұсынылмайды. Егер осы препараттарды қатар қолдану әлі де көрсетілсе, онда оларды қабылдаған кезде ерекше сақтық танытып, қан сарысуындағы калийдің мөлшеріне жиі мониторинг жүргізу керек.

Литий литий мен АӨФ тежегіштерін біріктіріп қабылдаған кезде сарысудағы литий концентрациясының қайтымды ұлғаю жағдайлары және уыттылық жағдайлары (ауыр нейроуыттылық) байқалды. Периндоприл мен литийдің үйлесімі ұсынылмайды. Егер біріктірілген қабылдау қажет болса, онда қан сарысуындағы литий деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек.

Біріктіріп қолдану ерекше сақтықты талап етеді

Калий сақтайтын қасиеттері жоқ диуретиктер

Диуретиктерді қабылдайтын пациенттерде, әсіресе су-электролиттік бұзылулар аясында АӨФ тежегішімен емді бастағаннан кейін артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі мүмкін. Гипотензия қаупін төмендету үшін диуретикті тоқтатып, сұйықтық пен тұзды қабылдауды арттыру керек, содан кейін периндоприлмен емдеуді біртіндеп ұлғайта отырып, төмен дозада бастау керек.

Артериялық гипертензия кезінде диуретиктермен алдыңғы емдеу су-электролиттік бұзылыстарды туындатуы мүмкін болғанда, диуретикті қабылдауды АӨФ тежегішімен емдеуді бастағанға дейін калий сақтайтын қасиеттерінсіз диуретикті қабылдауды кейіннен қайта бастай отырып тоқтату немесе біртіндеп ұлғайта отырып, төмен дозада АӨФ тежегішін қабылдауды бастау керек.

Диуретиктермен іркілісті жүрек жеткіліксіздігін емдеу кезінде АӨФ тежегішін қабылдауды диуретиктің дозасын калий сақтайтын қасиеттерсіз төмендеткеннен кейін өте төмен дозадан бастаған жөн. Барлық жағдайларда АӨФ тежегішімен емнің алғашқы апталарында бүйрек функциясын (креатинин деңгейі) бақылау керек.

Калий сақтайтын диуретиктер (эплеренон, спиронолактон)

Эплеренонды немесе спиронолактонды шығару фракциясы <40% болатын II-IV класты (NYHA жіктеуі бойынша) жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін және бұрын АӨФ тежегіштері мен ілмектік диуретиктерді пайдалана отырып, АӨФ тежегіштерінің төмен дозаларымен бір мезгілде тәулігіне 12,5-50 мг дозада қабылдау, әсіресе препараттардың осы біріктірілімін тағайындау жөніндегі ұсынымдар сақталмаған кезде, ықтимал өлімге әкелетін гиперкалиемияның даму қаупіне әкеп соғады. Препараттардың осы біріктірілімін тағайындамас бұрын пациентте гиперкалиемия мен бүйрек жеткіліксіздігінің жоқтығына көз жеткізу керек.

Емдеудің бірінші айында алдымен аптасына бір рет, содан кейін айына бір рет калиемия мен креатинемияны мұқият бақылау ұсынылады.

Күніне 3 г ацетилсалицил қышқылын қоса алғанда, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСП):

АӨФ тежегіштерін қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде тағайындағанда (яғни, қабынуға қарсы дозалардағы ацетилсалицил қышқылы, ЦОГ-2 тежегіштері және селективті емес ҚҚСП) гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі мүмкін. АӨФ және ҚҚСП тежегіштерін біріктіріп қолдану бүйрек функциясының нашарлауына, оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігіне және сарысудағы калий деңгейінің жоғарылауына, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде әкелуі мүмкін. Препараттардың мұндай үйлесімін, әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Пациенттерге сұйықтықтың жоғалуын өтеу және біріктірілген емнің басында да, емдеу процесінде де бүйрек функциясына тұрақты бақылау жүргізу қажет.

Біріктіріп қолдану сақтықты талап етеді

Симпатомиметиктер

Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.

Алтын

Құрамында алтын бар препараттармен (натрий ауротиомалаты) инъекциялық емнен және, периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерімен қатарлас емдеуден өтетін пациенттердегі нитритоидты реакциялар (беттің қызаруын, жүрек айну, құсу және гипотензияны қамтитын симптомдар) туралы сирек хабарламалар келіп түскен.

Амлодипинмен байланысты

Біріктіріп қолдану ұсынылмайды

Біріктіріп қолдану ерекше сақтықты талап етеді

CYP3A4 индукторлары: белгілі CYP3A4 индукторларымен бірге қолданғаннан кейін плазмадағы амлодипиннің концентрациясы өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты артериялық қысымды бақылау керек, сондай-ақ біріктірілген ем кезінде және одан кейін дозаны түзету қажет болуы мүмкін, әсіресе CYP3A4 күшті индукторларымен (рифампицин, Hypericum perforatum [шілтер жапырақты шайқурай])

CYP3A4 тежегіштері: амлодипинді CYP3A4 күшті немесе орташа тежегіштерімен (протеаза тежегіштері, азол тобының зеңге қарсы препараттары, эритромицин немесе кларитромицин, верапамил немесе дилтиазем сияқты макролидтер) бірге қолдану амлодипин экспозициясының айтарлықтай өсуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл ФК вариацияларының клиникалық көрінісі егде жастағы адамдарда айқын көрінуі мүмкін. Осыған байланысты клиникалық жағдайды бақылау және дозаларды түзету қажет болуы мүмкін.

Кларитромицин мен амлодипинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде гипотензия қаупі артады. Амлодипин мен кларитромицинді бірге тағайындаған кезде пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады.

Біріктіріп қолдану сақтықты талап етеді

Гипотензивті амлодипин гипертензияға қарсы қасиеттері бар басқа препараттардың гипотензивті әсерін күшейтеді.

Такролимус

амлодипинмен бірге қолданғанда қанда такролимус концентрациясының жоғарылау қаупі бар. Амлодипинді тағайындау кезінде такролимустың уыттылығының алдын алу үшін такролимус қабылдайтын пациентке қандағы такролимус концентрациясын бақылау және қажет болған жағдайда оның дозасын түзету қажет.

Рапамициннің механикалық нысана тежегіштері (mTOR)

mTOR тежегіштер (сиролимус, эверолимус, темсиролимус) CYP3A субстраттары болып табылады. Амлодипин - CYP3A әлсіз тежегіші. mTOR тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда амлодипин mTOR тежегіштерінің экспозициясын арттыруы мүмкін.

Циклоспорин

Бүйрек трансплантациясын бастан өткерген, емдік белсенділіктің төмендеуінде циклоспорин концентрациясының әртүрлі жоғарылауы байқалған пациенттерді (орта есеппен 0% – 40%) қоспағанда, дені сау еріктілерде немесе басқа топтарда циклоспорин мен амлодипин арасындағы өзара іс-қимылға зерттеулер жүргізілген жоқ. Бүйрек трансплантациясын бастан өткерген және амлодипин алатын пациенттерде циклоспорин концентрациясын бақылау және қажет болған жағдайда, оның дозасын төмендету керек.

Симвастатин

10 мг амлодипин мен 80 мг симвастатинді бірлесіп бірнеше рет қолдану симвастатин монотерапиясымен салыстырғанда симвастатин экспозициясының 77% - ға артуына әкелді. Амлодипин қабылдайтын пациенттерде симвастатин дозасын тәулігіне 20 мг-ға дейін шектеу керек.

Басқа біріктірілімдер

Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі амлодипин аторвастатин, дигоксин және варфарин фармакокинетикасына әсер етпеді.

Амлодипинді грейпфрут пен грейпфрут шырынын бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені кейбір пациенттерде биожетімділігі жоғарылауы мүмкін, бұл гипотензивті әсерді күшейтеді.

Престанс препаратымен байланысты

Біріктіріп қолдану ерекше сақтықты талап етеді

Баклофен: гипертензияға қарсы әсерінің күшеюі. Артериялық қысымды бақылап, қажет болған жағдайда гипертензияға қарсы дәрінің дозасын түзету керек.

Біріктіріп қолдану сақтықты талап етеді

Гипертензияға қарсы препараттар (мысалы, бета-блокаторлар) және тамыр кеңейтетін дәрілер: осы препараттарды бір мезгілде қабылдау периндоприл мен амлодипиннің гипотензивті әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Нитроглицеринмен және басқа нитраттармен немесе басқа тамыр кеңейтетін дәрілермен бірге қолдану артериялық қысымның одан да төмендеуіне әкелуі мүмкін, сондықтан мұндай біріктірілімді сақтықпен тағайындау керек.

Кортикостероидтар мен тетракозактид Престанс препаратының гипотензивті әсерін азайтады (кортикостероидтардың әсерінен туындаған су мен тұздың іркілуі).

Альфа-блокаторлар (празозин, альфузозин, доксазозин, тамсулозин, теразозин): гипотензиялық әсердің күшеюі және ортостатикалық гипотензияның даму қаупінің жоғарылауы.

Амифостин амлодипиннің гипотензивті әсерін күшейтеді.

Трициклді антидепрессанттармен, психозға қарсы препараттармен, жансыздандыратын препараттармен және ά-блокаторлармен (празозин, альфузозин, доксазозин, тамсулозин, теразозин) біріктіріп қабылдау гипотензивті әсердің күшеюіне және ортостатикалық гипотензияның даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Шығарылу түрі

30 таблеткадан таблеткаларды біртіндеп беруге арналған дозалайтын саңылауы бар полипропилен тубаға салынады. Туба 2 г сиккативті гелі бар тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тығынмен жабылады.

1 тубадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, тығыз тығындалған контейнерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «Престанс таблеткалары 5 мг/5 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

01000200030004000500012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыПрестанс таблеткалары 5 мг/5 мг №30дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
4270

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 505

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

4775

4270

505

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАстана қаласындағы «Престанс таблеткалары 5 мг/5 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube