Қолдану көрсеткіштері
Пропофол-Липуро 10 мг/мл қысқа уақыт әсер ететін венаішілік жалпы анестетик болып табылады және
• ересектер мен жасы 1 айдан асқан балаларда жалпы анестезияны индукциялау және қолдау;
• қарқынды ем бөлімшесіндегі ӨЖЖ аппаратына қосылған, 16 жастан асқан пациенттерді тыныштандыру;
• диагностикалық және хирургиялық емшараларды жүргізу алдында жеке немесе жергілікті әрі аймақтық анестезиямен біріктірілімде ересектер мен жасы 1 айдан асқан балаларды тыныштандыру үшін арналған.