Дозалау режимі
5-10 күн ішінде күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден.
Енгізу әдісі және жолы
Суппозиторийді қолданар алдында:
– пішінді ұяшықты қаптаманың перфорация сызығы бойынша алғашқы қаптамадан бір суппозиторийді бөліп жыртып алу;
– әрі қарай екі жаққа тарта отырып үлбірді қырынан тарту және суппозиторийді алғашқы қаптамадан босату қажет. Суппозиторийді артқы өтіс ішіне терең енгізеді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ішекті босатқаннан және гигиеналық ем-шаралардан кейін күніне 1-2 реттен (таңертең және кешке) 1 суппозиторийден қолданады.
Емдеудің ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына, қол жеткізілген емдік тиімділікке, емдеу сипатына (монотерапия немесе кешенді ем) қарай дәрігер белгілейді.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Деректер жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін айқындау үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте сирек
-енгізу орнындағы өзгерістер,
-аса жоғары сезімталдық реакциялары, қызару, ісіну, қышынуды қоса.