daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Равел СР Таблеткалар 1,5 Мг №60 | KRKA d.d., Novo mesto

Астане қаласындағы Равел СР Таблеткалар 1,5 Мг №60 | KRKA d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Индапамид

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: гидроксипропилметилцеллюлоза, целлактоза (75 % альфа-лактоза моногидраты және 25 % целлюлоза ұнтағы), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты үлбірлі қабық: Opadry Y-1-7000 (гидроксипропилметилцеллюлоза, макрогол 400, титанның қостотығы (Е171))

Белсенді заттың дозасы:

1.5 мг

Қаптамадағы саны:

60 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- артериялық гипертензияда (демеуші ем)

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затына, басқа сульфонамидтерге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

бауыр энцефалопатиясы немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары

гипокалиемия

жүктілік және лактация кезеңі

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Өзара әрекеттесуі

Қолдану ұсынылмайтын біріктірілімдер

Литий: натрийсіз диетадағы сияқты (литий шығарылуының азаюы), артық дозалану белгілерімен бірге қан плазмасындағы литий концентрациясының жоғарылауы. Алайда, диуретиктерді қолдану қажет болса, қан плазмасындағы литий деңгейін жүйелі түрде бақылауға алу және дозаларына түзету жүргізу керек.

Сақтықты талап ететін біріктірілімдер

а) қарыншалық тахикардияны тудыратын препараттар:

- аритмияға қарсы Ia класты препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)

- аритмияға қарсы дәрілердің III класы (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)

- психозға қарсы кейбір препараттар: фенотиазиндер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлуоперазин)

- бензамидтер (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд)

- бутирофенондар (дроперидол, галоперидол)

- басқа да: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин IV, галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин IV.

Индапамидті осы препараттардың кез-келгенімен, әсіресе гипокалиемия бар кезде бір мезгілде қолдану, қарыншалық аритмияның, әсіресе «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның даму қаупін арттырады. Бұл біріктірілімді қолданар алдында гипокалиемияны бақылауда ұстау қажет. Қан плазмасындағы электролиттер деңгейін бақылау және ЭКГ қажет.

Гипокалиемия болған жағдайда, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия туындатпайтын препараттарды қолданған жөн.

б) қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (жүйелі қолдану), ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса, салицил қышқылының жоғары дозалары (тәулігіне ≥ 3 г): индапамидтің гипотензиялық әсері азаюы мүмкін. Сусыздануы (шумақтық сүзілудің төмендеуі) бар пациенттерде бүйректің жедел жеткіліксіздігінің қаупі бар. Емдеудің басында пациенттің бүйрек функциясын бақылау, сондай-ақ су теңгерімін қалпына келтіру қажет.

в) ангиотензин өзгертуші ферменттердің (АӨФ) тежегіштері: АӨФ тежегіштері емдеудің басында бұрыннан натрий тапшылығы бар пациенттерде (әсіресе, бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) кенеттен гипотензия және/немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін.

Гипертензия кезінде, егер диуретиктік дәрілермен алдыңғы емдеу натрий тапшылығына себеп болса, АӨФ тежегіштерімен емдеу басталғанға дейін 3 күн бұрын диуретиктік дәрілерді қолдануды тоқтату және қажет болса, қабылдауды калий жинақтаушы диуретиктерсіз қайта бастау ұсынылады немесе емдеуді АӨФ тежегішінің бастапқы төменгі дозасымен тағайындауға және дозасын біртіндеп арттыруға болады.

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде, емдеуді АӨФ тежегіштерінің өте төмен дозаларынан бастау қажет, дозаларын төмендеткеннен кейін, калий жинақтаушы диуретиктерсіз қолданған дұрыс.

Барлық пациенттерде, АӨФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы апталары бойына бүйрек функциясын (қан плазмасындағы креатинин деңгейін) бақылауға алу қажет.

Гипокалиемия тудыратын басқа да препараттар:

амфотерицин В (IV)

глюко- және- минералды кортикостероидтар (жүйелік)

тетракозактид

стимуляциялайтын іш жүргізгіш дәрілер

Гипокалиемияның (аддитивті әсері) туындау қаупі артады. Қан плазмасындағы калий деңгейін мұқият бақылау және реттеу қажет. Оймақгүлді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде, препаратты сақтықпен қолдану қажет. Мұндай пациенттер оны стимуляциялайтын іш жүргізгіш дәрілерсіз қабылдауы тиіс.

Баклофен гипотензиялық әсерін күшейтеді. Көп мөлшерде су ішу қажет; емдеудің басында бүйрек функциясын жүйелі түрде бақылау қажет.

Гипокалиемия және/немесе гипомагниемия оймақгүлдің уытты әсерінің дамуына себепші болады; бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы калий және магний деңгейін мұқият бақылау және реттеу және ЭКГ жүргізу, қажет болса – емдеуді өзгерту қажет.

Аллопуринол

Индапамидпен бір мезгілде қолдану аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының жиілігін арттыруы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ішке, тәулігіне 1 таблеткадан (1,5 мг), дұрысы таңертең. Жоғарырақ дозаларында, индапамидтің гипотензиялық әсері жоғарыламайды, бірақ электролиттердің шығарылуы (салуретиктік әсері) күшейеді.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Таблетканы тұтастай, шайнамай, судың жеткілікті мөлшерімен ішу керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі

Тәулігіне бір рет, дұрысы таңертең.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы жекелей, дәрігердің нұсқауы бойынша таңдалады.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Егер сіз таблеткаларды тағайындалғанынан көп қабылдап қойсаңыз, дереу дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Равел® СР препаратының жоғары дозаларын қолдану жүрек айнуын, құсуды, артериялық қысымның төмендеуін, құрысуларды, бас айналуын, ұйқышылдықты, сананың шатасуын және несеп көлемінің өзгеруін туғызуы мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар 

Егер сіз Равел® СР керек уақытында қабылдауды ұмытып кетсеңіз, әдеттегі дозалау режимін басшылыққа алыңыз және келесі дозасын тағайындалған уақытында қабылдаңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі жөніндегі нұсқау

Артериялық қысымды емдеу әдетте ұзақ уақытқа созылатындықтан, сізге бұл дәрілік препаратты қабылдауды тоқтатпас бұрын дәрігерден кеңес алған жөн.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар.

Дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған кезде емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыРавел СР таблеткалар 1,5 мг №60дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube