Қолдану көрсеткіштері
Гомеопатиялық препарат 12 жастан асқан балаларда қолдануға арналған
етеккір оралымының бұзылуында (дисменорея, екіншілік аменорея, етеккір алдындағы синдром)
климакстық синдромда
Гомеопатиялық препарат 12 жастан асқан балаларда қолдануға арналған
етеккір оралымының бұзылуында (дисменорея, екіншілік аменорея, етеккір алдындағы синдром)
климакстық синдромда
- белсенді заттарға заттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса
жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- маскүнемдіктен, эпилепсиядан зардап шегіп жүрген адамдар үшін, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, бауыр аурулары бар науқастарға.
Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі
Ременс® - бұл бір-бірін өте тиімді толықтыратын және көптеген көрсетілімдердің кең ауқымына әкелетін, қауіпсіздікті арттыратын және ауруды емдеу мен профилактикасын жеңілдететін бірнеше гомеопатиялық дәрінің ерекше біріктірілімі.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Гомеопатиялық дәрілік заттың әсеріне әдетте өмір салтындағы зиянды факторлар, стимуляциялайтын әсер беретін препараттар мен экзотикалық тамақ өнімдері жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Сақтық шаралары
Пациенттер бауырдың зақымдану белгілері (сарғаю, несептің күңгірттенуі, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, жүректің айнуы, тәбеттің жоғалуы, шаршау) пайда болған жағдайда, Ременс® тамшыларын қабылдауды дереу тоқтатуы керек.
Бір реттік дозада (Ременс® 10 тамшысы) құрамында 160 мг этанол бар. Осы дәрілік заттың 10 тамшысының мөлшері шамамен 4 мл сыраға немесе 2 мл-ден аз шарапқа баламалы.
Бұл дәрідегі алкогольдің аздаған мөлшері елеулі әсер етпейді.
Ременстің құрамында лактоза моногидратының іздері бар (ең жоғары тәуліктік дозасыда 10 мг-ден аз). Бұл мөлшері лактоза жақпаушылығы бар пациенттер үшін қауіп төндірмейді. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Гомеопатиялық препараттарды қабылдаған кезде алғашқы реакциялар туындауы мүмкін. Әдетте бұл реакциялар өздігінен жылдам басылады.
Ременс® - құрамында өсімдік шикізаты бар, сондықтан дәмі мен иісі әр түрлі болуы және сәл бұлыңғыр болуы мүмкін. Бұл препараттың сапасы мен тиімділігіне ешқандай әсер етпейді.
Педиатрияда қолдану
Ременс® тамшылары 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындалмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Ременс® тамшылары жүктілік және емшек емізу кезінде тағайындалмауы тиіс
Лактация кезеңі
Ременс® тамшылары емшек емізу кезінде тағайындалмауы тиіс
Фертильділік
Фертильділікке әсері туралы деректер жоқ
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ременс® тамшылары автомобильді және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Дозалау режимі
Емнің басында жасөспірімдер және ересек әйелдер 10 тамшыдан әрбір 30-60 минут сайын (ең көбі күніне 8 рет) қабылдаулары тиіс. Жағдайы жақсарған кезде қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін азайтылуы тиіс.
Емдеу курсы 3 ай.
Ременс® тамшыларын тамақтанудан 30 минут бұрын немесе тамақтанудан кейін кем дегенде 1 сағаттан соң қабылдау керек.
Ременс® – тамшылары аздаған су мөлшерімен сұйылтылып қабылдануы керек.
Шағымдар көбейген жағдайда немесе 3 айдан кейін жақсаруы басталмаған болса, дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің әрбір ұзағырақ курсын гомеопат-дәрігер бақылауы тиіс, өйткені дәрілік затты қабылдаумен байланысты жағымсыз симптомдар (жаңа симптомдар) дұрыс қолданбау салдарынан туындауы мүмкін.
20 немесе 50 мл препараттан қоңыр шыныдан жасалған, бұрандалы қақпағы және полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы бар құтыларға құйылған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан және күшті электромагнитті өрістерден қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарықтан және күшті электромагнитті өрістерден қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан және күшті электромагнитті өрістерден қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Ременс тамшылары 50 мл” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 532₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Астане:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4667₸
4135₸
532₸