daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Ровамицин Таблеткалары 1,5 Млн ХБ №16 | Санофи С.П.А

Астане қаласындағы Ровамицин Таблеткалары 1,5 Млн ХБ №16 | Санофи С.П.А
Сипаттама:

Қабықпен қапталған таблеткалар 1.5 млн. ХБ - дөңгелек, екі беті дөңес ақ немесе ақшыл сары түсті қабықпен қапталған, бір жағында «RPR 107» таңбасы бар таблеткалар Қабықпен қапталған таблеткалар 3.0 млн. ХБ - дөңгелек, екі беті дөңес ақ немесе ақшыл сары түсті қабықпен қапталған, бір жағында «ROVA 3» таңбасы бар таблеткалар Шығарылу түрі және қаптамасы 1.5 млн. ХБ 8 таблеткадан немесе 3.0 млн. ХБ 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан (1.5 млн ХБ доза үшін) немесе 1 пішінді ұяшықты қаптамадан (3.0 млн. ХБ доза үшін)  медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Халықаралық атауы:

Спирамицин

Өндіруші:

Санофи С.П.А

Өндіруші ел:

Итальянская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, желатинделген жүгері крахмалы, төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы (натрий карбоксиметилцеллюлозсы), микрокристалды целлюлоза. Қабықтың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), макрогол 6000, гипромеллоза.

Белсенді заттың дозасы:

1 500 000 МЕ
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Емдеу көрсетілімдері спирамициннің бактерияға қарсы белсенділігі мен фармакокинетикалық қасиеттеріне негізделген. Көрсетілімдер аталған дәрілік  препарат бойынша орындалған клиникалық зерттеулерді де,  оның қазіргі кезде нарықтағы қолжетімді бактерияға қарсы дәрілердің  ассортиментіндегі орындарын да ескере отырып келтірілген.

Спирамицинді пайдалану, дәрілік затқа төзімді микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеумен шектеледі:

- бета-лактаммен емдеуге балама ретінде А тобының бета-гемолиздік стрептококктан туындаған расталған тонзиллофарингитте, әсіресе бета-лактамдарды қолдану мүмкін болмағанда

- жедел синусит: аталған инфекциялардың микробиологиялық сипаттамалары есебінен макролидтерді пайдалану көрсетілген, бета-лактамдармен емдеу мүмкін емес жағдайда

- жедел бронхиттің суперинфекциясы

- созылмалы бронхиттің өршуі

- субъектілердегі ауруханадан тыс пневмония:

- қауіп факторлары жоқ

- ауыр клиникалық симптомдары жоқ

- шығу тегі пневмококктық екенін көрсететін клиникалық белгілері жоқ

Қарсы көрсеткіштер

- спирамицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар (таблетка түрінде болғандықтан өкпе аспирациясы қаупі бар)

Өзара әрекеттесуі

Пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қажет болатын біріктірілімдер:

Пируэттік қарыншалық тахикардияны туындататын дәрілік препараттар: Ia классты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид), III классты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид), сультоприд (бензамидті нейролептик), және басқа торсадогендер, мышьяк қосылыстары, бепридил, цизаприд, дифенил, доласетрон IV, эритромицин IV, левофлоксацин, мизоластин, моксифлоксацин, прукалоприд, торемифен, винкамин IV)

Қарыншалық аритмияның, әсіресе пируэттік қарыншалық тахикардия қаупінің жоғарылауы

Леводопа (карбидопамен үйлесімде)

Карбидопа сіңірілуінің тежелуі және леводопаның плазмадағы концентрацияларының төмендеуі.

Клиникалық параметрлерді бақылау керек, ал қажет болған жағдайда леводопа дозасын түзету керек.

ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) теңгерімінің бұзылуымен байланысты айрықша қиындықтар

Антибиотиктермен ем қабылдап жүрген пациенттерде пероральді антикоагулянттардың белсенділігінің жоғарылауының көптеген жағдайлары туралы хабарланды. Инфекцияның немесе қабынудың ауырлығы, пациенттің жасы мен жалпы жағдайы қауіп факторлары болып табылуы мүмкін. Аталған жағдайлар кезінде, инфекция өз алдына қандай дәрежеде екенін немесе оны емдеу ХҚҚ теңгерімінің бұзылуында қаншалықты рөл атқаратынын анықтау қиын болуы мүмкін. Алайда, антибиотиктердің кейбір топтары, әсіресе: фторхинолондар, макролидтер, циклиндер, котримоксазол және кейбір цефалоспориндер бұған көбірек дәрежеде қатысты.

Шығарылу түрі

1.5 млн. ХБ 8 таблеткадан немесе 3.0 млн. ХБ 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан (1.5 млн ХБ доза үшін) немесе 1 пішінді ұяшықты қаптамадан (3.0 млн. ХБ доза үшін)  медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыРовамицин таблеткалары 1,5 млн ХБ №16дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube