Қолдану көрсеткіштері
несепті ургентті (императивті) ұстай алмауды симптоматикалық емдеуде
қуықтың аса жоғары белсенділік синдромы бар пациенттерге тән жиі несеп шығаруды және несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылуды симптоматикалық емдеуде

- әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- несеп шығарудың іркілуі
- ауыр асқазан-ішек аурулары (уытты мегаколонды қоса)
- gravis миастения
- жабық бұрышты глаукома
- гемодиализ жүргізу
- ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі
- кетоконазол сияқты CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде емдеу кезінде ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі немесе ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз)
- лактаза тапшылығы, лактозаға көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы
- бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Қолдану кезінде дәрігердің ұсынымдарын орындау қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Фармакологиялық өзара әрекеттесуі
Антихолинергиялық қасиеттері бар дәрілік заттармен қатарлас емдеу анағұрлым айқын емдік және жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Солифенацин қабылдауды тоқтатқаннан кейін басқа антихолинергиялық препаратпен емдеуді бастамас бұрын шамамен бір апталық үзіліс жасау керек. Холинергиялық рецепторлардың агонистерін бір мезгілде қабылдағанда емдік әсері төмендеуі мүмкін.
Препарат асқазан-ішек жолының моторикасын стимуляциялайтын дәрілік препараттардың, мысалы - метоклопрамид пен цизапридтің әсерін төмендетуі мүмкін.
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі
In vitro зерттеуі солифенацин емдік концентрацияларда адам бауырының микросомаларынан бөлінген CYP1A1/2, 2C9, 2C19, 2D6 немесе 3A4-ті тежемейтінін көрсетті. Осылайша, солифенацин осы CYP-ферменттермен метаболизденетін дәрілік препараттардың клиренсін өзгерту ықтималдылығы аз.
Басқа дәрілік препараттардың солифенацин фармакокинетикасына әсері
Солифенацин СYР3А4 метаболизденеді. СYР3А4 күшті тежегіші кетоконазолды (күніне 200 мг) бір мезгілде енгізу солифенациннің AUC екі есе, ал күніне 400 мг дозада үш есе ұлғаюын туындатты. Сондықтан, егер науқас кетоконазолды немесе CYP3А4 басқа да күшті тежегіштерінің (ритонавир, нелфинавир, итраконазол сияқты) емдік дозаларын бір мезгілде қабылдаса, солифенациннің ең жоғары дозасы 5 мг аспауы тиіс. Солифенацинмен және CYP3А4 күшті тежегішімен бір мезгілде емдеу ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы.
Солифенацин мен оның метаболиттерінің фармакокинетикасына ферменттер индукциясының әсері зерттелмеген, сол сияқты солифенацин әсеріне жоғары аффинді CYP3А4 субстраттардың әсері де зерттелмеген. Солифенацин СYР3А4 метаболизденетіндіктен, тектестігі анағұрлым жоғары (верапамил, дилтиазем) CYP3А4 басқа субстраттарымен және CYP3А4 индукторларымен (рифампицин, фенитоин, карбамазепин) фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі мүмкін.
Солифенациннің басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсері
Пероральді контрацептивтер
Солифенацинді пероральді контрацептивтік дәрілермен бірге қабылдаған кезде солифенацин мен біріктірілген пероральді контрацептивтердің (этинилэстрадиол/левоноргестрел) фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Варфарин
Солифенацинді варфаринмен бірге қабылдаған кезде R-варфарин немесе S-варфарин фармакокинетикасы және олардың протромбиндік уақытқа әсері өзгермейді.
Дигоксин
Солифенацин дигоксинмен бірге қолданғанда дигоксин фармакокинетикасына әсер етпейді.
Арнайы сақтандырулар
Солифенацинмен емді бастар алдында жиі несеп шығарудың басқа да себептерін (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек аурулары) жоққа шығару керек. Несеп шығару жолдарының инфекциясы анықталған кезде тиісті бактерияға қарсы емді жүргізу керек. Мына пациенттерде солифенацинді қолдану кезінде сақтық шараларын сақтау талап етіледі:
несептің ағып шығуы бұзылған және несеп іркілуінің даму қаупі бар клиникалық маңызды қуық обструкциясына шалдыққан;
обструкциясымен асқазан-ішек ауруларына шалдыққан;
асқазан-ішек жолының моторикасының төмендеу қаупі бар;
ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен (креатинин клиренсі <минутына 30 мл);
ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В сатысы) бар; осы пациенттер үшін дозалар 5 мг аспауы тиіс;
бір мезгілде CYP3A4 изоферментінің күшті тежегішін, мысалы, кетоконазолды қабылдайтын;
диафрагманың өңеш саңылауы жарығы, гастроэзофагеальді рефлюксі бар және / немесе эзофагитті туындатуы немесе күшейтуі мүмкін дәрілік препараттарды (мысалы, бисфосфонаттар) бір мезгілде қабылдайтын пациенттер;
вегетативті нейропатиясы бар;
QT аралығының ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия QT аралығының ұзару синдромы мен гипокалиемия сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде байқалды.
Нейрогенді факторлардан туындаған қуықтың детрузор бұлшықеттері аса жоғары белсенді пациенттерде солифенациннің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық бұзылулары, Lapp-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.
Солифенацинді қолданған кейбір пациенттерде тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен ангионевроздық ісіну туралы хабарланды. Егер ангионевроздық ісіну пайда болса, солифенацин сукцинатын қабылдауды тоқтатып, тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет.
Солифенацинді қолданумен ем қабылдаған кейбір пациенттерде анафилаксиялық реакция туралы хабарланды. Анафилаксиялық реакциялар дамыған пациенттерде солифенацин қабылдауды тоқтату және тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет.
Препараттың ең жоғарғы әсері 4 аптадан ерте анықталмауы мүмкін.
Препараттың ең жоғарғы әсеріне 4 аптадан кейін қол жеткізіледі.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Солифенацинді қабылдау кезінде жүкті болған әйелдер туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер фертильділікке, эмбрион/шарананың дамуына немесе босануға тікелей жағымсыз әсер етпеді. Жүктілік кезінде солифенацинді ана үшін емнің пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдануға болады.
Солифенациннің адамның емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде солифенацин және/немесе оның метаболиттері бала емізетін тышқандардың сүтіне енгені анықталды. Бала емізу кезінде солифенацинді қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Солифенацин басқа антихолинергиялық препараттар сияқты, көру арқылы қабылдау бұлыңғырлығын, сондай-ақ жиі емес ұйқышылдық пен шаршау сезімін туындатуы мүмкін, бұл көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.

Дозалау режимі
Ересектер, егде жастағыларды қоса
Тамақ ішу уақытына қарамастан сұйықтық іше отырып, 5 мг тәулігіне бір рет ішке, тұтастай қабылдайды. Қажет болған жағдайда, доза тәулігіне бір рет 10 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Балалар
Балалардағы солифенациннің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан балаларда Соликем препаратын қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету талап етпейді.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) Соликем препараты медициналық бақылауды мұқият жүргізе отырып, тәулігіне 5 мг аспайтын дозада қолданылуы тиіс.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Жеңіл дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В сатысы) Соликем препараты мұқият медициналық бақылауды жүргізе отырып, тәулігіне 5 мг аспайтын дозада қолданылуы тиіс.
CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерін алатын пациенттер
Солифенацинді кетоконазолмен немесе нелфинавир итраконазол сияқты CYP3A4 изоферментінің басқа да күшті тежегішінің емдік дозасымен бірге қолданған кезде Соликем препаратының ең жоғары тәуліктік дозасы 5 мг аспауы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы тамақ ішу уақытына қарамастан, тұтастай жұтып, сұйықтықты іше отырып, ішке қабылдау керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Солифенацинмен артық дозалану ауыр антихолинергиялық әсерлерге әкелуі мүмкін. Бір пациент кездейсоқ қабылдаған солифенациннің ең жоғары дозасы - 5 сағат ішінде 280 мг. Бұл доза пациенттің психикалық жағдайының өзгеруіне әкелді, бірақ ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Артық дозаланған жағдайда белсендірілген көмірді тағайындау керек, асқазанды шаю бір сағат ішінде тиімді, бірақ құстыртпау керек. Басқа антихолинергиялық дәрілердің артық дозалануы жағдайындағыдай, симптомдарды келесідей емдеу керек:
орталықтан әсер ететін ауыр антихолинергиялық әсерлерде (елестеулер, айқын қозғыштық) – карбахол;
құрысулар немесе айқын қозғыштық кезінде - бензодиазепиндер;
тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде - жасанды тыныс алу;
тахикардияда - бета-блокаторлар;
жедел несеп іркілу кезінде - катетеризация;
мидриаз кезінде - пилокарпинді көзге тамызу және/немесе науқасты қараңғы бөлмеге орналастыру.
Басқа антихолинэргиялық препараттармен артық дозаланған жағдайдағыдай, QT аралығының ұзару қаупі белгіленген пациенттерге (яғни гипокалиемия, брадикардия кезінде және QT аралығының ұзаруын туындататын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда) және бұрын анықталған жүрек аурулары (миокард ишемиясы, аритмия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) бар пациенттерге ерекше назар аудару керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Әрқашан бұл дәріні дәрігер айтқандай қабылдаңыз. Егер сенімді болмасаңыз, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Алюминий/алюминийден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Соликем таблеткалары 10 мг №30” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 275₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Астане:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
3985₸
3710₸
275₸