daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Стерофундин ISO Инфузия Ерітіндісі 500 Мл | Браун Б. Мельзунген АГ

Астане қаласындағы Стерофундин ISO Инфузия Ерітіндісі 500 Мл | Браун Б. Мельзунген АГ
Сипаттама:

Түссіз мөлдір ерітінді.

Өндіруші:

Браун Б. Мельзунген АГ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді заттың дозасы:

500 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Стерофундин ISO - организмді сұйықтықпен және тұзбен қамтамасыз ету үшін венаға инфузияға арналған ерітінді.

Бұл ерітінді қан айналымы жүйесінен жоғалған сұйықтықты алмастырады. Ерітінді қан аздап қышқылдануы немесе айналуы мүмкін жағдайларда қолданылады (жеңіл ацидоз).

Қарсы көрсеткіштер

– егер организмде су көп болса (гипергидратация)

– егер ентігу және өкшенің немесе аяқтың ісінуі бар жедел жүрек жеткіліксіздігі болса (жедел іркілген жүрек жеткіліксіздігі)

– егер бүйректің күрделі ауруы болса және пациент несеп шығара алмаса немесе мүмкін болмаса (олиго- немесе ануриямен күрделі бүйрек жеткіліксіздігі)

– егер сұйықтықтың жиналуынан дене тіндерінің ісінуі болса

– егер қандағы калий немесе кальций деңгейі жоғарылау болса

– егер қан тым сілтілі болса (метаболизмдік алкалоз)

Өзара әрекеттесуі

Егер пациент  таяу уақытқа дейін қандай да бір басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрсе немесе қабылдауы мүмкін болса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарлау қажет.

Емдеуші дәрігер пациентке, егер ол келесі дәрілік препараттарды қабылдап жүрген болса, ерекше мұқият көңіл бөлуі қажет:

• организм тіндерінде сұйықтық жиналуына (ісіну) әкелуі мүмкін екендіктен, натрий іркілуін тудыратын түрлер (мысалы, кортикостероидтар немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар).

• қанда калий деңгейін арттыратын дәрілер, мысалы

- организмнен калий шығарылуын төмендететін кейбір диуретиктер (несеп айдайтын дәрілер) (калий жинақтаушы диуретиктер, мысалы, амилорид, спиронолактон, триамтерен)

- қан қысымын төмендететін кейбір дәрілік заттар (AӨФ тежегіштері, мысалы, эналаприл)

- кейбір ауыруды басатын дәрілер (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, мысалы, ибупрофен)

такролимус, циклоспорин (қолайсыз иммундық реакцияларды басу үшін қолданылатын препараттар)

- суксаметоний (анестезия кезінде берілетін бұлшықетті босаңсытуға пайдаланылатын дәрі)

• организмнен калий шығарылу жылдамдығын арттыратын дәрілер (мысалы, АКТГ, кортикостероидтер және ілмекті диуретиктер).

Бұл ерітінді жүрек гликозидтерінің (оймақгүл препараттары) әсеріне ықпал ете алады.

Бұл ерітінді кейбір антибиотиктердің (тетрациклин антибиотиктері) тиісті үлгіде жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Кейбір несеп айдайтын дәрілер (тиазидтік диуретиктер) және D дәрумені кальций шығарылуының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Ерітінді құрамындағы малат қышқыл препараттардың шығарылуын күшейтуі, демек, олардың әсерін әлсіретуі мүмкін.

Малат симпатомиметиктер (мысалы, эфинефрин) және стимуляторлар (мысалы, дексамфетамин сульфаты) әсерін ұзартады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Осы дәрілік препаратты үнемі емдеуші дәрігер немесе фармацевт ұсынымдарына сәйкес қабылдау қажет. Егер пациент бір нәрсеге сенімсіз болса, емдеуші дәрігер немесе фармацевтке жүгіну қажет.

Дозалау режимі

Ересектер, егде жастағылар, жасөспірімдер және балалар:

Доза пациенттің жасына, дене салмағына, клиникалық және биологиялық жағдайына, қатарлас терапияға байланысты.

Ұсынылатын дозалар:

− егде адамдар, ересектер және жасөспірімдер үшін:

тәулігіне 500 мл-ден 3000 мл-ге дейін, бұл тәулігіне дене салмағының кг 1-6 ммоль натрийге және тәулігіне дене салмағының кг 0,03-0,17 ммоль калийге сәйкес келеді

− сәбилер және балалар үшін:

тәулігіне 20 мл-ден 100 мл-ге дейін, бұл тәулігіне дене салмағының кг 3-14 ммоль натрийге және тәулігіне дене салмағының кг 0,08-0,40 ммоль калийге тәулігіне сәйкес келеді

Инфузия жылдамдығы:

Инфузияның ең жоғары жылдамдығы пациенттің сұйықтық пен электролиттерге қажеттілігіне, дене салмағына және клиникалық-биологиялық жағдайына байланысты.

Балалар үшін инфузия жылдамдығы орта есеппен сағатына дене салмағының кг 5 мл құрайды, алайда жылдамдық жасына байланысты:

- нәрестелер үшін (28 күннен 12 айға дейін) 6-8 мл/кг дене салмағы/сағ;

- сәбилер үшін (12 айдан 2 жасқа дейін) 4-6 мл/кг дене салмағы/сағ;

- балалар үшін (2 жастан 11 жасқа дейін) 2-4 мл/кг дене салмағы/сағ.

Нәрестелердегі (28 күнге дейін) Стерофундин ISO қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Қолдану тәсілі және ұзақтығы

Вена ішіне инфузия түрінде.

Стерофундин ISO шеткері тамырларға енгізілуі мүмкін.

Егер емдеу кезінде ерітіндіні қысыммен инфузия арқылы тез енгізу қажет болса, инфузия алдында контейнерден және инфузиялық жүйеден барлық ауаны алып тастау керек, өйткені кері жағдайда инфузия кезінде ауа эмболиясының пайда болу қаупі бар.

Препаратты енгізу кезінде су теңгерімін, қан плазмасындағы электролиттер концентрациясын және рН деңгейін бақылау қажет.

Стерофундин ISO тағайындау көрсетілімдері болғанша қолдануға болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Артық дозалану немесе препаратты тым тез енгізу су мен натрийдің артылуына әкелуі мүмкін, бұл ісіну қаупін тудырады, әсіресе натрийдің бүйрек арқылы шығарылуы қиын болған кезде. Бұл жағдайда қосымша гемодиализ қажет болуы мүмкін.

Калийді шамадан тыс енгізу, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуынан зардап шегетін пациенттерде гиперкалиемияның дамуына әкелуі мүмкін.

Симптомдары: аяқ-қол парестезиясы, бұлшықет әлсіздігі, салдану, жүрек аритмиясы, жүрек блокадасы, жүректің тоқтауы және сананың бұлыңғырлануы.

Емі: кальций, инсулин (глюкозамен) натрий бикарбонатын, ион алмасу шайырларын енгізу немесе диализ.

Магний тұздарын шамадан тыс парентеральді енгізу гипермагниемияның дамуына әкеледі.

Симптомдары: нейро-бұлшықет блокадасының нәтижесі болып табылатын терең сіңір рефлекстерінің жоғалуы және тыныс алу функциясының тежелуі, сондай-ақ жүрек айнуы, құсу, терінің қызаруы, шөлдеу, шеткері вазодилатацияға байланысты гипотензия, ұйқышылдық, сананың шатасуы, бұлшықет әлсіздігі, брадикардия, кома және жүректің тоқтауы.

Хлорид тұздарын шамадан тыс енгізу бикарбонаттың жоғалуына, содан кейін қышқылдандырғыш әсерге әкелуі мүмкін.

Бикарбонат анионынан метаболизденетін ацетат және малат сияқты қосылыстарды шамадан тыс енгізу, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде метаболизмдік алкалозға әкелуі мүмкін.

Симптомдары: көңіл-күйдің жиі өзгеруі, шаршау, тыныс алудың жиілеуі, бұлшықет әлсіздігі, жүрек ырғағының бұзылуы. Гипокальциемиядан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет гипертонусы, тартылуы және тетания болуы мүмкін.

Емі: су және электролит теңгерімін тиісінше түзету.

Кальций тұздарын шамадан тыс енгізу гиперкальциемияға әкелуі мүмкін.

Симптомдары: анорексия, жүрек айнуы, құсу, іш қату, құрсақ қуысы тұсының ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, психикалық бұзылыс, полидипсия, полиурия, нефрокальциноз, бүйрек конкременттері, әсіресе күрделі жағдайларда жүрек ырғағының бұзылуы және кома.

Кальций тұздарын вена ішіне тым тез енгізу гиперкальциемияның көптеген симптомдарына, сондай-ақ ауызда бордың дәмін сезінуге, ысынуға және шеткері вазодилатацияға әкелуі мүмкін. Баяу асимптоматикалық гиперкальциемия кезінде кальцийді және D дәрумені сияқты басқа өршітетін дәрілерді қабылдауды тоқтату жеткілікті. Жедел гиперкальциемия дамыған кезде ілмектік диуретиктерді, гемодиализді, кальцитонинді, бисфосфонаттарды және тринатрий эдетатын қолдану арқылы жедел емдеу қажет.

Инфузиялық ерітіндіге қосылған препараттармен артық дозаланған жағдайда, артық дозалану белгілері мен симптомдары қосылған препараттың типіне байланысты болады.

Кездейсоқ артық дозалану жағдайында емдеуді тоқтатып, осы препаратқа тән артық дозалану белгілері мен симптомдарын анықтау үшін пациентті тексеру керек. Қажет болса, тиісті симптоматикалық және демеу шараларын қолдану керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер пациентте осы дәріні пайдалануға қатысты қандай да бір қосымша сауалдар болса, емдеуші дәрігер немесе фармацевтке хабарласу қажет.

Шығарылу түрі

500 мл немесе 1000 мл препараттан полиэтилен тығындарымен тығыз тығындалған тығыздығы төмен полиэтилен құтыларға салынады.

10 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Контейнердің алғашқы ашылуынан кейінгі сақтау мерзімі

Микробиологиялық тұрғыдан, препарат ашқаннан кейін дереу пайдаланылуы тиіс. Егер осылай болмаса, ашылған құтының сақтау уақыты және шарттары толығымен пайдаланушы жауапкершілігінде болады және ерітіндінің асептикалық бақыланатын жағдайларда қалпына келтірілгенше/сұйылтылғанша сақталуы, әдетте, 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыСтерофундин ISO инфузия ерітіндісі 500 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube