daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Stopdiar Суспензиясы 220 Мг/5 Мл 90 Мл | Гедеон Рихтер ОАО

Астане қаласындағы Stopdiar Суспензиясы 220 Мг/5 Мл 90 Мл | Гедеон Рихтер ОАО
Сипаттама:

Банан иісі бар ашық-сары түсті суспензия. Сақтау барысында сәл шөгеді, сілкігеннен кейін құты түбінде қою шөгінді түзбей, біртекті суспензияға айналады

Халықаралық атауы:

Нифуроксазид

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий гидроксиді, банан эссенциясы, метилпарагидроксибензоат, карбомер, симетикон эмульсиясы 30%, сахароза, тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

220 мг/5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Шығу тегі бактериялық жедел және созылмалы диареяда.

Диареямен байланысты басқа ауруларда, мысалы, тамақтан жедел улану.

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттеріне, оның ішінде 5-нитрофуранның басқа туындыларына жоғары жекелей сезімталдық;

- фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахараза-изомальтаза тапшылығы;

- шала туған нәрестелер және бір айлық жаңа туған сәбилер;

- жүктілік.

Өзара әрекеттесуі

Стопдиарды дисульфирам тәрізді реакцияларға әкелетін препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Стопдиар препаратымен емдеу кезінде алкогольді тұтыну дисульфирам тәрізді реакцияларды тудыруы мүмкін.

Препаратпен емдеу барысында препараттың күшті абсорбциялық қасиеттеріне байланысты басқа да пероральді дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Арнайы нұсқаулар

Стопдиар препаратын 7 күннен артық қабылдау ұсынылмайды. 3 күндік емдеуден кейін жалғасқан диарея жағдайында әрі қарай емдеу тәсілі туралы мәселені шешу үшін дәрігердің кеңесі қажет.

Ауыр инвазиялық диарея жағдайында антибиотик енгізу керек, өйткені Стопдиар препараты асқазан-ішек жолынан сіңбейді.

Препаратты қолдану кезеңінде шырындарды, шикі көкөністер мен жемістерді, ащы және қорытылуы қиын өнімдер мен тағамдарды, сондай-ақ мұздатылған тағамдар мен салқын сусындарды қоспай диетаны сақтау қажет. Қуырылған ет пен күрішті қолдану ұсынылады.

Аса сезімталдық реакциясы (ентігу, ісіну, тері бөртпесі, қышыну) пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Препараттың айқын адсорбциялық қасиеттеріне байланысты басқа дәрілік заттарды бір мезгілде пероральді қабылдаудан аулақ болу керек. Стопдиар препаратымен емдеу кезінде алкогольді ішімдіктерді қабылдауға болмайды, өйткені алкоголь организмнің препаратқа сезімталдығын арттырады және дисульфирам тәрізді реакцияны қоздыруы мүмкін, ол диареяның өршуімен, құсумен, іш ауыруымен, тері гиперемиясымен, бет пен дененің жоғарғы бөлігінің ысу сезімімен, бастың шуылдауымен, тыныс алудың қиындауымен, тахикардиямен, қорқыныш сезімімен көрінеді.

Егер препаратпен емдеу кезеңінде сусыздану симптомдары пайда болса, пациенттің клиникалық жағдайына сәйкес сұйықтықтың, тәтті және қантсыз сусындардың (ересектер үшін тәулігіне шамамен 2 литр сұйықтық) көп мөлшерімен регидратациялық ем жүргізу керек. Ауыр және ұзаққа созылған диарея, ауыр құсу және анорексия жағдайында венаішілік регидратациялық ем жүргізу қажеттілігін бағалау керек.

Препарат құрамында сахарозаның болуына байланысты фруктоза жақпаушылығымен, глюкоза-галактозаның нашар резорбциясы синдромымен немесе сахараза-изомальтазаның жетіспеушілігімен байланысты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттер осы дәрілік затты қабылдамауы тиіс.

Құрамында метилпарагидроксибензоаттың болуына байланысты препарат баяу типті аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Стопдиар, суспензия төмендігелерге тағайындалады:

2 айдан 6 айға дейінгі балаларға: 110 мг-ден (2,5 мл, суспензияның кіші өлшегіш қасығымен) тәулігіне 2 рет, әрбір 12 сағат сайын.

7 айдан 6 жасқа дейінгі балаларға: 220 мг-ден ( 5 мл, суспензияның үлкен өлшегіш қасығымен) тәулігіне 3 рет әрбір 8 сағат сайын.

Ересектер мен 7 жастан асқан балаларға: 220 мг-ден (5 мл, суспензияның үлкен өлшегіш қасығымен) тәулігіне 4 рет әр 6 сағат сайын.

Стопдиарды қабылдар алдында біртекті суспензия алу үшін құтыны бірнеше рет сілку керек. Тағайындалған дозаны өлшегеннен кейін суспензияны жұтып қою керек, оны сумен ішуге болады.

Емдеу ұзақтығы

Препаратты емдеу курсы 7 күннен аспайды. Емдеудің 2 күні ішінде препараттың тиімділігі болмаған жағдайда, емдеуді түзету үшін дәрігердің кеңесі қажет.

Жедел диареяны препаратпен емдеу кезінде пациенттің жалпы жағдайына байланысты организмдегі сұйықтық тапшылығын үнемі пероральді немесе венаішілік толтыру міндетті болып табылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі, ұйқышылдық және диарея.

Емі: организмнің өмірлік маңызды функциясын мұқият мониторнигілеу, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Артық дозалану

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі, ұйқышылдық және диарея.

Емі: организмнің өмірлік маңызды функциясын мұқият мониторнигілеу, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі

90 мл препараттан полиэтилен қалпақшасымен тығындалған қызыл-сары шыныдан жасалған құтыларда. 1 құтыдан сыйымдылығы 2,5 мл және 5 мл екі еселенген өлшегіш қасығымен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 0C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі - 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

90 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыStopdiar суспензиясы 220 мг/5 мл 90 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube