Қолдану көрсеткіштері
Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу.
Сумамигренді бас сақинасы диагнозы күмән тудырмаған жағдайда ғана қолдану керек.
Аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамаларын басу.
Сумамигренді бас сақинасы диагнозы күмән тудырмаған жағдайда ғана қолдану керек.
суматриптанға немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, Принцметал стенокардиясы, инфаркттен кейінгі жағдай) және жүрек-қантамыр жүйесінің басқа да аурулары
ми қан айналымының бұзылуы (ми инсульті, мидың өткінші ишемиясы)
шеткері қан айналымының бұзылуы
бақыланбайтын гипертензия, орташа және ауыр дәрежедегі артериялық гипертензия
моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (Сумамигренді моноаминоксидаза тежегіштерімен емдеуден кейін 14 күн өткен соң қолдануға болады)
құрамында эрготамин немесе оның туындылары, мысалы, дигидроэрготамин және метисергид бар дәрілік заттармен немесе 5-HT1 рецепторларының агонистері тобынан басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану (Сумамигренді құрамында эрготамин немесе оның туындылары бар препараттармен емдегеннен кейін 24 сағат өткен соң қолдануға болады)
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
эпилепсия
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
жүктілік және лактация кезеңі
65 жастан асқандар
Дәрілік затты мыналармен қабылдауға болмайды:
құрамында эрготамин және оның туындылары бар препараттар (мысалы, дигидроэрготамин немесе метисергид)
моноаминоксидаза тежегіштерімен, олар суматриптан клиренсін төмендетеді («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз)
серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштермен, мысалы: флуоксетинмен, флувоксаминмен, пароксетинмен, сертралинмен (әлсіздік, жоғары қозғыштық, қимыл үйлесімінің болмауы байқалуы мүмкін)
шайқурай шөбімен - серотонинергиялық әсерлердің күшеюі мүмкін.
Егер осы дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, пациент дәрігерлік бақылауда қалуы тиіс.
Дені сау адамдарға жасалған зерттеулер көрсеткендей, суматриптан пропанололмен, флунаризинмен, пизотифенмен және алкогольмен өзара әрекеттеспейді.
Дозалау режимі
Ересектер
Сумамигрен бас сақинасын мерзімді шұғыл емдеуге арналған. Оны профилактикалық мақсатта қолданбаған жөн. Сумамигрен препаратының ұсынылған дозасын арттыруға болмайды.
Сумамигрен препаратын бас сақинасы басталғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек, бірақ ол аурудың кез келген сатысында бірдей тиімді.
Сумамигрен препаратының пероральді қолдану үшін ұсынылатын дозасы - 50 мг-нан 1 таблетка. Кейбір пациенттерге 100 мг қажет болуы мүмкін.
Егер пациент бірінші дозаны қабылдағаннан кейін жақсарғанын сезінсе, бірақ содан кейін симптомдар қайта басталса, оның қабылдауының арасында кемінде 2 сағат өткен жағдайда екінші дозаны қабылдауына болады. 24 сағат ішінде 300 мг артық қабылдауға болмайды.
Егер Сумамигрен препаратының ұсынылған дозасын қабылдағаннан кейін жақсару байқалмаса, пациент осы ұстаманы тоқтату үшін екінші дозаны қабылдамауы тиіс. Мұндай жағдайларда ұстаманы тоқтату үшін парацетамол, ацетилсалицил қышқылы немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолдануға болады. Алайда, Сумамигренді кейінгі ұстамаларды тоқтату үшін қолдануға болады.
Сумамигрен бас сақинасының ұстамасын тоқтату үшін монотерапия ретінде ұсынылады, оны эрготаминмен немесе оның туындыларымен (метисергидті қоса) бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен жасөспірімдер
10 жасқа дейінгі балаларда Сумамигрен препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Осы жас тобында препаратты қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
10 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда Сумамигрен препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі осы жас тобындағы клиникалық зерттеулерде зерттелмеген. Сондықтан препаратты 10 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер
65 жастан асқан пациенттерде Сумамигрен препаратын қолдану тәжірибесі шектеулі. Осы жас тобындағы препараттың фармакокинетикасы жас адамдарда фармакокинетикадан айтарлықтай ерекшеленбейді, бірақ қосымша клиникалық деректер пайда болғанға дейін, 65 жастан асқан пациенттерге Сумамигрен препаратын тағайындау ұсынылмайды.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды сумен ішіп, тұтастай жұту керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің айқындылығының күшеюі. Артық дозаланғанда препаратты тоқтату керек.
Емі: симптоматикалық.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар
Препараттың келесі дозасын өткізіп алған кезде оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер келесі дозаны қабылдауға аз уақыт қалса, оны жоспарланған уақытта қабылдау керек. Өткізіп алған препараттың орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолданудан бұрын дәрігерге хабарласыңыз.
2 немесе 6 таблеткадан ОПА алюминий фольгадан және ПВХ алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 (2 немесе 6 таблеткадан) пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Сумамигрен таблеткалары 100 мг №2” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 516₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Астане:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4181₸
3665₸
516₸