Қолдану көрсеткіштері
- артериялық гипертензияда
Артериялық гипертензияны монотерапия ретінде немесе біріктірілген ем құрамында емдеу.
- жүрек функциясының клиникалық айқын білінетін созылмалы жеткіліксіздігінде (NYHA II-IV) біріктірілген ем құрамында: қарсы көрсетілімдері жоқ пациенттерде шығу тегі ишемиялық немесе ишемиялық емес болуына байланыссыз жүрек функциясының тұрақты жеңіл, орташа немесе ауыр созылмалы жеткіліксіздігінде, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің стандартты емімен біріктіріп (жүрек гликозидтерімен немесе онсыз АӨФ тежегіштері, диуретиктер) емдеу үшін. Жүрек функциясы жеткіліксіздігін стандартты емдеуге арналған препараттармен біріктіру аурудың үдеуін баяулатады және, осылайша, ауыруды да (жүрек-қантамыр ауруларына байланысты ауруханаға жатқызуды азайтады, және пациенттің өмір сапасын жақсартады), өлімді де азайтады.
- созылмалы тұрақты стенокардияда
Созылмалы тұрақты стенокардияны ұзақ емдеу.
- миокардтың жедел инфарктісінен кейін солжақ қарынша функциясының бұзылуында
Солжақ қарынша функциясының бұзылуымен қатар жүретін миокард инфарктісін (солжақ қарыншаның лықсыту фракциясы < 40% немесе қарынша қабырғасының қозғалу индексі ≤ 1,3) бастан өткерген пациенттерді АӨФ тежегіштерімен немесе басқа дәрілік заттармен біріктіріп емдеу үшін.