Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 0.400 мг тамсулозин гидрохлориді
қосымша заттар:
натрий альгинаты, метакрил қышқылы және кополимер этилакрилатының қоспасы (1:1), глицерол дибегенаты, мальтодекстрин, натрий лаурилсульфаты, полиэтиленгликоль (макроголь) 6000, полисорбат 80, натрий гидроксиді, симетикон эмульсиясы 30%, кремнийдің коллоидты қостотығы (аэросил 200)
капсула корпусы қабығының және қақпақшасының құрамы:
титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), желатин
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Тегіс ашық қызғылт-сары корпусы және қақпақшасы бар қатты желатин капсулалар, өлшемі «2». Капсуланың ішінде – ақ немесе сарғыш түсті түйіршіктер.