daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Тамсол Капсулалары 0,4 Мг №30 | Гедеон Рихтер ОАО

Астане қаласындағы Тамсол Капсулалары 0,4 Мг №30 | Гедеон Рихтер ОАО
Сипаттама:

Өлшемі № 2, корпусы мөлдір емес сары-қоңыр түсті және қақпағы мөлдір емес қоңыр түсті қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішіндегісі - ақ немесе ақ дерлік түсті пеллеттер.

Халықаралық атауы:

Тамсулозин

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Румыния

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: кальций стеараты, триэтилцитрат, тальк, метакрил қышқылы - этилакрилат сополимерінің (1:1) 30 % дисперсиясы, құрамында: (натрий лаурилсульфаты, полисорбат 80), микрокристалды целлюлоза желатинді капсула қабығының құрамы: қақпақша құрамы - темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (E171), желатин корпус құрамы - темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (E171), желатин Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Өлшемі № 2, корпусы мөлдір емес сары-қоңыр түсті және қақпағы мөлдір емес қоңыр түсті қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішіндегісі - ақ немесе ақ дерлік түсті пеллеттер.

Белсенді заттың дозасы:

0,4 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Модификацияланып босап шығатын бір капсула құрамында:

белсенді зат - 0,4 мг тамсулозин гидрохлориді

қосымша заттар: кальций стеараты, триэтилцитрат, тальк, метакрил қышқылы - этилакрилат сополимерінің (1:1) 30 % дисперсиясы, құрамында: (натрий лаурилсульфаты, полисорбат 80), микрокристалды целлюлоза

желатинді капсула қабығының құрамы:

қақпақша құрамы - темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (E171), желатин

корпус құрамы - темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (E171), желатин

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өлшемі № 2, корпусы мөлдір емес сары-қоңыр түсті және қақпағы мөлдір емес қоңыр түсті қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішіндегісі - ақ немесе ақ дерлік түсті пеллеттер.

Қолдану көрсеткіштері

Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында (ҚАБҚГ) дизуриялық бұзылыстарды емдеуде.

Қарсы көрсеткіштер

Дәрілік ангионевроздық ісінудің дамуын қоса алғанда, әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Ортостатикалық гипотензия (оның ішінде анамнездегі).

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі.

Өзара әрекеттесуі

Тамсол препаратын атенололмен, эналаприлмен, нифедипинмен немесе теофиллинмен бір мезгілде тағайындағанда дәрілік өзара жағымсыз әрекеттесулер байқалмаған.

Препаратты циметидинмен бір уақытта қабылдау қан плазмасында тамсулозиннің концентрациясының жоғарылауына, ал фуросемидпен бірге қабылдау - препараттың плазмалық концентрациясының төмендеуіне алып келеді, алайда, концентрация рұқсат етілетін деңгей шамасында қалады. Сонымен, мұндай жағдайларда дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Диазепам, пропранолол, трихлорметиазид, хлормадинон, амитриптилин, диклофенак, глибенкламид, симвастатин және варфарин in vitro жағдайында адамның қан плазмасында тамсулозиннің бос фракциясы деңгейіне әсер етпейді. Тамсулозин, өз кезегінде диазепам, пропранолол, трихлорметиазид және хлормадинонның бос фракциясына әсер етпейді.

Алайда, диклофенак пен варфарин тамсулозиннің шығарылу жылдамдығын арттыруы мүмкін. Тамсулозин гидрохлоридін CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында тамсулозин гидрохлоридінің концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Тамсулозинді кетоконазолмен бір мезгілде қолданғанда (CYP3А4 изоферментінің күшті тежегіші) тамсулозиннің қисық астындағы ауданының (AUC) «концентрация-уақыт» және ең жоғары концентрация (Cmax) көрсеткіштері сәйкесінше 2,8 және 2.2 есе өскен.

CYP2D6 изоферменті субстраттарының метаболизмі баяулаған пациенттерде тамсулозин гидрохлориді мен CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерін бірге қолданбаған дұрыс. Тамсулозин гидрохлоридін CYP3A4 изоферментінің күшті және орташа тежегіштерімен бірге сақтықпен тағайындайды.

Тамсулозинді пароксетинмен (CYP2D6 изоферментінің күшті тежегіші) бір мезгілде тағайындағанда тамсулозиннің Сmax және AUC көрсеткіштері сәйкесінше 1,3 және 1,6 есе өскен, алайда бұл ұлғаю клиникалық елеусіз деп танылды. Басқа да α1-адренорецепторлар антагонистерін бір мезгілде тағайындау артериялық қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Басқа да альфа1-адреноблокаторларды қабылдағандағы сияқты, жекелеген адамдарда Тамсол препаратын қабылдау артериялық қысым төмендеуімен, сирек жағдайларда – коллапс дамуымен бірге жүруі мүмкін. Ортостатикалық гипотензияның бірінші белгілері (бас айналуы, жалпы әлсіздік) пайда болғанда осы симптомдар жойылғанша отыру немесе көлденең жатқызу ұсынылады.

Тамсол препаратымен ем бастағанға дейін пациент қуық асты безі гиперплазиясы симптомдарына ұқсайтын симптомдар туындатуы мүмкін жай-күйлердің бар-жоғына тексерілуі тиіс.

Ем бастағанға дейін, сондай-ақ препаратпен емдеу кезінде ұдайы саусақпен ректальді тексеру жүргізу, сонымен бірге қажет болғанда простатикалық спецификалық антиген (ПСА) деңгейін анықтау көрсетілген.

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин азырақ) бар пациенттерді емдегенде, пациенттердің бұл тобында препаратты қолдану зерттелмегендіктен, сақ болу керек.

Тамсол препаратын қабылдағанда ангионевроздық ісінудің даму жағдайы сирек болғаны сипатталады. Емдеу дереу тоқтатылуы тиіс, пациентті ангионевроздық ісінудің клиникалық белгілері жойылғанша динамикалық бақылау талап етіледі, Тамсол препаратын қайталап тағайындауға болмайды.

Операцияға дейін немесе катаракта немесе глаукомаға байланысты операциялық араласу сәтінде тамсулозин алған жекелеген пациенттерде көздің нұрлы қабығының интраоперациялық тұрақсыздық синдромы (IFIS, тар қарашық синдромы) байқалған.

IFIS көру мүшелері жағынан интра- және операциядан кейінгі кезеңдегі асқынулар жиілігінің жоғарылауына алып келуі мүмкін.

Катаракта немесе глаукомаға байланысты операция жасардың алдында 1-2 апта бұрын тамсулозинді алдын ала тоқтатудың жағымды әсері туралы жекелеген деректер алынған, алайда мұндай жағдайларда препаратты тоқтатудың оңды әсер ету дәлелдері әзірше болмаған. Сонымен қоса пациенттерде тамсулозинді катарактаға байланысты операциядан 1-2 апта бұрын тамсулозинді тоқтатса да, IFIS дамыған.

Жоспарланған операциялық ем алдында катаракта немесе глаукоманы тамсулозинмен емдеуді бастамаған жөн. Офтальмологтар мен офтальмохирургтар катарактаға байланысты хирургиялық ем жоспарланған пациенттерден операция алдындағы дайындықта және оперативті араласулар уақытында талапқа сай шаралар қабылдау үшін олардың тамсулозин қабылдап жүрмегенін немесе бұрын қабылдаған-қабылдамағанын анықтауы тиіс.

Балаларда қолданылуы

Препаратты осы жас санатында қолдану негізделмеген.

Қосымша заттар

Препарат құрамында модификацияланып босап шығатын бір капсулада кемінде 1 ммоль натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ дерлік.

Жүктілік және лактация кезеңі

Тамсулозин әйелдерге тағайындалмайды.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді клиникалық зерттеулер барысында тамсулозин қабылдағанда эякуляция бұзылуы туралы хабарланған. Сонымен қоса, тіркеуден кейін қолдану кезеңінде ретроградты эякуляция немесе эякуляция жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеу жүргізілмеген, бірақ бас айналуы даму мүмкіндігіне байланысты пациенттер сақтық жасауы тиіс.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Таңертеңгі ас немесе бірінші тамақ ішуден кейін бір капсуладан қабылдау керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Тамсол препаратын балаларда қолданудың тиісті көрсеткіштері жоқ.

18 жасқа дейінгі балаларда тамсулозиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бұзылуында дозаны түзету талап етілмейді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін. Сумен іше отырып, капсуланы тұтас қабылдау керек. Капсуланы шайнауға болмайды, бұл препараттың босап шығу жылдамдығына әсер етуі мүмкін.

Емдеу ұзақтығы

Емнің ұзақтығын дәрігер пациенттің клиникалық жағдайына байланысты жеке анықтайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары

Тамсулозин гидрохлориді артық дозаланғанда артериялық қысымның айқын төмендеуі мүмкін. Мұндай әсері ауырлық дәрежесі әртүрлі артық дозалану кезінде байқалған. Байқаусыз артық дозалану кезінде қабылданған тамсулозин гидрохлоридінің ең жоғары дозасы 12 мг құраған. Бұл ретте пациенттің ауруханаға жатқызу қажет болмаған айқын бас ауыруы дамыған.

Емі

Жедел артериялық гипотензия кезінде жүрек-қантамыр жүйесі функциясын демеу қамтамасыз етілуі керек. Пациентті көлденең жатқызу артериялық қысымды және жүрек жиырылуы жиілігін қалыпқа түсіреді. Бұл іс-шаралар тиімсіз болғанда айналымдағы қан көлемін ұлғайтуға бағытталған әрекет жасау керек. Бүйрек функциясын динамикада бақылау және демеуші ем жүргізу қажет.

Тамсол плазма ақуыздарымен белсенді байланысатындықтан гемодиализ тиімсіз болуы ықтимал. Асқазан-ішек жолдарынан препараттың сіңірілуін азайтуға, атап айтқанда, құстыртуға бағытталған іс-шараларды жүргізген жөн. Препараттың үлкен дозаларынан улануды емдеу үшін асқазанды шаю, белсендірілген көмір немесе натрий сульфаты сияқты осмостық іш жүргізгіштер қабылдау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, өтініш, дәрігермен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Симптомдары

Тамсулозин гидрохлориді артық дозаланғанда артериялық қысымның айқын төмендеуі мүмкін. Мұндай әсері ауырлық дәрежесі әртүрлі артық дозалану кезінде байқалған. Байқаусыз артық дозалану кезінде қабылданған тамсулозин гидрохлоридінің ең жоғары дозасы 12 мг құраған. Бұл ретте пациенттің ауруханаға жатқызу қажет болмаған айқын бас ауыруы дамыған.

Емі

Жедел артериялық гипотензия кезінде жүрек-қантамыр жүйесі функциясын демеу қамтамасыз етілуі керек. Пациентті көлденең жатқызу артериялық қысымды және жүрек жиырылуы жиілігін қалыпқа түсіреді. Бұл іс-шаралар тиімсіз болғанда айналымдағы қан көлемін ұлғайтуға бағытталған әрекет жасау керек. Бүйрек функциясын динамикада бақылау және демеуші ем жүргізу қажет.

Тамсол плазма ақуыздарымен белсенді байланысатындықтан гемодиализ тиімсіз болуы ықтимал. Асқазан-ішек жолдарынан препараттың сіңірілуін азайтуға, атап айтқанда, құстыртуға бағытталған іс-шараларды жүргізген жөн. Препараттың үлкен дозаларынан улануды емдеу үшін асқазанды шаю, белсендірілген көмір немесе натрий сульфаты сияқты осмостық іш жүргізгіштер қабылдау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, өтініш, дәрігермен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

10 капсуладан ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 немесе 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыТамсол капсулалары 0,4 мг №30дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube