daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Телсартан Н 80 Мг/12,5 Мг Таблеткалар №14 | Редди'с Лабораторис Лтд

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ұзынша пішінді, бір жағында ойығы мен «Т 1» өрнегі және екінші жағында сызығы бар, жоғарғы қабаты ашық-қызғылттан қызғылт түске дейінгі және төменгі қабаты ақтан ақ дерлік түске дейінгі екі қабатты таблеткалар (40/12.5  мг доза үшін). Ұзынша пішінді, екі қабатты, жоғарғы қабаты ашық қызғылттан қызғылт түске дейінгі және төменгі қабаты ақтан ақ дерлік түске дейінгі, сызықпен бөлінген «Т» және «2» өрнегімен қызғылт теңбілдері болуы мүмкін таблеткалар (80/12.5 мг доза үшін).

Производитель:

Редди'с Лабораторис Лтд

Страна производитель:

Республика Индия

Действующее вещество:

телмисартан 40.00, гидрохлоротиазид 12.5; телмисартан 80.00, гидрохлоротиазид 12.5 қосымша заттар: меглюмин, натрий гидроксиді, повидон (PVP K-30), полисорбат 80, маннитол, магний стеараты, лактоза моногидраты, темірдің қызыл тотығы, су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ұзынша пішінді, бір жағында ойығы мен «Т 1» өрнегі және екінші жағында сызығы бар, жоғарғы қабаты ашық-қызғылттан қызғылт түске дейінгі және төменгі қабаты ақтан ақ дерлік түске дейінгі екі қабатты таблеткалар (40/12.5  мг доза үшін). Ұзынша пішінді, екі қабатты, жоғарғы қабаты ашық қызғылттан қызғылт түске дейінгі және төменгі қабаты ақтан ақ дерлік түске дейінгі, сызықпен бөлінген «Т» және «2» өрнегімен қызғылт теңбілдері болуы мүмкін таблеткалар (80/12.5 мг доза үшін).

Дозировка активного вещества:

80 мг/12.5 мг

Лекарственная форма:

40/12.5 мг және 80/12. 5 мг таблеткалар

Количество в упаковке:

14 шт

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

- эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде (монотерапия түріндегі телмисартан немесе гидрохлоротиазид тиімсіз болған жағдайда)

Противопоказания

- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық немесе сульфонамидтердің басқа да туындыларына (гидрохлоротиазид сульфонамид туындысы болып табылады) жоғары сезімталдық

- холестаз және өт шығару жолдарының обструкциялық аурулары

- бауыр функциясының бұзылуы

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин)

- тұрақты гипокалиемия, гиперкальциемия

- қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Телсартан Н препаратын алискиренмен бірге қабылдау (ШСЖ < 60 мл/мин /1,73 м2)

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин).

- тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза (галактоземия) көтере алмаушылығы

- жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері мен лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Телсартан Н-ді мыналармен бірге қолданғанда:

- литиймен қан сарысуындағы литий концентрациясы қайтымды артатын және литий бүйректік клиренсінің төмендеуінен литиймен уыттану дамитын сирек жағдайлар байқалады. Осы тұрғыда Телсартан Н мен литийді бірге қолдану ұсынылмайды. Бұл препараттарды бірге тағайындау қажет болғанда, қан плазмасындағы литий деңгейіне мониторинг жүргізген жөн, ал пациенттер дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс;

- калий жоғалтуға және гипокалиемияға әкелетін препараттармен (калий диуретиктері, іш жүргізгіштер, кортикостероидтар, бүйрек үсті бездері қыртысының гормондары, амфотерицин, карбеноксолон, G пенициллинінің натрий тұзы, салицил қышқылы және оның туындылары) қан плазмасындағы калий деңгейін қатаң бақылап отырған жөн. Бұл препараттар гидрохлоротиазидтің гипокалиемиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Осы дәрілік заттарды Телсартан Н-мен бір мезгілде тағайындағанда қан плазмасындағы калий деңгейіне мониторинг жасау ұсынылады;

- калий жинақтаушы диуретиктермен, калий қоспаларымен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен және калий деңгейін арттыруға ықпал ететін препараттармен (мысалы, гепариннің натрий тұзы) бір мезгілде ренин-ангиотензин жүйесін бәсеңдететін препараттармен қан сарысуындағы калий деңгейін арттыруға болады. Егер осы дәрілік заттарды Телсартан Н-мен тағайындау қажет болса, қан плазмасындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады;

- қандағы калий деңгейінің ауытқуына тәуелді болатын дәрілік заттармен (оймақгүл гликозидтері), аритмияға қарсы дәрілермен қан сарысуындағы калий деңгейіне жүйелі мониторинг және электрокардиография жасаған жөн, өйткені гипокалиемия «пируэт» типті пароксизмалық қарынша тахикардиясының туындауына бейімдендіретін фактор болып табылады;

- қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен кейбір пациенттерде тиазидті диуретиктердің диуретиктік, натрийуретиктік және гипертензияға қарсы әсерлері төмендеуі мүмкін. Егде жастағы пациенттерде және сусызданған науқастарда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артуы мүмкін, сондықтан жеткілікті гидратация және бүйрек функциясына мониторинг өткізген жөн;

- гипертензияға қарсы басқа препараттармен олардың гипотензиялық әсері әлеуеттенуі мүмкін;

- телмисартанмен және рамиприлмен рамиприл мен рамиприлаттың AUC0-24 және Cmax мәнінің 2,5 есеге дейін артуына алып келеді. Осы бақылаудың клиникалық мәні белгісіз;

- алкогольмен, барбитураттармен, есірткілік дәрілермен ортостатикалық гипотензия әлеуеттенуі мүмкін;

- диабетке қарсы дәрілермен (пероральді және инсулин) диабетке қарсы дәрілердің дозасын түзету қажет болуы мүмкін;

- метформинмен гидрохлоротиазидтің бірге тағайындалуынан болатын лактацидоздың даму қаупі туындайды;

- холестираминмен және холестерин шайырларымен гидрохлоротиазид сіңуі бұзылады;

- оймақгүл гликозидтерімен тиазидтерден туындайтын гипокалиемия немесе гипомагниемия болуы мүмкін, бұл оймақгүл гликозидтерімен индукцияланған жүрек аритмиясының басталуына ықпал етуі мүмкін;

- прессорлы аминдермен (норадреналин) прессорлы аминдердің ықпалы азаяды;

- қаңқа бұлшықеттерінің деполяризацияланбайтын релаксанттарымен (тубокурарин) деполяризацияланбайтын релаксанттардың әсерін әлеуеттендіру байқалады;

- подаграны емдеуге арналған препараттар урикозуриялық дәрілердің дозасын түзетуді қажет етуі мүмкін, өйткені гидрохлоротиазид қан сарысуындағы несеп қышқылының деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Аллопуринолмен бірге қабылдау аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакциясына әкелуі мүмкін;

- кальций тұздарымен оның элиминациясының азаюы салдарынан қандағы кальций деңгейінің артуы мүмкін. Егер құрамында кальций бар дәрумендер тағайындалса, оның қандағы деңгейін бақылап, тиісінше, дозасын түзету керек;

- бета-блокаторлармен және диазоксидпен бета-блокаторлар мен диазоксидтің гипергликемиялық әсері әлеуеттенуі мүмкін;

- холинергияға қарсы дәрілермен (атропин, биперидин) асқазан-ішек жолы моторикасын және асқазанның босатылу жылдамдығын кеміту арқылы тиазидті диуретиктер биожетімділігін арттыра алады;

- амантадинмен амантадин қабылдаудан болатын жағымсыз әсерлердің даму қаупі артуы мүмкін;

- цитоуытты препараттармен (циклофосфамид, метотрексат) цитоуытты препараттардың бүйректік экскреция төмендеуі және олардың миелосупрессиялық әсерлері әлеуеттенуі мүмкін.

Телсартан Н-ды дигоксинмен, варфаринмен, гидрохлоротиазидпен, глибенкламидпен, ибупрофенмен, парацетамолмен, симвастатинмен және амлодипинмен бірге пайдалану клиникалық мәнді өзара әрекеттесуіне әкелмейді. Дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы дигоксиннің орташа ең төмен концентрацияcының 20 % (бірлі-жарым жағдайда 39 %) артуы байқалды, сондықтан қан плазмасындағы дигоксин деңгейіне мониторинг өткізу қажет.

Арнайы сақтандырулар

Бауыр жеткіліксіздігі

Телсартан® Н холестазбен, өт шығару жолдарының обструктивтік ауруларымен немесе бауыр функциясының айқын бұзылуына шалдыққан пациенттерге қарсы көрсетілген, себебі телмисартан негізінен өтпен шығарылады. Мұндай науқастарда телмисартанмен байланысты бауыр клиренсінің төмендеуін күтуге болады.

Бауыр функциясы бұзылған немесе бауырдың үдемелі ауруларына шалдыққан науқастарға Телсартан Н 40/12,5 мг және 80/12,5 мг дозаларда қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Телсартан® Н қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ.

Реноваскулярлық гипертензия

Бүйрек артериясының екі жақты стенозы немесе ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін дәрілік препараттар қабылдайтын жалғыз жұмыс істейтін бүйректің артерия стенозы бар пациенттерде ауыр гипотензияның және бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары даму қаупі болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек трансплантациясы

Телсартан® Н бүйрек функциясының ауыр бұзылуларына (креатинин клиренсі 30 мл/мин кем) шалдыққан науқастарға қарсы көрсетілімді.

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе жақында бүйрек трансплантациясын жасаған пациенттерде Телсартан® Н қолдану тәжірибесі жоқ. Бүйрек функциясының аздаған немесе орташа бұзылулары бар пациенттерде Телсартан® қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан сарысудағы калий, креатинин және несеп қышқылы деңгейін жүйелі бақылау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиазидті диуретиктер пайдаланумен байланысты азотемия дамуы мүмкін.

Айналымдағы қан көлемінің (АҚК) азаюы

АҚК төмендеген және/немесе диуретиктермен қарқынды ем салдарынан натрий мөлшері төмендеген, тағаммен тұз тұтынуы төмен, диарея немесе құсу бар пациенттерде, әсіресе, алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін симптоматикалық гипотензияны байқауға болады. Мұндай жағдайларды Телсартан® Н тағайындалғанға дейін түзету керек.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы:

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін дәрілік заттарды бірлесіп қолдану кезінде осы жүйені бөгеу салдарынан бүйрек патологиясы бар пациенттерде бүйрек функциясының өзгерістері (соның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі) анықталды. Сондықтан ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы қолдану (мысалы, ангиотензин II рецепторларының антагонисіне АӨФ тежегішін қосқанда) бүйрек функциясына мұқият мониторинг жасалу шартымен жекеше жағдай болуы тиіс.

АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларын диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде бір мезгілде қолдануға болмайды.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін стимуляциясымен байланысты басқа жағдайлар

Тамыр тонусы және едәуір дәрежеде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділігіне тәуелді бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде (мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар немесе бүйрек артериясының стенозын қоса, ауыр бүйрек аурулары бар пациенттер) осы жүйеге ықпал ететін басқа препараттармен бірге Телсартан® Н-мен емдеу жедел гипотензияның, гиперазотемияның, олигурияның немесе сирек жағдайларда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупіне әкелуі мүмкін.

Бастапқы альдостеронизм

Бастапқы альдостеронизм бар пациенттер, әдетте, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің тежелісі арқылы әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілермен емдеуге жауап бермейді. Сондықтан Телсартан® Н қолдану ұсынылмайды.

Аортальді және митральді клапан стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия

Аортальді және митральді стенозбен немесе гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиямен ауыратын пациенттерде басқа вазодилаторлы дәрілерді қолданғандағыдай, Телсартан® Н қолдану ерекше сақтықты талап етеді.

Метаболизмдік және эндокриндік әсерлер

Тиазидтермен жүргізілетін ем глюкозаға төзімділікті бұзуы мүмкін, сол уақытта гипогликемия инсулинді немесе диабетке қарсы емді және телмисартанды қабылдайтын диабетпен ауыратын пациенттерде пайда болуы мүмкін. Осылайша, бұл пациенттерде қандағы глюкозаның мониторингін қарау керек; қажет болған жағдайда инсулин немесе диабетке қарсы дәрілердің дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Жасырын қант диабеті тиазидпен емдеу кезінде пайда болуы мүмкін.

Қант диабеті бар пациенттерде ішке қабылданатын инсулин немесе гипогликемиялық дәрілер дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Тиазидті диуретиктермен ем жүргізу кезінде жасырын өтетін қант диабеті көрініс беруі мүмкін.

Холестерин және триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы мен тиазидті диуретиктер қолдану арасында байланыс бары анықталған; алайда 12,5 мг гидрохлоротиазид мөлшері бар Телсартан® Н-ді қолданғанда оның әсерінің тым аз екені немесе болмауы білінді. Телсартан® Н емін алатын кейбір пациенттерде гиперурикемия мен подагра ұстамаларын байқауға болады.

Су-электролит теңгерімінің бұзылуы

Телсартан® Н препаратын қолдану кезіндегідей, диуретиктік ем жүргізу жағдайында да қан сарысуындағы электролиттер мөлшерін ұдайы бақылау қажет.

Тиазидті диуретиктер, соның ішінде гидрохлоротиазид су-электролит теңгерімінің және қышқылды-негізді жай-күйдің бұзылуын (гипокалиемия, гипонатриемия және гипохлоремиялық алкалоз) туындатуы мүмкін. Осы бұзылуларға қатысты сақтандыратын белгілер ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы, шөлдеуді сезіну, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, мазасыздық сезімі, миалгия немесе балтыр бұлшықеттерінің құрысып тартылуы (құрысулар), бұлшықет әлсіздігі, артериялық гипотензия, олигурия, тахикардия және жүрек айнуы немесе құсу сияқты асқазан-ішек бұзылулары болып табылады.

Тиазидті диуретиктерді қолданғанда гипокалиемия дамуы мүмкін, бірақ бір мезгілде қолданылатын телмисартан қандағы калий мөлшерін арттыруы мүмкін. Гипокалиемия қаупі бауыр циррозына шалдыққан пациенттерде, диурез күшеюінде, тұзсыз диета қадағаланғанда, сондай-ақ глюко- және минералокортикостероидтар немесе кортикотропиндер бір мезгілде қолданылған жағдайда көбірек артады. Телсартан® Н препаратының құрамына кіретін телмисартан ангиотензин II рецепторларына антагонизм (AT1 қосалқы типі) салдарынан гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Телсартан® Н препаратын қолдану кезінде клиникалық мәнді гиперкалиемия тіркелмесе де, оны дамытатын қауіп факторларына бүйрек және/немесе жүрек жеткіліксіздігі және қант диабетінің жататынын ескеру керек.

Телсартан® Н препаратының диуретиктер қабылдаудан болатын гипонатриемияны азайтатыны немесе болдырмайтыны туралы деректер жоқ. Гипохлоремия, әдетте, мардымсыз және емдеуді талап етпейді.

Тиазидті диуретиктер кальцийдің бүйрекпен шығарылуын азайтып, қан сарысуындағы кальций мөлшерінің өтпелі және аздап артуын (кальций метаболизмінің айқын бұзылулары болмағанда) туғызуы мүмкін. Аса айқын гиперкальциемия жасырын гиперпаратиреоз белгісі болуы мүмкін. Қалқанша маңы бездерінің функциясына бағалау жүргізер алдында тиазидті диуретиктер тоқтатылуы тиіс.

Тиазидті диуретиктердің бүйрекпен магний шығарылуын арттыруы көрсетілген, бұл гипомагниемияға әкелуі мүмкін.

Полисорбитол

Телсартан® Н ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозасында 40 мг/12,5 мг және 80 мг/12,5 мг дозаларда полисорбитол бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық ауруы бар пациенттерге бұл дәріні қабылдауға болмайды.

Метаболизмге және эндокриндік жүйеге әсері:

Тиазидтермен жүргізілетін ем глюкозаға төзімділіктің бұзылуына әкелуі мүмкін. Диабетпен ауыратын пациенттерге инсулин немесе пероральді гипогликемиялық дәрілер дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Тиазидтермен жүргізілетін ем кезінде жасырын қант диабеті көрінуі мүмкін.

Тиазидті диуретиктерді қолдану арқылы емдеу холестерин мен триглицерид деңгейінің жоғарылауына әкелді; дегенмен, телмисартан/гидрохлоротиазид құрамындағы 12,5 мг дозаны қолдану кезінде әсердің болмауы немесе ең аз саны тіркелді.

Тиазидтерді қолданумен емделетін кейбір пациенттерде гиперурикемия немесе айқын подагра пайда болуы мүмкін.

Лактоза

Телсартан® Н ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозасында лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, мысалы галактоземия ауруына шалдыққан пациенттерге бұл дәріні қабылдауға болмайды.

Этникалық айырмашылықтар

Ангиотензин II рецепторларының барлық басқа антагонистері сияқты, телмисартан басқа нәсілдердің өкілдеріне қарағанда қара нәсілдегі науқастарда қан қысымын төмендетуде аз тиімді. Мүмкін, бұл гипертониясы бар қара нәсілді пациенттерде төмен рениндік жағдайлардың үлкен таралуына байланысты шығар.

Қосымша

Гипертензияға қарсы дәрілерді пайдаланғанда ишемиялық кардиопатия немесе ишемиялық жүрек-қантамыр ауруы бар пациенттерде күрт және шектен тыс АҚ төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсульт дамуына әкелуі мүмкін.

Жалпы

Гидрохлоротиазидке жоғары сезімталдық реакцияларын тіпті анамнезінде аллергия немесе бронх демікпесі жоқ пациенттерден де байқауға болады, алайда, осы аурулар болғанда зор ықтималдықпен білінеді.

Тиазидті диуретиктер пайдаланылғанда жүйелі эритематозды қызыл жегінің өршуі немесе белсенділенуі жөнінде хабарламалар бар.

Тиазидті диуретиктерді қолдану кезінде фотосезімталдық реакцияларының жағдайлары хабарланды. Егер емдеу кезінде фотосезімталдық реакциясы пайда болса, емдеуді тоқтату ұсынылады. Егер диуретикті енгізу қажет деп саналса, ашық жерлерді күн сәулесінен және ультракүлгін сәулелерден қорғау ұсынылады.

Хориоидальді жалқық, жедел миопия және салдарлы жабық бұрышты глаукома

Сульфонамид туындысы болып табылатын гидрохлоротиазид көру өрісінің ақауы бар хориоидальді жалқық, қысқа мерзімді жедел миопияның және салдарлы жабық бұрышты глаукоманың пайда болуына әкелетін идиосинкразия реакциясын (жекеше көтерімсіздік) туғызуы мүмкін. Симптомдар көру өткірлігі төмендеуінің жедел басталуын немесе көздің ауыруын қамтиды, әдетте, бұл препарат қабылдау басталған сәттен бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейінгі кезеңде байқалады.

Жедел жабық бұрышты глаукоманың емделмеуі көруді қайтымды жоғалтуға әкелуі мүмкін! Алғашқы емдеу гидрохлоротиазид қабылдауды шұғыл тоқтатудан тұрады! Егер көзішілік қысымды қалпына келтірудің сәті түспесе, шұғыл медициналық немесе хирургиялық ем қажет болуы мүмкін. Жедел жабық бұрышты глаукоманы дамытатын қауіп факторлары сульфонамидке немесе пенициллинге аллергиялық реакциялардың анамнезінде болуын қамтуы мүмкін.

Меланомалы емес тері обыры

Меланомалы емес тері обырының (NMSC) жоғарылау қаупі [базальді жасушалы обыр (BCC) және жалпақ жасушалы обыр (SCC)] гидрохлоротиазидтің (HCTZ) әсерінің жинақталған дозасының жоғарылауымен. HCTZ фотосезімталдық әрекеттері NMSC үшін мүмкін механизм ретінде әрекет етуі ықтимал.

HCTZ қабылдайтын пациенттер NMSC қаупі туралы хабардар болып, жаңа зақымданулардың бар-жоғын үнемі тексеріп, терінің кез-келген күдікті зақымдануы туралы дереу хабарлауы керек. Күн сәулесі мен ультракүлгін сәулелердің шектеулі әсері сияқты алдын-алу шаралары және әсер ету жағдайында пациенттерге терінің қатерлі ісігі қаупін азайту үшін тиісті қорғауды ұсыну керек. Терінің күдікті зақымдануларын дереу зерттеу, оның ішінде гистологиялық биопсия жүргізу керек. Гидрохлоротиазидпен телмисартанды одан әрі қолдануды дәрігердің бақылауымен қолдану ұсынылады.

Фертильділік, жүктілік және лактация

Телмисартан: жүктілік кезінде ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабылдауды бастау ұсынылмайды. Ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабылдайтын және жүктілікті жоспарлайтын пациенттер жүктілік кезінде пайдалану кезінде белгіленген қауіпсіздік бейіні бар гипертензияға қарсы препараттармен баламалы емдеуге ауыстырылуы тиіс. Жүктілік анықталған кезде ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабылдау дереу тоқтатылуы және баламалы емге ауыстырылуы тиіс.

Ангиотензин II рецепторының антагонистерін жүктілік кезінде бастауға болмайды. Егер ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисімен ем жалғастыру қажет деп есептелмесе, жүктілікті жоспарлаған пациенттер жүктілік кезінде қолдану үшін қауіпсіздік бейіні белгіленген гипертензияға қарсы баламалы препараттарға ауыстырылуы тиіс. Жүктілік диагнозы қойылған кезде ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен емдеуді дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда баламалы емдеуді бастау керек.

Гидрохлоротиазид: гидрохлоротиазидті жүктілік кезінде, әсіресе бірінші триместрде қолдану тәжірибесі шектеулі.

Гидрохлоротиазид плацента арқылы өтеді. Гидрохлоротиазид әсерінің фармакологиялық механизмі негізінде оны жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде қолдану фетоплацентарлық қанмен қамтамасыз етуді бұзуы және жаңа туған нәрестеде сарғаю, электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы және тромбоцитопения сияқты бұзылуларды тудыруы мүмкін екенін күтуге болады.

Гидрохлоротиазид жүкті әйелдердің ісінуін, жүкті әйелдердің гипертониясын немесе преэклампсияны емдеу үшін қолданылмауы тиіс, өйткені оны қабылдау аурудың ағымына елеулі жағымды әсер етпей, плазма көлемінің төмендеу қаупімен және плацентарлық гипоперфузия қаупімен байланысты.

Гидрохлоротиазид жүкті әйелдерде бастапқы артериялық гипертензияны емдеу үшін, ешқандай басқа ем қолдануға болмайтын сирек жағдайларды қоспағанда, қолданылмауы тиіс.

Лактация кезеңі

Телсартан® Н бала емізу кезеңінде қарсы көрсетілген, өйткені оның емшек сүтімен бөлінуіне қатысты деректер жоқ.

Тиазидтер емшек сүтімен шығарылады және лактацияны тежеуі мүмкін.

Фертильділігі

Адамдарда фертильділікке қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Клиникаға дейінгі зерттеулерде телмисартан мен гидрохлоротиазидтің екі жыныстың да фертильділігіне әсері байқалмады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналу немесе ұйқышылдықтың даму мүмкіндігіне орай, гипертензияға қарсы ем жүргізу кезеңінде автокөлікті немесе аспаптарды басқаруды шектеу керек.

Взаимодействие

Специальные указания

Форма выпуска

7 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған ұяшықты қаптамаға салады.

2 немесе 4 ұяшықты алюминий фольгадан жасалған қаптамадан  медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестиТелсартан Н 80 мг/12,5 мг таблеткалар №14в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube