daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Тобрадекс Көз Жақпа 0,3% 3,5 Г | Alcon-Couvreur

Астане қаласындағы Тобрадекс Көз Жақпа 0,3% 3,5 Г | Alcon-Couvreur
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті бір текті жақпамай

Өндіруші:

Alcon-Couvreur

Өндіруші ел:

Королевство Бельгии

Белсенді ингредиент:

тобрамицин 3,0 мг қосымша заттар: сусыз хлорбутанол, сұйық парафин (минералдық май), ақ вазелин. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті бір текті жақпамай

Белсенді заттың дозасы:

0.3%

Дәрілік түрі:

Көзге арналған жақпамай 3,5 г

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 2 жастағы және одан үлкен балаларда сондай-ақ бактериялық көз инфекциясы бар немесе тобрамицинге сезімтал көптеген басқа антибиотиктерге, әсіресе Pseudomonas aeruginosa-ға төзімді микроорганизмдерге байланысты бактериялық көз инфекциясының қаупі бар кортикостероидтармен ем көрсетілімдегі стероидқа сезімтал офтальмологиялық қабыну ауруларын емдеу үшін.

Офтальмологиялық стероидтар стероидтарды қолдануға тән қауіп ісіну мен қабынуды азайту үшін кейбір инфекциялық конъюнктивиттер кезінде жарамды болғанда пальпебральді және бульбарлы конъюнктиваның, мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы кесігінің қабыну ауруларында қолданылады. Олар сондай-ақ созылмалы алдыңғы увеит және мөлдір қабықтың химиялық заттардан, радиациядан, термиялық күюден зақымдануы кезінде немесе бөгде денелер кіріп кеткенде тағайындалады (қарсы көрсетілімдерді ескеріп).

Құрамында кортикостероидтар бар көзге арналған жақпамайды тиісті офтальмологиялық тексерістен кейін ғана тағайындау керек.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

аминогликозидтерге аса жоғары сезімталдық

қарапайым герпестік кератит

осповакцина вирусы, желшешек және мөлдір қабықтың немесе конъюнктиваның басқа да вирустық инфекциясы (герпес зостер вирусы туындатқан кератитті қоспағанда)

көз құрылымының зеңдік аурулары немесе көздің емделмеген паразиттік аурулары

көздің микобактериялық инфекциялары

инфекциялар немесе мөлдір қабықтың беткейлік эпителийімен шектелген зақымданулар

ТОБРАДЕКС* препаратын бөгде денені мөлдір қабықтан асқындырмай алып тастаудан кейін пайдаланбаған жөн

Өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жекелеген компоненттерді жүйелі қолданғанда өзара әрекеттесулер туралы хабарланды. Жергілікті ҚҚСП және жергілікті стероидтарды қатар пайдалану мөлдір қабықты емдеумен проблемалардың пайда болу ықтималдығын ұлғайтуы мүмкін. Осыған қарамастан офтальмологиялық тобрамицин мен дексаметазонның жүйелі абсорбциясы төмен және кез келген өзара әрекеттесудің ықтималдығы аса төмен.

Көзішілік қысымды жоғарылатуы мүмкін қарашықты кеңейтуге арналған көз тамшыларын (атропин және басқа антихолинергиялық заттар) пайдаланғанда ТОБРАДЕКС* тамшысын бір уақытта қолдану көзішілік қысымның қосымша жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Ритонавир немесе CYP3A4 басқа да күшті тежегіштерін алатын пациенттерде плазмадағы дексаметазон концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері (ритонавирді және кобицистатты қоса) дексаметазон клиренсін төмендетуі мүмкін, бұл жағымсыз әсерлердің ұлғаюына және адренальді супрессияға/Кушинг синдромына әкелуі мүмкін. Егер пайда кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупінен асып кетпесе, препараттарды біріктіруден аулақ болу керек және бұл жағдайда пациенттерде кортикостероидтардың жүйелі әсерлерінің пайда болуын бақылау керек.

Егер бірден артық офтальмологиялық дәрілік препарат пайдаланылатын болса оларды қолдану арасында кемінде 5 минут аралық сақтау керек. Көз жақпамайын соңынан қолдану керек.

Арнайы ескертулер

Тек офтальмологиялық қолдануға арналған. Инъекция немесе ішке қабылдау үшін емес.

Қақпақшаны алып тастағаннан кейін, егер алғашқы ашылуын бақылауға арналған бекіткіш сақина босап қалса, препаратты қолданар алдында оны алып тастаңыз.

Препараттың бастапқы және қайта тағайындалуын саңылаулы шамды пайдалана отырып, биомикроскопия әдісімен пациентті тексергеннен кейін және қажет болған жағдайда флуоресцеинмен бояғаннан кейін ғана жүргізу керек.

Педиатрияда қолдану

Көзішілік қысымды жиі тексеріп отырған жөн. Бұл әсіресе құрамында дексаметазон бар препараттармен ем алатын педиатриялық пациенттерде маңызды, өйткені кортикостероидтар туындатқан жоғары көзішілік қысымның даму қаупі балаларда жоғары болуы және ересектерге қарағанда ерте туындау мүмкін. Емдеу жиілігін және ұзақтығын мұқият есептеу, сондай-ақ стероидты препараттардың әсерімен педиатриялық пациенттерде КІҚ анағұрлым ерте даму қаупін және үлкен айқындық дәрежесін мойындай отырып, емнің ең басынан КІҚ бақылау керек.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік

Тобрамицин мен дексаметазонды жүкті әйелдерде жергілікті офтальмологиялық қолдану туралы деректер жоқ немесе олардың саны шектеулі. Тобрамицинді жүкті әйелдерге вена ішіне енгізгеннен кейін плацента арқылы шаранаға енеді. Тобрамицин жатыр ішіне әсер еткенде отоуыттылықты туындатпайды деп күтіледі. Кортикостероидтарды жүктілік кезінде ұзақ немесе көп рет пайдалану жатырішілік дамудың жоғары кідіру қаупімен байланысты. Жүктілік уақытында кортикостероидтардың елеулі дозаларын қабылдаған аналардан туған сәбилер гипоадренализм белгілерінің бар-жоғына қатысты мұқият текерілуі тиіс. Жануарларға жасалған зерттеулер дексаметазонды жергілікті қолданғаннан кейін және дексаметазон мен тобрамицинді жүйелі қолданғаннан кейін репродуктивтік функцияға уытты әсердің болуын көрсетті.

ТОБРАДЕКС* препаратын жүктілік уақытында қолдану ұсынылмайды.

Лактация

Тобрамицин жүйелі қолданғаннан кейін емшек сүтімен бөлінеді. Дексаметазонның емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейін тобрамицин мен дексаметазон емшек сүтіне бөліне ме, белгісіз. Тобрамицин мен дексаметазонның қандай да бір мөлшері емшек сүтінде анықталатыны немесе препаратты жергілікті қолданғаннан кейін сәбиге клиникалық әсерлер көрсете алатыны туралы ықтималдық аз.

Бала емізу кезінде бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Тиісті жағдайларда бала емізуді тоқтату немесе бала үшін емшек емізудің пайдасын және әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ТОБРАДЕКС* препараты автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Алайда, көрудің уақытша анық болмауы немесе көруге қатысты басқа да бұзылыстар болуы мүмкін, бұл көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Егер препаратты қолданғанда анық көрмеу туындаса, автокөлікті жүргізуге немесе механизмдермен жұмыс істеуге кірісуден бұрын пациент көру қабілеті қалпына келгенге дейін күтуі қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

1-ден 1,5 см-ге дейінгі жақпамайдың аз мөлшерін күніне 3 немесе 4 ретке дейін конъюнктивалды қапқа жағыңыз немесе күні бойы қосымша көз тамшысын және ұйықтар алдында көз жақпамайын пайдаланыңыз.

Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілермен қатар емдеу жағдайында препараттарды кезекпен қолдану арасындағы 5-минуттық аралықты сақтау керек. Көз жақпамайын соңынан қолдану керек.

Енгізу жолы және тәсілі

Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін.

Түбек ұшының және жақпамайдың ластануын болдырмау үшін түбек ұшын қабаққа, маңындағы тіндерге немесе басқа беткейлерге тигізбеңіз. Пайдаланғаннан кейін түбекті тығыз жабылған күйінде сақтаңыз.

1. Басты шалқайтыңыз.

2. Саусақты бетке, тура көз астына қойыңыз да, V-тәрізді қалта пайда болғанша көз бен төменгі беттің арасында теріні абайлап төмен тартыңыз.

3. ТОБРАДЕКС* көз жақпамайының 1 см-ден 1,5 см-ге дейінгі аздаған мөлшерін V-тәрізді қалтаға енгізіңіз. Түбек ұшын көзіңізге тигізіп алмаңыз.

4. Көзді жабудан бұрын бірнеше секунд төмен қараңыз.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Қатысты емес

Емдеу ұзақтығы

Емді мерзімінен бұрын тоқтатпаған жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Кездейсоқ жұтып қойған кезде емі симптоматикалық және демеуші.

Шығарылу түрі

3.5 г препараттан дозалайтын пластик ұштығы және бұрандалы қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

27°C-ден төмен температурада сақтау керек. Салқындатуға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сықпаны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 28 күн.

Салмағы

3,5 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыТобрадекс көз жақпа 0,3% 3,5 гдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.50/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 бағалау
1
star
1
2
star
0
3
star
0
4
star
1
5
star
8
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Декабря 2023

Комментарий: Көзімде воспаление болып, көз асты терім құрғап, қызарып тұрды, врач жазып берді, 2ші күні ақ результат көрдім. Бірақ емізулі балам бар еді, бетіне қызарып кішкене бірдеңелер шыққандай болды, но 3 күні қайтып кетті. Негізі противопоказание емізулі кезде.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Ноября 2023

Комментарий: В нашем случае быстро помогло.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Ноября 2023

Комментарий: Жақсы дәрі қаланы іздеп зорға таптым.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
23 Октября 2023

Комментарий: Отличная мазь. Результат виден через 3 дня. Рекомендую.

empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
23 Октября 2023

Комментарий: Жаққан соң көз бұлыңғырлап біраз уақыт дұрыс көрмей тұрады, көмегін байқамадым, тамшыларының көмегі көбірек екен, орталық дәріханадан сатып алдық.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
14 Июля 2023

Достоинства: Эффективное средство при своевременном, незапущенном заболевании.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
1 Декабря 2022

Достоинства: Жақсы мазь екен, 3 айлық баламның көзі былшыктанып еді жақсы көмектесті.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
23 Ноября 2022

Достоинства: Отлично помогает при воспалении глаз.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Сентября 2022

Комментарий: Все как в описании. Спасибо!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Августа 2022

Достоинства: Жақсы май. Екі рет қолданғаннан кейін көзі жазылды.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube