daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Томиклар Таблеткалары 500 Мг №14 | Реплек Фарм Лтд

Астане қаласындағы Томиклар Таблеткалары 500 Мг №14 | Реплек Фарм Лтд

Халықаралық атауы:

Кларитромицин

Өндіруші:

Реплек Фарм Лтд

Өндіруші ел:

Великобритания

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: Микрокристалды целлюлоза Желатинделген крахмал Натрий кроскармеллозасы Повидон Стеарин қышқылы Магний стеараты Сусыз коллоидты кремний үлбірлі қабықтың құрамы Ақ опадрай 03F28342 Гипромеллоза 6 сР (НРМС 2910) Титанның қостотығы (Е 171) Тальк Макрогол (ПЭГ 6000) Ванилин Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес және екі жақ бетінде сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Сындырған кезде таблетканың ақ түсті өзегі және жұқа ақ үлбірлі қабығы көрінеді (500 мг доза).

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің инфекцияларында (бронхит, пневмония және т.б.)

- тыныс алу жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекцияларында (фарингит, синусит және т.б.)

- тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы (фолликулит, целлюлит, тілменің қабынуы және т. б.)

- Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туғызған диссеминацияланған немесе оқшауланған микобактериялық инфекциялар, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum немесе Mycobacterium kansasii туғызған оқшауланған инфекциялар

- СD4 лимфоциттері ≤ 100 /мм3 АИТВ-жұқтырған пациенттерде Mycobacterium avium кешені туғызған диссеминацияланған инфекциялардың профилактикасы үшін

- H. Pylori (кешенді терапиямен құрамында) туғызған он екі елі ішектің ойық жарасының ауруы

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа, макролидтер тобының антибиотиктері немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен бір мезгілде қолдану, қастауыштың уытты әсері болуы мүмкін

- пероральді мидазоламмен бір мезгілде қабылдау

- астемизолмен, цизапридпен, домперидонмен, пимозидпен, терфенадинмен бір мезгілде қолдану (бұл жүрек аритмиясының дамуына, жүрек соғуы жиілеуінің ауыр ұстамаларын қоса ЭКГ-де бұзылуларға әкелуі мүмкін)

- бұрын жүрек ырғағының төмендеуі немесе жүрек ырғағының басқа да ауыр бұзылулары болған пациенттер (туа біткен немесе жүре пайда болған)

-бауыр немесе бүйрек ауруы бар пациенттерде колхицинмен және Р-гликопротеинмен бір мезгілде қолдану

- бүйрек ауруымен бірге бауырдың ауыр ауруы

- ловастатинді немесе симвастатинді қоса, статиндермен бір мезгілде қолдану

-QT аралығының ұзару қаупіне байланысты қандағы тұз құрамының бұзылуы бұрыннан болғанда кларитромицинді тағайындауға болмайды (калий мен магний деңгейінің төмендеуі)

- қандағы калий деңгейінің төмендеуі (себебі жүрек ырғағының қауіпті төмендеуі мүмкін)

- бүйректің ауыр ауруы (Томиклар препаратының 500 мг дозасы үшін, себебі ол азайтылуы мүмкін емес)

- ломитапидпен бір мезгілде қолдану

- тикагрелормен немесе ранолазинмен бір мезгілде қолдану

- 12 жастан кіші балалар мен жасөспірімдер

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Балалар: препаратты 12 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер: дозалар ересектерге арналған дозалармен бірдей.

Бүйрек ауруы бар пациенттер: бүйректің ауыр ауруы бар пациенттерде Томиклар препаратының дозасын күніне бір рет 250 мг-ға дейін немесе аурудың неғұрлым ауыр ағымында күніне екі рет 250 мг-ға дейін төмендетеді. Емдеу курсы 6-дан бастап 14 күннен аспауы керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Төменде аталған препараттарды осы өзара әрекеттесудің ауыр салдарларының ықтималды дамуына байланысты қатаң түрде қолдануға болмайды

Томиклар препаратын цизапридпен, домперидонмен, пимозидпен, терфенадинмен, астемизолмен бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі бұл жүрек ырғағының ауыр бұзылуына әкелуі мүмкін (өмірге қауіптілігі зор жүрек соғуының едәуір жиілеуі ұстамаларына).

Эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен бір мезгілде қолдану осы препараттардың жедел уытты әсерін тудыруы мүмкін, бұл тамырлардың түйілуімен, аяқ-қолдар мен орталық жүйке жүйесін қоса басқа ағзаларда қан айналымының бұзылуымен көрініс береді.

Пероральді мидазоламмен бір мезгілде мидазолам әсері күшеюі мүмкін болғандықтан қолдануға болмайды.

Ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі ауыр түрін қоса, бұлшықеттердің атрофиясы мен бұзылуы қаупі артады. Егер бұл препараттар қажет болса, дәрігер ең төменгі дозаны тағайындайды немесе осындай әсерлерді тудырмайтын препаратты таңдайды және сіздің жағдайыңызды үнемі бақылап отырады.

Бауыр ферменттері деңгейінің ықтималды айтарлықтай жоғарылауына байланысты кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Басқа дәрілік препараттардың Томиклар препаратының әсеріне ықпалы.

Рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай препараттары сияқты дәрілік препараттар Томиклар препаратының тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Рифабутинді және Томиклар препаратын бір мезгілде қолдану көздің тамырлы қабығының қабынуы (увеит) даму қаупінің артуымен рифабутин әсерінің күшеюіне және Томиклар препаратының әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Томиклар препаратының әсеріне ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін препараттар.

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифапентин және этравирин сияқты препараттар Томиклар препаратының тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

Флуконазолмен бір мезгілде қолданған кезде Томиклар препаратының дозасын өзгерту талап етілмейді.

Ритонавирмен қолданғанда, бүйрек жұмысының орташа айқын бұзылуы кезінде Томиклар препаратының дозасы 50% төмендетіледі (ең жоғары дозаға дейін - күніне 1 таблетка). Ауыр бүйрек ауруы кезінде 500 мг-нан таблетка түріндегі Томиклар тағайындалмайды. Ритонавирмен бір мезгілде және атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған басқа препараттармен бір мезгілде ритонавирді қолданған кезде (бүйрек функциясының төмендеуі кезінде) күніне 1 г асатын Томиклар препаратының тәуліктік дозалары қолданылмайды.

Томиклар препаратының басқа препараттар әсеріне ықпалы.

Томиклар препаратымен бір мезгілде қолдану әсерлерін ұзартуы және мына препараттармен: алпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин), ривароксабан, апиксабан, атипиялық психозға қарсы препараттар (мысалы, кветиапин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, сиролимус, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, сондай-ақ фенитоинмен, теофиллинмен және вальпроатпен бір мезгілде қолданған кезде жағымсыз реакциялар даму қаупін арттыруы мүмкін. Бұл тізім толық емес.

Томиклар препаратын қанды сұйылту үшін қолданылатын пероральді препараттармен (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан, ривароксабан және апиксабан) бір мезгілде тағайындауды, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерде абайлап жүргізу қажет.

Хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда жүрек жиырылуы айқын жиілеуі мүмкін, сондықтан дәрігер ЭКГ бақылауын тағайындауы мүмкін.

Пероральді қант төмендететін препараттар/инсулин: натеглинид және репаглинид сияқты кейбір қант төмендететін препараттармен бір мезгілде қолданған кезде қандағы глюкоза деңгейінің айқын төмендеуіне байланысты ауыр жағдай дамуы мүмкін, сондықтан бұл жағдайларда қандағы глюкоза деңгейіне мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.

Бір мезгілде қолданғанда омепразолдың әсері күшеюі мүмкін.

Томиклармен бір мезгілде қолданғанда силденафил, тадалафил, варденафил, теофиллин, карбамазепин және толтеродин әсері күшеюі мүмкін, бұл олардың дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.

Пероральді мидазолам әсерінің күшеюіне байланысты Томиклар препаратымен бір мезгілде қолданғанда, бұл біріктірілімнен аулақ болу керек. Мидазоламды вена ішіне енгізу дәрігердің бақылауымен жүргізіледі, себебі дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Сол сақтық шаралары триазолам мен алпразоламға да қолданылады. Темазепам, нитразепам, лоразепам үшін Томиклар препаратымен маңызды өзара әрекеттесу ықтималдығы аз. Осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда, орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер болуы мүмкін, себебі триазолам ұйқышылдық пен сананың шатасуын тудырады.

Дәрілік өзара әрекеттесудің басқа да түрлері

Колхицин, фенитоин және вальпроат әсерлері күшеюі мүмкін.

Жүрек ырғағының өлімге әкелетін бұзылуларын қоса, дигоксин әсері күшеюі мүмкін.

Томиклар препаратымен бір мезгілде қолданған кезде зидовудин әсері төмендеуі мүмкін, сондықтан осы екі препаратты қабылдау арасында кемінде 4 сағат аралықты сақтау керек.

Екі бағыттық дәрілік өзара әрекеттесу

Атазановирмен бір мезгілде қолданғанда кларитромицин мен атазанавирдің әсерінің күшеюі байқалады, сондықтан бүйректің орташа айқын және ауыр аурулары кезінде Томиклар препаратының дозасы төмендетіледі.

Амлодипинмен, дилтиаземмен, верапамилмен (қан қысымының төмендеуі, сирек жүрек жиырылуы және т.б. түрінде) бір мезгілде қолданғанда жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.

Бір мезгілде қолданғанда, саквинавир мен Томиклар препаратының әсері күшеюі мүмкін. Саквинавирді ритонавирмен бірге қолданғанда Томиклар әсері айқын күшеюі мүмкін.

Бір мезгілде қолданғанда, итраконазол мен Томиклар препаратының әсері күшеюі мүмкін, бірақ бұл әдетте дозаны өзгертуді талап етпейді.

Арнайы ескертулер

Дәрігердің тағайындауынсыз, Томиклар препараты жүктілік кезінде, әсіресе алғашқы үш айда қолданылмауы тиіс.

Орташа айқын және ауыр бүйрек ауруы және бауырдың ауыр ауруы кезінде Томиклар препаратын сақтықпен қолдану қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі: кларитромицинді қолданған кезде бауыр жеткіліксіздігінен өлімге ұшырайтын жағдайлар сирек кездеседі. Мүмкін, бұл бауыр ауруына немесе бауыр үшін басқа уытты дәрілік препараттарды қабылдауға байланысты болуы мүмкін. Тәбеттің болмауы, терінің сарғаюы, несептің күңгірттенуі, құрсақ қуысының қышыну немесе ауыруы сияқты бауыр аурулары симптомдары пайда болған кезде, сізге емдеуді тоқтатып, емдеуші дәрігерге шұғыл қаралу қажет.

Ішектің жедел қабыну ауруы барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қолданғанда байқалды және орташа айқыннан ауырға дейін (өліммен аяқталған) әртүрлі ауырлық дәрежесінде болуы мүмкін. Бактерияға қарсы препараттармен емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертеді және оларды қолданғаннан кейін екі ай ішінде ішектің қабынуын тудыратын қоздырғыштардың қатты өсуіне әкелуі мүмкін. Сұйық нәжіс пайда болған кезде жедел дәрігерге бару керек. Тиімді емдеу үшін бактериологиялық зерттеу қажет болуы мүмкін. Ішектің қабынуы жағдайында ішектің перистальтикасын бәсеңдететін препараттарды қолдануға болмайды.

Колхициннің уытты әсері: кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қолданғанда, әсіресе егде жаста немесе бүйрек ауруы кезінде колхициннің уытты әсері болуы мүмкін (кейде өліммен аяқталатын). Томиклар мен колхицин препаратын бір мезгілде қолдануға болмайды.

Томиклар препаратын триазолбензодиазепиндермен, мысалы, триазоламмен, мидазоламмен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.

Томиклар препаратын қоса, макролидтер тобынан препараттарды қабылдағанда жүрек соғуының айқын жиілеуін қоса, жүрек ырғағы бұзылуының ауыр ұстамалары дамуы мүмкін, әсіресе жиі:

• жүректің ишемиялық ауруы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сирек жүрек ырғағында,

• қанның тұз құрамы бұзылғанда (магний немесе калий төмендеуі),

• жүрек ырғағының бұзылуын тудыратын басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдағанда.

Кларитромицинді астемизолмен, цизапридпен, домперидонмен, пимозидпен және терфинадинмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

• Томиклар препараты туа біткен немесе жүре пайда болған сирек жүрек ырғағы немесе басқа ырғақтың бұзылуы кезінде қолданылмауы тиіс.

Зерттеу барысында макролидтерді (кларитромицинді қоса) қабылдағаннан кейін жүрек ырғағының бұзылуының, миокард инфарктісінің және жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімнің сирек қысқа мерзімді қаупі анықталды.

Өкпенің қабынуы: өкпенің қабынуының кейбір қоздырғыштары препараттың әсеріне сезімтал болмауы мүмкін, сондықтан Томиклар препаратын тағайындар алдында дәрігер сезімталдыққа тест жүргізуді тағайындайды.

Препаратты ұзақ уақыт қолдану препараттың тиімділігінің төмендеуіне және зеңді инфекцияның дамуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайларда дәрігер қажетті ем тағайындайды.

Егер сіздің ауруыңыздың қоздырғышы кларитромицин кіретін топтағы басқа препараттарға немесе линкомицин мен клиндамицинге сезімтал болмаса, Томиклар препаратын қолданудың әсері де жеткіліксіз болуы мүмкін.

Тері мен жұмсақ тіндердің жеңіл және орташа ауыр инфекциялары: бұл аурулар көбінесе препаратқа сезімтал емес қоздырғыштардан туындаған, сондықтан сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Қазіргі уақытта Томиклар препараты эритразманы, безеуді және тілмелі қабынуды емдеу үшін және пенициллин тобындағы препараттарды қолдануға болмайтын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

Іріңді бөртпелер түріндегі жедел тері реакциясын, терідегі және шырышты қабықтардағы бөртпелермен жедел уытты-аллергиялық ауруды, сұйықтыққа толы күлдіреуіктердің түзілуімен терінің ауыр аллергиялық зақымдануын, қандағы эозинофилдердің жоғарылауымен және ішкі ағзалардың симптомдарымен дәрілік бөртпелерді қоса, өмірге қауіп төндіретін ауыр жедел аллергиялық реакциялардың дамуы кезінде Томиклар препаратымен емдеуді дереу тоқтатып, дереу дәрігерге жүгіну керек.

Қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін (натеглинид, пиоглитазон, репаглинид, розиглитазон) және/немесе инсулинмен бір мезгілде қолдану глюкоза деңгейінің айқын төмендеуін тудыруы мүмкін, сондықтан емдеу кезеңінде қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет.

Қанның ұюын төмендететін пероральді препараттар: варфаринмен бір мезгілде қолданғанда қанның ұю уақытының ұзаруы және елеулі қан кетудің даму қаупі артады.

Сондай-ақ Томиклар препаратын, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерде дабигатран, ривароксабан және апиксабан сияқты қанның ұюын төмендететін пероральді препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық қажет.

Ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі бұлшықеттердің атрофиясы мен бұзылу қаупі артады (ауыр түрде болуы мүмкін). Егер бұл препараттар қажет болса, дәрігер ең төменгі дозаны тағайындайды немесе осындай әсерлерді тудырмайтын препаратты таңдайды және сіздің жағдайыңызды үнемі бақылап отырады.

Педиатрияда қолдану: Томиклар препараты 12 жасқа толмаған балаларда қолданылмауы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік: жүкті әйелдер үшін кларитромицин қауіпсіздігі зерттелген жоқ, баланың құрсақішілік дамуына жағымсыз әсер ету мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Жоғарыда аталғандардың барлығын ескере отырып, дәрігердің тағайындауынсыз жүкті әйелдерде, әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айында кларитромицинді қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу: кларитромицин емшек сүтімен бөлінеді. Бала емізу кезеңінде балаларға арналған кларитромицинді қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жүйке жүйесі тарапынан құрысулар, бас айналу, елестеулер, сананың шатасуы, бағдардан жаңылу сияқты жағымсыз реакциялардың даму мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жүргізу кезінде сақ болу қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер: ұсынылған доза күніне екі рет 500 мг құрайды (көбінесе аурудың ауыр ағымында), қажет болған жағдайда дозаны азайтуға болады. Емдеудің әдеттегі ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейін.

12 жастан асқан балалар: доза ересектер үшін бірдей.

12 жасқа дейінгі балалар: таблетка түріндегі кларитромицин 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды (олар үшін басқа дәрілік түрлер - кларитромицин суспензиясы шығарылады).

Он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде Н. pylori бактериясын жою

Әдеттегі емдеу ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейінді құрайды.

Емдеу сызбасы.

Томиклар препараты 500 мг-нан, күніне екі рет лансопразолмен (күніне екі рет 30 мг-нан) және амоксициллинмен (күніне екі рет 1000 мг-нан) бірге.

Томиклар препараты 500 мг-нан, күніне екі рет лансопразолмен (күніне екі рет 30 мг-нан) және метронидазолмен (күніне екі рет 400 мг-нан) бірге.

Томиклар препараты 500 мг-нан, күніне екі рет амоксициллинмен (күніне екі рет 1000 мг-нан) және омепразолмен (күніне 20 мг-нан) бірге.

Томиклар препараты 500 мг-нан күніне екі рет омепразолмен (күніне 40 мг-нан), амоксициллинмен (күніне екі рет 1000 мг-нан) немесе метронидазолмен (күніне екі рет 400 мг-нан) бірге.

Енгізу әдісі мен жолы

Томиклар препаратын ас ішуге қарамастан, ішке қабылдайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлердің күшеюі. 8 г кларитромицин қабылдаған, бұрын психикалық бұзылулары болған бір пациентте психикалық статусының және мінез-құлқының өзгеруі, қандағы калий деңгейінің төмендеуі және басқа да бұзылулар байқалды.

Емі: асқазанды шаю, сорбенттерді қабылдау, симптоматикалық ем. Гемодиализ бен перитонеальді диализдің тиімділігі аз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну ұсынылады.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан поливинилхлорид/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыТомиклар таблеткалары 500 мг №14дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube