Астане қаласындағы 500 Мг №20 Капсула Трамині | Хилтон Фарма (Пвт.) Лтд

Астане қаласындағы 500 Мг №20 Капсула Трамині | Хилтон Фарма (Пвт.) Лтд

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ түсті корпусы және күңгірт-қызыл қақпақшасы бар, қақпақшасында «TMN 500» және капсуланың корпусында «HPL» таңбаланған қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі - ақ кристалды ұнтақ.

Международное наименование:

Транексам қышқылы

Производитель:

Хилтон Фарма (Пвт.) Лтд

Страна производитель:

Пакистан

Действующее вещество:

қосымша заттар: жүгері крахмалы, магний стеараты Капсуланың құрамы "0" желатинді капсула: желатин, тазартылған су, титанның қостотығы Е171, натрий лаурилсульфаты, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бриллиантты көк Е133, хинолинді сары Е104, азорубин Е122 Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті корпусы және күңгірт-қызыл қақпақшасы бар, қақпақшасында «TMN 500» және капсуланың корпусында «HPL» таңбаланған қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі - ақ кристалды ұнтақ.

Дозировка активного вещества:

500 мг

Количество в упаковке:

20 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

Фибринолиз немесе фибриногенолиздің жоғарылауы кезінде қан кету немесе қан кету қаупі үшін қысқа мерзімді қолдану.

Келесі жағдайларда кездесетін жергілікті фибринолиз:

- простатэктомия және қуыққа операциялар жасалғанда

- меноррагия

- мұрыннан қан кету

- жатыр мойнының конизациясы

- жарақаттық гифема (көздің алдыңғы камерасына қан кету)

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну

- гемофилиямен ауыратын науқастарда тіс экстракциясын сүйемелдеу.

Противопоказания

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жинақталу қаупіне байланысты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- тромбоэмболиялық аурулардың белсенді түрі

- анамнездегі веналар мен артериялар тромбозы

- тұтыну коагулопатиясымен байланысты фибринолиздік жағдайлар

- анамнездегі құрысулар

Взаимодействие

Препарат урокиназамен, норадреналин битартратымен, дезоксиэпинефрин гидрохлоридімен, метармин битартратымен, диниридамолмен, диазепаммен үйлесімсіз. Пероральді контрацептивтік препараттарды бір мезгілде қолданғанда тромбоздың даму қаупін арттырады.

Транексам қышқылы фибринолитикалық препараттардың тромболизистік әсерін әлсіретеді. Гемостаздық препараттармен және гемокоагулазамен бір мезгілде қолданғанда тромб түзілудің белсенділенуі мүмкін.

Эстроген қабылдайтын пациенттерде тромб түзілу әлеуетінің артуының теориялық қаупі бар.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Клиникаға дейінгі зерттеулерде транексам қышқылы тератогендік әсер етпеді. Жүкті әйелдерде транексам қышқылы препараттарын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігіне талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Транексам қышқылы плацента арқылы өтеді және кіндік қанында анасындағыдай ұқсас концентрацияда болуы мүмкін.

Жануарлардағы репродуктивті функцияны зерттеу әрқашан адамның реакциясын болжай алмайтындықтан, транексам қышқылын жүктілік кезінде күтілетін пайда ықтимал қауіпті ақтаған жағдайда ғана қолдану керек.

Бала емізу

Транексам қышқылы емшек сүтіне енеді (препараттың сүттегі концентрациясы ананың қан плазмасындағы концентрациясының шамамен 1% құрайды). Нәрестеде антифибринолиздік әсердің дамуы екіталай. Дегенмен, бала емізетін аналарға транексам қышқылын қолданғанда абай болу керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне  әсер ету ерекшеліктері

Әсері жайында зерттеулер жүргізілген жоқ.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Жергілікті фибринолиз

Ұсынылатын стандартты доза дене салмағына 15-25 мг/кг (2-3 капсула) күніне 2-3 рет. Төменде көрсетілген көрсетілімдер үшін келесі дозаларды қолдануға болады:

Простатэктомия

Операцияға дейін және одан кейін жоғары қауіптегі пациенттерде қан кетудің алдын алу және емдеуді инъекцияға арналған ерітіндіден бастау керек, содан кейін макроскопиялық гематурия тоқтағанша күніне 3-4 рет 2 капсуладан.

Меноррагия

Ұсынылатын доза күніне 3 рет 2 капсуланы құрайды. Емдеу ұзақтығы әр адамға жеке белгіленеді, бірақ 4 күннен аспауы керек. Өте көп етеккір қан кетуі кезінде дозаны арттыруға болады. Жалпы тәуліктік доза күніне 4 г аспауы керек. Етеккір қан кетуі басталғанға дейін Траминмен емдеуді бастауға болмайды.

Мұрыннан қан кетулер

Қайталанатын мұрыннан қан кету кезінде препарат 7 күн ішінде күніне 3 рет 2 капсуладан тағайындалады.

Жатыр мойын конизациясы

Күніне 3 рет 3 капсуладан.

Жарақаттық гифема (көздің алдыңғы камерасына қан кету)

Күніне 3 рет 2-3 капсуладан. Дозасы 25 мг/кг есебінен күніне 3 ретке негізделген.

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну

Кейбір пациенттер аурудың өршуі туралы біледі. Мұндай пациенттер үшін ұсынылатын емдеу бірнеше күн бойы күніне 2-3 рет 2-3 капсуладан мезгіл-мезгіл қабылдау. Қалған пациенттер емдеуді осы дозада үнемі қабылдайды.

Гемофилия

Гемофилиямен ауыратын пациенттерде тіс экстракциясын сүйемелдеу: әр сегіз сағат сайын 2-3 капсула (25 мг/кг).

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Венаішілік дәрілік түрге жататын клиренс бойынша деректерін экстраполяциялау арқылы бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерге пероральді дозаны кейіннен азайту ұсынылады.

Форма выпуска

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести500 мг №20 капсула Траминів аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube