Қолдану көрсеткіштері
Транексам қышқылы ересектер мен 1 жастан және балаларға жергілікті немесе жайылған гиперфибринолизден туындаған қан кетулердің профилактикасы мен емдеу үшін қолданылады.
Нақты көрсетілімдері келесілерді қамтиды:
• жергілікті немесе жайылған гиперфибринолиздің салдарынан қан кету, мысалы:
- меноррагия және метроррагияда
- асқазан-ішектен қан кетуде
- несеп шығару жолдарының геморрагиялық бұзылыстарында, қуықасты безіне жасалатын операцияға немесе несеп шығару жолдарын қамтитын хирургиялық емшараларға қосымша;
• тамақ-мұрын хирургиясында (аденоидэктомия, тонзиллэктомия, тіс жұлғанда);
• гинекологиялық операцияларда немесе акушерлік қан кетуде
• торакальді, абдоминальді хирургияда және жүрек-қантамыр хирургиясы сияқты басқа күрделі хирургиялық араласымдарда
• фибринді ерітетін дәріні енгізумен байланысты қан кетуді емдеу үшін