daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Трипликсам Таблеткалары 5 Мг/1,25 Мг/5 Мг №30 | Сервье

Астане қаласындағы Трипликсам Таблеткалары 5 Мг/1,25 Мг/5 Мг №30 | Сервье
Сипаттама:

Сопақша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жағында ойып түсірілген символы және басқа жағында символы бар таблеткалар (5 мг/1.25 мг/5 мг доза үшін); Сопақша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жағында ойып түсірілген символы және басқа жағында символы бар таблеткалар (5 мг/1.25 мг/10 мг доза үшін); Сопақша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жағында ойып түсірілген символы және басқа жағында символы бар таблеткалар (10 мг/2.5 мг/5 мг доза үшін); Сопақша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жағында ойып түсірілген символы және басқа жағында символы бар таблеткалар (10 мг/2.5 мг/10 мг доза үшін);

Өндіруші:

Сервье

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

анамнезінде бұрын АӨФ тежегішін қабылдаумен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну сол жақ қарыншаның шығу бөлігінің обструкциясы (мысалы, ауыр дәрежелі аорталық стеноз) емделмеген декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер жедел миокард инфарктісінен кейін жүрек қызметінің гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен) құрамында 10мг/2.5мг периндоприл/индапамид біріктірілімі (яғни, Трипликсам® 10мг/2,5мг/5мг және 10мг/2,5мг/10мг) бар Трипликсам® дозаларында ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі 60 мл/мин төмен) бүйрек артерияларының айқын екі жақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы қант диабеті немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде алискиренмен бірге бір мезгілде пайдалану (ШСЖ < 60мл/мин/1,73 м 2) диализдегі пациенттер бауыр энцефалопатиясы бауыр функциясының ауыр бұзылуы гипокалиемия ауыр гипотензия кардиогенді шокты қоса алғанда, шок сакубитрилмен және валсартанмен жүргізілетін еммен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил мен валсартанның соңғы дозасын қабылдау және Трипликсам® препаратымен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет. экстракорпоральді емшаралар, онда қан теріс зарядталған беткейлермен байланысады жүктілік

Белсенді заттың дозасы:

5мг/1,25мг/5мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг/1.25 мг/5 мг 5 мг/1.25 мг/10 мг 10 мг/2.5 мг/5 мг 10 мг/2.5 мг/10 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Трипликсам® белгіленген дозада периндоприл/индапамид және амлодипинді біріктірілімін бірдей дозаларда бір мезгілде қабылдау кезінде ауруды талапқа сай бақылауға жеткен пациенттерге эссенциальді гипертензияны емдеу үшін орын ауыстыру препараты ретінде тағайындалады.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді заттарға, басқа сульфонамидтерге, дигидропиридин туындыларына, АӨФ басқа тежегіштеріне немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

анамнезінде бұрын АӨФ тежегішін қабылдаумен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі)

тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну

сол жақ қарыншаның шығу бөлігінің обструкциясы (мысалы, ауыр дәрежелі аорталық стеноз)

емделмеген декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

жедел миокард инфарктісінен кейін жүрек қызметінің гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі

бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен)

құрамында 10мг/2.5мг периндоприл/индапамид біріктірілімі (яғни, Трипликсам® 10мг/2,5мг/5мг және 10мг/2,5мг/10мг) бар Трипликсам® дозаларында ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі 60 мл/мин төмен)

бүйрек артерияларының айқын екі жақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы

қант диабеті немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде алискиренмен бірге бір мезгілде пайдалану (ШСЖ < 60мл/мин/1,73 м 2)

диализдегі пациенттер

бауыр энцефалопатиясы

бауыр функциясының ауыр бұзылуы

гипокалиемия

ауыр гипотензия

кардиогенді шокты қоса алғанда, шок

сакубитрилмен және валсартанмен жүргізілетін еммен бір мезгілде қолдану. Сакубитрил мен валсартанның соңғы дозасын қабылдау және Трипликсам® препаратымен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет.

экстракорпоральді емшаралар, онда қан теріс зарядталған беткейлермен байланысады

жүктілік

Өзара әрекеттесуі

Ангионевроздық ісіну қаупін арттыратын дәрілік препараттар

АӨФ тежегіштерін сакубитрилмен / валсартанмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл ангионевроздық ісіну қаупін арттырады. Периндоприлдің соңғы дозасын қабылдау мен сакубитрилмен /валсартанмен емдеуді бастау арасындағы аралық кемінде 36 сағатты құрауы тиіс. Сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен периндоприлмен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет.

АӨФ тежегіштерін рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус) және глиптиндер (мысалы, линаглиптин, саксаглиптин, ситаглиптин, вилдаглиптин) ангионевроздық ісінудің жоғары қаупіне әкелуі мүмкін.

Гиперкалиемияны туындататын препараттар:

Қан сарысуындағы калий мөлшері әдетте қалыпты шекте қалса да, гиперкалиемия Трипликсам® қабылдаған кейбір пациенттерде пайда болуы мүмкін. Кейбір препараттар немесе емдік класстар гиперкалиемияның пайда болу жиілігін арттыруы мүмкін: алискирен, калий тұздары, калий сақтайтын диуретиктер (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, ҚҚСД, гепариндер, циклоспорин немесе такролимус, триметоприм және котримоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол) секілді иммунодепрессанттар, өйткені триметоприм амилорид сияқты калий сақтайтын диуретик ретінде әрекет ететіні белгілі. Осы препараттардың біріктірілімі гиперкалиемия қаупін арттырады. Осыған байланысты Трипликсам препаратын жоғарыда аталған препараттармен біріктіру ұсынылмайды. Егер бір мезгілде қолдану көрсетілсе, оларды сақтықпен және қан сарысуындағы калий деңгейін жиі мониторингтеу кезінде пайдалану керек.

Біріктіріп қолдану қарсы көрсетілімді

Алискирен: диабетпен ауыратын немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде гиперкалиемия қаупі артады, бүйрек функциясы нашарлайды және жүрек-қантамыр аурулары мен өлім-жітімді арттырады.

Экстракорпоральді ем:

қан теріс зарядталған беткейлермен жанасатын экстракорпоральді емшаралар: жоғары ультрафильтрациялық белсенділігі бар жарғақшаларды қолданумен диализ немесе гемофильтрация (мысалы, полиакрилонитриндік жарғақшалар) және декстран сульфатын қолданумен тығыздығы төмен липопротеиндердің аферезі - ауыр анафилактоидты реакциялар қаупін арттырады. Мұндай ем қажет болған жағдайда диализ үшін жарғақшаның басқа түрін немесе гипертензияға қарсы дәрінің басқа класын пайдалану керек.

Біріктіріп қолдану ұсынылмайды

Периндоприл/индапамид

Литий: АӨФ тежегіштерімен біріктіріп қабылдау кезде сарысудағы және уыттылықтағы литий концентрациясының қайтымды ұлғаюы байқалды. Периндоприлді индапамидпен біріктіріп литиймен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды, бірақ егер бұл қажет болса, онда сарысудағы литий деңгейін мұқият бақылау керек.

Периндоприл

Алискирен: диабетпен ауыратын немесе бүйрек функциясы бұзылған

пациенттерде гиперкалиемия қаупі артады, бүйрек функциясы нашарлайды және жүрек-қантамыр аурулары мен өлім-жітімді арттырады.

АӨФ тежегішімен және ангиотензин рецепторларының блокаторымен біріктіріп қолдану:

Әдебиеттерде артериосклероз, жүрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар пациенттерде АӨФ тежегішімен және ангиотензин рецепторларының блокаторымен біріктірілген ем ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің монотерапиясын қолданумен салыстырғанда гипотензия, естен тану, гиперкалиемия және бүйрек функциясының нашарлауына (бүйрек функциясының жедел бұзылуын қоса) әкеледі. Қосарлы блокада (мысалы, АӨФ тежегішін ангиотензин II рецепторларының антагонисімен біріктіру) бүйрек функциясын, калий деңгейін және артериялық қысымды мұқият бақылау кезінде жеке анықталған жағдайлармен шектелуі тиіс.

Эстрамустин: ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі.

Калий сақтайтын препараттар (мысалы., триамтерен, амилорид), калий (тұздар):

Гиперкалиемия (ықтимал өліммен аяқталатын), әсіресе бүйрек функциясының бұзылуымен бірге (аддитивті гиперкалиемиялық әсер). Периндоприлді жоғарыда аталған препараттармен бірге қабылдау ұсынылмайды. Егер жоғарыда аталған препараттарды біріктіріп қолдану қажет болса, оларды сақтықпен қабылдау керек және сарысудағы калий деңгейін жиі бақылау керек. Жүрек жеткіліксіздігінде спиронолактонды қолдану туралы ақпарат «Препараттарды біріктіріп қолдану ерекше күтімді қажет етеді» бөлімінде келтірілген.

Амлодипин

Дантролен (инфузия): верапамил қабылдағаннан және дантроленді вена ішіне енгізгеннен кейін гиперкалиемияға байланысты өліммен қарыншалық фибрилляция және жүрек-қантамырлық коллапс байқалады. Гиперкалиемия қаупіне сүйене отырып, қатерлі гипертермияға бейім пациенттерде және қатерлі гипертермияны емдеу кезінде амлодипин сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларын біріктіріп қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Грейпфрут немесе грейпфрут шырыны:

Биожетімділік кейбір пациенттерде артуы және гипотензивті қасиеттердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Біріктірілген қолдану ерекше күтімді қажет етеді

Периндоприл/индапамид

Баклофен: гипертензияға қарсы әсері артады. Артериялық қысымын бақылап, гипертензияға қарсы препараттың дозасын сәйкесінше өзгерту керек.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) (жоғары дозаларда ацетилсалицил қышқылын қоса алғанда):

АӨФ тежегіштері қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде тағайындалғанда (яғни, қабынуға қарсы дозалардағы ацетилсалицил қышқылы, ЦОГ-2 тежегіштері және селективті емес ҚҚСП), гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі мүмкін. АӨФ және ҚҚСG тежегіштерін біріктіріп қолдану бүйрек функциясының нашарлауына, оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігіне және сарысудағы калий деңгейінің жоғарылауына, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде әкелуі мүмкін. Біріктірілімді сақтықпен қолдану керек, әсіресе егде жастағы адамдарда. Пациенттер жеткілікті мөлшерде су ішу керек, ал бүйрек функциясы біріктірілген ем басталғаннан бастап, сондай-ақ мезгіл-мезгіл бақылануы керек.

Периндоприл

Диабетке қарсы препараттар (инсулин, пероральді гипогликемиялық препараттар):

АӨФ тежегіштері мен диабетке қарсы препараттарды (инсулин, пероральді гипогликемиялық препараттар) біріктіріп қолдану қандағы глюкоза деңгейін төмендететін әсердің күшеюіне және гипогликемия қаупіне әкелуі мүмкін. Бұл құбылыс біріктірілген емнің алғашқы апталарында және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде орын алады.

Диуретиктералийді сақтайтын диуретиктерден басқа):

АӨФ тежегішімен емді бастағаннан кейін диуретиктерді қабылдайтын пациенттерде, әсіресе сұйықтық және/немесе тұз резервтерінің сарқылуы байқалатын пациенттерде артериялық қысым төмендеуі мүмкін. Гипотензивті әсерді периндоприлдің төмен және біртіндеп ұлғаятын дозалары бар емді бастағанға дейін диуретиктен бас тарту, сұйықтық көлемін ұлғайту немесе тұздарды қабылдау арқылы азайтуға болады.

Артериялық гипертензия кезінде диуретиктермен алдыңғы емдеу тұз/сұйықтық резервтерінің сарқылуына әкелуі мүмкін болғанда, диуретикті қабылдауды АӨФ тежегішімен емдеуді бастағанға дейін тоқтату керек, содан кейін кейіннен диуретик (калий сақтайтын диуретиктерден басқа) қосуға немесе біртіндеп арттыра отырып, төмен дозамен АӨФ тежегішін қабылдауды бастауға болады.

Іркілісті жүрек жеткіліксіздігін диуретиктермен емдеу кезінде АӨФ тежегішін қабылдауды өте төмен дозадан, мүмкін, калий сақтайтын диуретиктің дозасын төмендеткеннен кейін бастау керек.

Барлық жағдайларда бүйрек функциясын (креатинин деңгейі) АӨФ тежегіштерін пайдалана отырып, емнің алғашқы апталары ішінде бақылау керек.

Калий сақтайтын диуретиктер (эплеренон, спиронолактон):

Эплеренонды немесе спиронолактонды тәулігіне 12,5-50 мг дозада лықсу фракциясы <40% болатын II-IV класс (NYHA) бойынша жүрек жеткіліксіздігін емдеу кезінде және бұрын АӨФ тежегіштері мен ілмекті диуретиктерді пайдалана отырып, АӨФ тежегіштерінің төмен дозаларымен бір мезгілде қабылдау, әсіресе препараттардың осы комбинациясын қабылдау ұсынымдары сақталмаған кезде, ықтимал өлімге әкелетін гиперкалиемияның даму қаупіне әкеп соғады.

Осы біріктірілімді қабылдағанға дейін гиперкалиемия мен бүйрек функциясының бұзылуын болдырмаңыз.

Емдеудің бірінші айында алдымен аптасына бір рет, содан кейін айына бір рет калиемия мен креатинемияны мұқият бақылау ұсынылады.

Индапамид

«Пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның дамуына әкелетін препараттар:

Гипокалиемияның даму қаупі салдарынан индапамидті «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның дамуына әкелетін препараттармен бірге қолданғанда сақтықпен қабылдаған жөн, мысалы, өзгелер арасында:

Іa класының аритмияға қарсы препараттары (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид);

III класының аритмияға қарсы препараттары (мысалы, амиодарон, дофетилид, ибутилид, бретилиум, соталол);

психозға қарсы кейбір препараттар:

фенотиазиндер (мысалы, хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлюоперазин), бензамидтер (мысалы, амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд), бутирофенондар (мысалы, дроперидол, галоперидол), басқа да психозға қарсы препараттар (мысалы, пимозид);

- басқа белсенді заттар (мысалы, беприл, цизаприд, дифеманил, в/і эритромицин, галофантрин, мизоластин, моксифлоксацин, пентамидин, спарфлоксацин, винкамицин в/і, метадон, астемизол, терфенадин.

Шығарылу түрі

30 таблеткадан таблеткаларды біртіндеп беруге арналған дозалайтын саңылауы бар полипропилен тубаларға салынады. Туба 2 г сиккативті гелі бар тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тығынмен жабылады.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада тығыз тығындалған контейнерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «трипликсам таблеткалары 5 мг/1,25 мг/5 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

01400280042005600700012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадытрипликсам таблеткалары 5 мг/1,25 мг/5 мг №30дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.88/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
2
5
star
15
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Августа 2023

Комментарий: Отличное лекарство, моё давление 180 сбило на 130, уже 3 месяца не знаю проблем. Плохо, что я раньше о нем не знала.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
1 Августа 2023

Достоинства: Таблетки очень хорошо помогают от давления. Перепробовали множество вариантов, но эти действительно отличные.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Июля 2023

Достоинства: Прекрасно держит давление в норме, пользуюсь этим с 2018 года. Врач выписала мне его, когда престариум перестал работать, и гипертония начала мучить.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
12 Июля 2023

Достоинства: Очень хорошо.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 Июля 2023

Достоинства: Таблетки хорошие. Брал матери, действительно помогает снижать давление. И цена приемлемая, в аптеках очень дорого.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Июня 2023

Комментарий: Рахмет, уақытынан ерте әкеліп берді. Дәріні анама алдым. Дәрігердің тағайындауымен ішіп отырады.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 Июня 2023

Достоинства: Отличный препарат от давления и для сердца, три компонента в одной таблетке!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 Июня 2023

Достоинства: Средство с высокой эффективностью.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
8 Июня 2023

Достоинства: Получила довольно быстро, меньше чем за 3 часа, всё ОК.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
10 Мая 2023

Комментарий: Мне понравилось, пью их для понижения давления.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Апреля 2023

Комментарий: Таблетки три в одном, от давления, сердце и почки поддерживают, пьём давно, артериальное давление стабильно в норме. Хороший препарат. Рекомендую. Только дозировкe с врачом надо будет согласовать.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 Апреля 2023

Достоинства: Очень хороший препарат. Давление стабилизировалось. Упало до 130 и держится не поднимается.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Января 2023

Комментарий: Отличный препарат, советую, но только при назначении кардиолога, самостоятельно не принимайте.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
24 Октября 2022

Достоинства: Муж первый месяц пьет, пока давление снижает.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
7 Октября 2022

Достоинства: Хорошее лекарство.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Сентября 2022

Комментарий: Отличное лекарство от давления, которое прописал моему мужу врач.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Сентября 2022

Комментарий: Хороший препарат, нам помогает поддерживать давление в норме.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube