Қолдану көрсеткіштері
Гиперхолестеринемия емінде
- ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастағы және одан асқан балаларда алғашқы гиперхолестеринемияда (отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемия қоса ІІа типі) немесе аралас дислипидемияда (IIb типі) диета және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағын түсіру) жеткіліксіз болған кезде диетаға қосымша ретінде
- ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастағы және одан асқан балаларда отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда диетаға және липид төмендететін басқа да емге (мысалы, ТТЛП-аферез) қосымша ретінде немесе осындай ем пациентке сай келмеген жағдайларда
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасында
- басқа қауіп факторларын түзетуге/емдеуге қосымша ретінде жүрек-қантамыр оқиғаларының туындау қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасында.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті деректер тізбесі
УЛЬТРОКС® препаратын қабылдамас бұрын өз дәрігеріңізден кеңес алыңыз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- трансаминазалардың сарысулық белсенділігінің тұрақты жоғарылауын және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын (жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 3 еседен көп) қоса, бауырдың белсенді фазадағы ауруларында
- бүйрек функциясының айқын бұзылулары (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз)
- миопатиялар
- софосбувирді/велпатасвирді/воксилапревирді бір мезгілде қабылдау
- циклоспоринді бір мезгілде қабылдау
- жүктілік және бала емізу кезеңі, контрацепцияның талапқа сай әдістері болмаған кезде
- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, немесе Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар