Қолдану көрсеткіштері
Varicella zoster (VZV)- белдемелі герпес вирусы туындатқан инфекциялар
ересек иммунокомпетентті пациенттердегі белдемелі герпес (белдемелі теміреткі) және офтальмогерпес
ауырлығы жеңіл немесе орташа иммунтапшылығы ересек пациенттердегі белдемелі герпес
Қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) туындатқан инфекциялар
Валавекс® ҚГВ туындатқан тері мен шырышты қабықтың инфекцияларын емдеу және басу (супрессия) үшін қолданылады, оған қоса:
иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде алғаш рет анықталған генитальді герпесті емдеу
иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде қайталанатын генитальді герпесті емдеу
иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде қайталанатын генитальді герпесті басу (супрессия)
лабиальді герпесті емдеу.
Иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде ҚГВ туындатқан офтальмологиялық инфекциялардың қайталануын емдеу және басу (супрессия).
АИТВ-инфекциядан бөлек, басқа себептердің салдарынан иммунитеті төмендеген ҚГВ-инфекцияланған пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізілмеді.
Цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекция
ересектер мен жасөспірімдерде ағзалар трансплантациясында туындайтын цитомегаловирустық инфекцияның (ЦМВ) профилактикасы