Қолдану көрсеткіштері
Varicella zoster (VZV) вирусы туындатқан инфекциялар - белдемелі герпес.
Валавир® ересек иммунокомпетентті пациенттерде белдемелі герпесті (белдемелі теміреткі) және офтальмогерпесті емдеуге арналған.
Валавир® жеңіл немесе орташа иммун тапшылығы бар ересек пациенттерде белдемелі герпесті емдеу үшін.
Қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) туындатқан инфекциялар
Валавир® мына кезде қолданылады:
ҚГВ туындатқан тері және шырышты қабық инфекцияларын емдеу және бәсеңдету үшін қолданылады, оған қоса:
иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сонымен қатар иммунитеті төмендеген ересектерде алғаш анықталған генитальді герпесті емдеу;
иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сонымен қатар иммунитеті төмендеген ересектерде қайталанған генитальді герпесті емдеу;
иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сонымен қатар иммунитеті төмендеген ересектерде генитальді герпестің қайталануын бәсеңдету;
иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сонымен қатар иммунитеті төмен ересектерде ҚГВ көз инфекцияларының қайталануын емдеу және бәсеңдету.
АИТВ-инфекциясынан басқа себептер бойынша иммундалған ҚГВ бар пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекциялар
Валавир® ересектер мен жасөспірімдерде ағзаларды трансплантациялау кезінде туындайтын цитомегаловирустық инфекцияның (ЦМВ) профилактикасы үшін арналған.