daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Верабез Таблеткалар №20 Мг №14 | Лабораториос Ликонса, С.А.

Астане қаласындағы Верабез Таблеткалар №20 Мг №14 | Лабораториос Ликонса, С.А.
Сипаттама:

Диаметрі (5.35 ± 1) мм қызғылт түсті ішекте еритін қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар (10 мг доза үшін) . Диаметрі (7.30 ± 1) мм сары түсті ішекте еритін қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар (20 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Рабепразол

Өндіруші:

Лабораториос Ликонса, С.А.

Өндіруші ел:

Королевство Испания

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннитол (ұнтақ), ауыр магний тотығы, L-гидроксипропилцеллюлоза, LH-31 (төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза), HPC (Гидроксипропилцеллюлоза-L), магний стеараты, сусыз этанол**, ортаңғы қабық: этилцеллюлоза (STD 10), ауыр магний тотығы, сусыз этанол**, ішек қабығы: гипромеллоза фталаты (HP55), дибутил-себацинат, темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), тальк, сусыз этанол**, тазартылған су** ** - соңғы өнімде жоқ, кептіру кезінде буланады *** - 9.42 мг (10 мг доза үшін) немесе 18.85 мг (20 мг доза үшін) негізіне шаққанда. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Диаметрі (5.35 ± 1) мм қызғылт түсті ішекте еритін қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар (10 мг доза үшін) . Диаметрі (7.30 ± 1) мм сары түсті ішекте еритін қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар (20 мг доза үшін).

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

асқыну сатысындағы он екі елі ішектің ойық жара ауруы

асқыну сатысындағы асқазанның қатерсіз ойық жара ауруы

гастроэзофагеальді рефлюкстік аурудың (ГЭРА) симптоматикалық эрозиялық немесе ойық жаралы түрі

гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды ұзақ мерзімді демеуші емдеу (ГЭРА демеуші ем)

орташадан ауыр дәрежеге дейінгі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу (ГЭРА симптоматикалық ем)

Золлингер-Эллисон синдромы

тиісті бактерияға қарсы дәрілермен біріктірілімде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде Helicobacter pylori бактериясын жою

Қарсы көрсеткіштер

- натрий рабепразолына, орын басқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары

Қатысты емес

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Асқазан сөлі қышқылының өндірілуін бәсеңдетумен байланысты өзара әрекеттесулер

Натрий рабепразолы асқазан қышқылы өндірісінің терең және ұзақ мерзімді бәсеңдеуін тудырады. Сіңірілуі рН деңгейіне байланысты болатын қосылыстармен өзара әрекеттесу байқалуы мүмкін (сулы ерітінділердің қышқылдығын анықтау шарасы). Натрий рабепразолын зеңге қарсы препараттармен (кетоконазолмен немесе итраконазолмен) бір мезгілде қолдану олардың әсерінің айтарлықтай әлсіреуіне әкелуі мүмкін, сондықтан дозаны түзету қажеттілігін анықтау үшін жеке пациенттерді бақылау қажет болуы мүмкін.

Антацидтер

Клиникалық сынақтарда антацидтер рабепразолмен бір мезгілде қолданылды, олардың өзара әрекеттесуі байқалмады.

Арнайы зерттеу барысында Верабез препаратының антацидтердің сұйық дәрілік түрлерімен өзара әрекеттесуі байқалмады.

Атаназавир

Дені сау еріктілерде 300 мг атазанавирді /100 мг ритонавирді омепразолмен (күніне бір рет 40 мг) немесе 400 мг атазанавирді лансопразолмен (күніне бір рет 60 мг) бір мезгілде қолдану атазанавирдің әсерінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Атазанавирдің сіңуі рН деңгейіне байланысты. Бұл зерттелмегенімен, басқа протонды помпа тежегіштерімен (ППТ) ұқсас нәтижелер күтілуде, сондықтан рабепразолды қоса, ППТ атазанавирмен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Метотрексат

Жағымсыз құбылыстар туралы хабарламалар деректеріне, популяциялық фармакокинетикалық зерттеулердің жарияланған нәтижелеріне және ретроспективті талдау деректеріне сәйкес, Верабез препаратын метотрексатпен бір мезгілде қолдану метотрексат және/немесе оның метаболиті (зат алмасу процесінде түзілетін заттар) гидроксиметотрексат деңгейін қан сарысуында жоғарылатуы мүмкін деп болжауға болады. Дегенмен, метотрексаттың протонды помпа тежегіштерімен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Өзара әрекеттесуі

Асқазан сөлі қышқылының өндірілуін бәсеңдетумен байланысты өзара әрекеттесулер

Натрий рабепразолы асқазан қышқылы өндірісінің терең және ұзақ мерзімді бәсеңдеуін тудырады. Сіңірілуі рН деңгейіне байланысты болатын қосылыстармен өзара әрекеттесу байқалуы мүмкін (сулы ерітінділердің қышқылдығын анықтау шарасы). Натрий рабепразолын зеңге қарсы препараттармен (кетоконазолмен немесе итраконазолмен) бір мезгілде қолдану олардың әсерінің айтарлықтай әлсіреуіне әкелуі мүмкін, сондықтан дозаны түзету қажеттілігін анықтау үшін жеке пациенттерді бақылау қажет болуы мүмкін.

Антацидтер

Клиникалық сынақтарда антацидтер рабепразолмен бір мезгілде қолданылды, олардың өзара әрекеттесуі байқалмады.

Арнайы зерттеу барысында Верабез препаратының антацидтердің сұйық дәрілік түрлерімен өзара әрекеттесуі байқалмады.

Атаназавир

Дені сау еріктілерде 300 мг атазанавирді /100 мг ритонавирді омепразолмен (күніне бір рет 40 мг) немесе 400 мг атазанавирді лансопразолмен (күніне бір рет 60 мг) бір мезгілде қолдану атазанавирдің әсерінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Атазанавирдің сіңуі рН деңгейіне байланысты. Бұл зерттелмегенімен, басқа протонды помпа тежегіштерімен (ППТ) ұқсас нәтижелер күтілуде, сондықтан рабепразолды қоса, ППТ атазанавирмен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Метотрексат

Жағымсыз құбылыстар туралы хабарламалар деректеріне, популяциялық фармакокинетикалық зерттеулердің жарияланған нәтижелеріне және ретроспективті талдау деректеріне сәйкес, Верабез препаратын метотрексатпен бір мезгілде қолдану метотрексат және/немесе оның метаболиті (зат алмасу процесінде түзілетін заттар) гидроксиметотрексат деңгейін қан сарысуында жоғарылатуы мүмкін деп болжауға болады. Дегенмен, метотрексаттың протонды помпа тежегіштерімен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер / егде жастағы пациенттер

Он екі елі ішектің ойық жарасы және асқыну сатысындағы асқазанның қатерсіз ойық жаралы ауруы

Күніне 1 рет, таңертең 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Асқыну сатысындағы он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы болған кезде, пациенттердің көпшілігінде ойық жараның жазылуы 4 апта ішінде болады. Алайда, кейбір пациенттер ойық жараның толық жазылуына қол жеткізу үшін тағы 4 апта емдеуді қажет етуі мүмкін.

Асқыну сатысында асқазанның қатерсіз ойық жаралы ауруы бар пациенттердің көпшілігінде жазылу 6 апта ішінде басталады. Алайда, пациенттердің аз бөлігі ойық жараның толық жазылуына қол жеткізу үшін тағы 6 апта емдеуді қажет етуі мүмкін.

Гастроэзофагеальді рефлюкстік аурудың (ГЭРА) эрозиялық немесе ойық жаралы түрі

Верабез препаратының ұсынылатын дозасы-күніне 1 рет 20 мг, ішке. Емдеу ұзақтығы 4-8 аптаны құрайды.

Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды ұзақ мерзімді демеуші емдеу (ГЭРА демеуші ем)

Ұзақ мерзімді емдеу кезінде пациенттің емге жауабына байланысты Верабез препаратының - 10 немесе 20 мг демеуші дозасын күніне 1 рет қолдануға болады.

Орташадан ауыр дәрежеге дейінгі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу (симптоматикалық ГЭРА)

Эзофагитсіз ГЭРА бар пациенттерге күніне 1 рет 10 мг ішке қабылдау ұсынылады. 4 апта емдегеннен кейін емдеуге жауап болмаған жағдайда қосымша тексеру жүргізіледі. Симптомдар басылғаннан кейін, олардың кейіннен қайта басталуын болдырмау үшін Верабез препаратын талап бойынша күніне бір рет 10 мг дозада ішке қабылдау керек.

Золлингер-Эллисон синдромы

Тағайындалған доза аурудың клиникалық көріністеріне байланысты. Ересектерге арналған Верабез препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы 60 мг х күніне 1 рет, қажет болған жағдайда дәрігер пациенттің жеке қажеттіліктеріне байланысты дозаны тәулігіне 120 мг-ға дейін арттыра алады немесе дозаны күніне 1 рет 100 мг-ға дейін тағайындай алады. 120 мг тәуліктік доза тағайындалған жағдайда, бұл дозаны 60 мг-ден екі қабылдауға бөлуге болады. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Helicobacter pylori қоздырғышын жою

H. pylori жою үшін препараттардың келесі біріктірілімі 7 күндік курспен ұсынылады: Верабез препараты күніне 2 рет 20 мг + кларитромицин 500 мг күніне 2 рет және амоксициллин 1 г күніне 2 рет. Емдеу ұзақтығы: 7 күн.

H. Pylori жою сызбасына сәйкес, препараттарды қабылдау күніне бір рет жүргізілуі тиіс, Верабез препаратын таңертең, таңғы ас алдында қабылдау керек, бірақ тәулік уақыты да, тамақ та натрий рабепразолының белсенділігіне әсер етпейді. Препаратты қабылдаудың бұл режимі емдеу режимін сақтауға ықпал етеді.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Верабез препараты осы жас тобында тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты балаларда қолдану үшін ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігінің орташа және жеңіл дәрежесі бар пациенттерде дені сау пациенттермен салыстырғанда ұсынылған дозада қабылдаған кезде натрий рабепразолының әсер ету деңгейі жоғары болды. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді Верабез препаратымен 10 мг немесе 20 мг дозада емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерді емдеген кезде рабепразолды қолдану "Арнайы ескертулер" бөлімінде толығырақ қарастырылған.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдау үшін. Егер дәрігер Верабез препаратын күніне бір рет қабылдауды ұсынса, онда оны таңертең, тамақтанар алдында қабылдау керек, дегенмен препаратты қабылдау және ас ішу натрий рабепразолының белсенділігіне айтарлықтай әсер етпейді.

Верабез препаратының таблеткаларын шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, оларды тұтастай жұту керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Әдейілеп немесе кездейсоқ артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалардың шектеулі саны бар. Қабылданған препараттың ең жоғары белгіленген мөлшері тәулігіне 60 мг х 2 рет немесе тәулігіне бір рет 160 мг аспады. Әсерлер ең аз болды, жағымсыз реакциялардың белгілі профиліне сәйкес келді, қандай да бір қосымша емдеусіз өздігінен өтті.

Емі: спецификалық антидот жоқ. Верабез препараты
плазма ақуыздарымен байланысудың жоғары деңгейімен сипатталады, сондықтан диализ кезінде организмнен шығарылмайды. Артық дозаланғанда симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолдану дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізілуі керек.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Инфекциялар мен инвазиялар

Жиі: инфекциялар

Шығарылу түрі

14 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салады.

1 немесе 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «Верабез таблеткалар №20 мг №14» бағасының өзгеру диаграммасы

0700140021002800350012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыВерабез таблеткалар №20 мг №14дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
3170

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 200

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

3370

3170

200

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАстана қаласындағы «Верабез таблеткалар №20 мг №14» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube