Қолдану көрсеткіштері
- қанағыштықта және сарғаюдан болған гипопротромбинемия аясында, жедел гепатиттерде, қылтамырлық және паренхиматозды қан кетулер кезінде
- хирургиялық араласулар мен жарақаттан кейін
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы кезіндегі қан кетуде
- жедел сәуле ауруының айқын симптомдарында
- ұзаққа созылған мұрын және геморроидалдық қан кетуінде
- шала туған балалардағы геморрагиялық құбылыстарда
- жатырдан климакс алдылық және ювенильдік қан кетуде
- өздігінен болған қанағыштықта
- операцияға дайындық, операциядан кейінгі кезеңде қан кету қаупі болса, өкпеден қан кетуде, сепсистік аурулар аясындағы геморрагиялық құбылыстар кезінде
- қан кетуде және фенилин, неодикумарин, басқа да антикоагулянттар – К дәрумені антагонистерінің артық дозалануынан болған гипопротромбинемияда.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- гиперкоагуляция, тромбоэмболия
- жаңа туған нәрестелердегі гемолиздік ауру
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- жүктіліктің ІІІ триместрінде (плацента арқылы өткізгіштігінің төмен болуы салдарынан К дәруменін профилактика ретінде тағайындау тиімсіз).