daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Випдомет Таблеткалар 12,5 Мг/500мг №56 | Такеда Айлэнд Лимитед

Қоймада жоқ
Астане қаласындағы Випдомет Таблеткалар 12,5 Мг/500мг №56 | Такеда Айлэнд Лимитед
Сипаттама:

Бозғылт-сары түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес ұзынша пішінді, бір жақ бетінде «12.5/500» жазуы және басқа жақ бетінде «322М» жазуы бар таблеткалар (12.5 мг/500 мг дозасы үшін). Бозғылт-сары түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес ұзынша пішінді, бір жақ бетінде «12.5/1000» жазуы және басқа жақ бетінде «322М» жазуы бар таблеткалар (12.5 мг/1000 мг дозасы үшін).

Өндіруші:

Такеда Айлэнд Лимитед

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

Випдомет® 1-ші типті диабеті бар науқастарға қолдануға арналмаған. Випдомет® диабеттік кетоацидозы (қанда немесе несепте кетондар мөлшерінің жоғарылауы) бар адамдарға арналмаған.

Белсенді заттың дозасы:

12.5 мг/500 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған 12,5/500 мг және 12,5/1000 мг таблеткалар

Қаптамадағы саны:

56 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Випдомет® - бұл рецепт арқылы босатылатын дәрі, ол 2-ші типті қант диабеті бар ересектер үшін қандағы қантты (глюкозаны) бақылауды жақсарту үшін диетамен және дене жаттығуларымен бірге пайдаланылады. Випдомет® препаратының құрамында диабетке қарсы 2 белсенді зат: алоглиптин және метформин гидрохлориді бар.

Випдомет® 1-ші типті диабеті бар науқастарға қолдануға арналмаған.

Випдомет® диабеттік кетоацидозы (қанда немесе несепте кетондар мөлшерінің жоғарылауы) бар адамдарға арналмаған.

Қарсы көрсеткіштер

Егер сізде мыналар бар болса, Випдомет® препаратын қабылдамаңыз:

бүйрегіңізде күрделі проблемалар.

метаболизмдік ацидоз деп аталатын жай-күй, немесе диабеттік кетоацидоз (қанда немесе несепте кетондар мөлшерінің жоғарылауы) бар болса.

рентгендік процедура үшін бояғыш заттармен немесе контрастылы заттармен инъекция жасауға жиналсаңыз, Випдомет® препаратын қолдануды қысқа уақытқа тоқтата тұру қажет болуы мүмкін. Випдомет® препаратын қабылдауды қай кезде тоқтатуға тиістісіз және Сіз препаратты қайтадан қабылдауды қашан қайта жаңғыртуыңыз керектігін өз дәрігеріңізден сұрап біліңіз.

алоглиптинге немесе метформинге немесе Випдомет® құрамындағы кез келген компонентке сізде аллергия болса немесе алоглиптинге және метформинге күрделі аллергиялық реакция (жоғары сезімталдық) бар болса. Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі осы Нұсқаулықтың (қосымша парақ) соңындағы Випдомет® құрамына кіретін компоненттердің толық тізімін қараңыз.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Випдомет® препаратын сіздің дәрігеріңіз қалай қабылда десе, дәл солай қабылдаңыз.

Випдомет® препаратын тамақпен бірге немесе одан бөлек күніне 2 рет 1 таблеткадан қабылдаңыз.

Випдомет® препаратын тамақпен бірге қабылдау асқазанның бұзылу ықтималдылығын төмендетуге жағдай жасайды.

Випдомет® таблеткасын жұтар алдында бөлмеңіз.

Сіздің дәрігеріңіз қандағы глюкоза деңгейін бақылау үшін Випдомет® дозасын өзгертуді қажет етуі мүмкін. Егер бұны дәрігер тағайындаса, дозаны өзгертпеңіз.

Егер сіз препарат дозасын қабылдауды өткізіп алсаңыз, онда оны есіңізге түсіру бойына бірден қабылдаңыз. Егер келесі дозаны қабылдау керек кезге дейін есіңізге түсірмесеңіз, онда ұмыт қалған дозаны қабылдамаңыз және келесі дозаны оның қабылдаудың әдеттегі уақытында қабылдаңыз. Випдомет® препаратының 2 дозасын бір мезгілде қабылдамаңыз.

Егер сіз Випдомет® препаратының тым көп мөлшерін қабылдап қойсаңыз, онда мұны өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге бірден айтыңыз немесе жақын жердегі аурухананың шұғыл жәрдем бөліміне барыңыз.

Егер сіздің организміңіз күйзеліс жағдайында, мысалы, жазатайым жағдайлар немесе хирургиялық операция нәтижесінде туындаған қызбада, инфекция жағдайында болса, онда диабетті емдеу үшін сіздің препаратыңыздың дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Мұны өзіңізді емдеп жүрген дәрігерге бірден айтыңыз.

Диета және дене жаттығуларының бағдарламаларын сақтауды жалғастырыңыз, сондай-ақ қандағы қантты емдеуші дәрігеріңіз көрсеткендей тексеріңіз.

Емдеуші дәрігеріңіз Сізге Випдомет® препаратымен емдеуді бастар алдында және содан кейін, қажет болғанда, емдеу кезеңінде қанға белгілі бір талдаулар жасауды тағайындауы мүмкін. Сіздің дәрігеріңіз сізге жүргізілген қан талдауы нәтижелерінің негізінде және сіздің бүйрегіңіздің қалай жұмыс істеп тұрғанына қарай Випдомет® препаратының дозасын өзгертуі мүмкін.

Сіздің емдеуші дәрігеріңіз қан талдауларын жүйелі жүргізу және гликолизденген A1C гемоглобині деңгейлерінің жәрдемімен сіздегі диабет жағдайын тексеретін болады.

Жанама әсерлері

Випдомет® қабылдап жүрген адамдарда мыналарды қоса, күрделі жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін:

1. Лактоацидоз

Метформин – Випдомет® препаратының құрамына кіретін заттардың бірі, ол өлімге әкеп соғуы мүмкін лактоацидоз деп аталатын (қанға қышқылдың жиналуы) сирек, бірақ күрделі ауруды туындатуы ықтимал. Лактоацидоз шұғыл медициналық жағдай болып табылады және ауруханада емделуі тиіс.

Егер сізде лактоацидоздың белгілері болуы мүмкін келесі симптомдардың қандай да болсын бірі бар болса, өз дәрігеріңізге шұғыл түрде қоңырау шалыңыз:

сіздің қолыңыз және аяғыңыз суық болса

сіз бас айналуды немесе тұрақсыздықты («бастың мең-зең болуы) сезінсеңіз

сізде жүректің қағуы баяу немесе жүйесіз

сіз өзіңізді өте әлсіздікті немесе шаршауды сезінсеңіз

сізде әдеттегіден тыс (қалыпты емес) бұлшықет ауыруы

сізде тыныс алу проблемалары бар болса

сіз ұйқышылдықты немесе әлсіздікті сезінсеңіз

сіздің ішіңіз ауырса, жүрегіңіз айныса немесе құссаңыз

Метформин қабылдауға лактоацидоз болған адамдардың көбісінде метформинмен біріктіргенде лактоацидозға әкелген басқа да жағдайлар бар. Егер сізде қандай да болсын келесі жағдайлардың қандай да болсын бірі бар болса, өз дәрігеріңізге айтыңыз, өйткені сізде Випдомет® препаратын қабылдаған кезде лактоацидозбен ауырып қалу мүмкіндігі көбірек, егер:

сізде бүйрекке қатысты күрделі проблемалар бар болса немесе сіздің бүйрегіңізге инъекциялық бояулар пайдаланылатын белгілі бір рентгенологиялық тестілер ықпалын тигізсе

сізде бауырға қатысты проблемалар бар болса

сіз алкоголь ішімдіктерін өте жиі пайдалансаңыз немесе қысқа мерзімдік «салынып ішу» мастығы кезінде алкогольді көп ішсеңіз

сізде сусыздану бар болса (организмнен сұйықтықтың көп мөлшерін жоғалтсаңыз). Егер сіз ауырғанда қызба, құсу немесе диарея бар болса, ол қайтуы мүмкін. Сіз дене белсенділігінен немесе жаттығуларынан көбірек терлесеңіз және сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішпесеңіз, сусыздану болуы мүмкін

сіз операцияны басыңыздан өткерсеңіз

сізде жүрек ұстамасы, ауыр инфекция немесе инсульт болса.

Метформиннен лактоацидоз проблемаларының туындауына жол бермеудің өте жақсы тәсілі – егер сізде жоғарыда берілген проблемалардың қандай да болсын бірі бар болса, мұны өз дәрігеріңізге мәлімдеу. Сіздің дәрігеріңіз, егер сізде осы жағдайлардың қандай да болсын бірі бар болса, Випдомет® препаратын қабылдауды біршама уақытқа тоқтата тұру мәселесін шешуі мүмкін.

2. Ұйқы безінің қабынуы (панкреатит)

Алоглиптин – Випдомет® препаратының құрамына кіретін, панкреатитті туындата алатын, ауыр болуы мүмкін заттардың біреуі. Кейбір медициналық жағдайлар панкреатиттің туындау ықтималдылығын арттырады.

Випдомет® препаратын қабылдауды бастамас бұрын

Егер сізде қашан да болсын мыналар болған болса, өз дәрігеріңізге айтыңыз:

панкреатит

бүйрекке қатысты проблемалар

бауырға қатысты проблемалар

Егер сізде іш тұсыңызда (құрсақ қуысында) қайтпайтын күшті ауыру бар болса, Випдомет® препаратын қабылдауды тоқтатыңыз және өз дәрігеріңізге дереу қоңырау шалыңыз. Ауыру қимыл-қозғалыс кезінде іштен арқаға қарай сезілуі мүмкін. Ауыру құсумен бірге немесе онсыз болуы ықтимал. Бұл панкреатит симптомдары болуы мүмкін.

3. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Випдомет® препаратын қабылдамас бұрын

Егер сізде қандай да болсын жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар болса немесе бүйрекке қатысты проблемалар бар болса, өзіңіздің дәрігеріңізге айтыңыз.

Егер сізде қандай да болсын келесі симптомдар бар болса, өз дәрігеріңізбен хабарласыңыз:

ентігудің ұлғаюы немесе тыныс алу проблемалары, әсіресе жатқан кезде

салмақтың әдеттен тыс тез артуы

аяқтың, тобықтың немесе табанның ісінуі

Бұл жүрек функциясы жеткіліксіздігінің симптомдары болуы мүмкін.

4. Аллергиялық реакциялар (аса жоғары сезімталдық), мыналар сияқты:

беттің, еріннің, тамақтың және терінің басқа аймақтарының ісінуі

теріде дөңес, қызыл жерлердің (күлбіреуік) пайда болуы

жұтынудың немесе тыныс алудың қиындауы

тері бөртпесі, қышыну, терінің қыртыстануы немесе түлеуі.

Егер сізде осы симптомдар пайда болса, онда Випдомет® қабылдауды бірден тоқтатыңыз және өзіңіздің емдеп жүрген дәрігермен хабарласыңыз.

5. Бауырға қатысты проблемалар

Егер сізде мыналар сияқты түсініксіз симптомдар бар болса, өз дәрігеріңізге дереу қоңырау шалыңыз:

жүректің айнуы немесе құсу

іштің ауыруы

әдеттегіден тыс немесе түсініксіз шаршау

тәбеттің жоғалуы

несептің қою түсті болуы

терінің немесе көз ақуызының сарғаюы

6. Қандағы қант деңгейінің төмендеуі (гипогликемия)

Егер сіз Випдомет® препаратын сульфонилмочевина немесе инсулин сияқты, қант деңгейінің төмендеуін туындатуы мүмкін басқа дәрілермен бірге қабылдап жүрсеңіз, қандағы қант деңгейінің төмендеу қаупі жоғары. Егер сіз Випдомет® қабылдап жүрсеңіз, сульфонилмочевина немесе инсулин дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Егер сізде қандағы қант деңгейінің төмендеу симптомдары бар болса, онда сіз қандағы қант деңгейін тексеруге және, егер ол төмен болса, ем қабылдауды бастауға тиіссіз, ал содан кейін мұны өзіңізді емдеп жүрген дәрігерге хабарлаңыз. Қандағы қант төмендігінің симптомдары және белгілері келесілер:

діріл және үрейлену сезімі

жүректің тез қағуы

тершеңдік

көрудің бұзылуы

ашығу сезімі

сананың шатасуы

бас ауыру

бас айналу

көңіл-күйдің өзгеруі.

7. Буындардың ауыруы

Випдомет® сияқты ДПП-4 тежегіштер деп аталатын препараттарды қабылдап жүрген кейбір адамдардың буындарында ауыр болуы мүмкін ауыру дамуы ықтимал. Егер сіздің буындарыңыздың ауыруы күшті болса, мұны өзіңізді емдеп жүрген дәрігерге бірден хабарлаңыз.

8. Тері реакциясы

Випдомет® сияқты ДПП-4 тежегіштер деп аталатын препараттарды қабылдап жүрген кейбір адамдарда буллезді пемфигоид деп аталатын тері реакциясы дамуы мүмкін, ол аурухана жағдайында емдеуді қажет етеді. Егер сізде күлбіреуіктер немесе теріңіздің зақымдануы және терінің жоғарғы бетінің қыртыстануы (эрозия) пайда болса, өзіңізді емдеп жүрген дәрігерге бірден хабарлаңыз. Сізді емдеп жүрген дәрігеріңіз сізге Випдомет® препаратын қабылдауды тоқтату қажет екендігін айтуы мүмкін.

Випдомет® препаратын қабылдаған кездегі өте жиі кездесетін жағымсыз әсерлер келесі:

салқын тию симптомдары (жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары)

мұрынның бітелуі, тұмау және тамақтың ауыруы

диарея

артериялық қысымның жоғарылауы

бас ауыру

арқаның ауыруы

несеп шығару жолдарының инфекциялары

Шығарылу түрі

Алюминий үлбірден/алюминийден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

Пішінді 8 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыВипдомет таблеткалар 12,5 мг/500мг №56дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube