Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - тиамин гидрохлориді – 50.0 мг
қосымша заттар: димеркаптопропансульфонат натрий моногидраты (унитиол), иньекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған, өзіне тән әлсіз иісі бар сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 мл бейтарап шыны ампулада.
10 ампуладан картон қорапта. Әрбір қорапқа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулық, ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынады.
Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампула ашуға арналған пышақ немесе ампула скарификаторы салынбауы мүмкін.