daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Зитмак Суспензиясы 100 Мг / 5 Мл 20 Мл | АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Астане қаласындағы Зитмак Суспензиясы 100 Мг / 5 Мл 20 Мл | АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»
Сипаттама:

Бананға және қызыл шиеге тән иісі бар, ақтан ашық сары түске дейінгі ұнтақ. Тазартылған сумен немесе салқын қайнаған сумен сұйылтқаннан кейін банан және қызыл шие иісі бар, ақ немесе ашық сары түсті біркелкі суспензия түзіледі.

Халықаралық атауы:

Азитромицин

Өндіруші:

АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

электролит алмасуы бұзылған, әсіресе гипокалиемия және гипомагниемия жағдайында клиникалық тұрғыдан релевантты брадикардиясы, жүрек аритмиясы немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі. - QT аралығының өзгеру әсеріне сезімтал болуы мүмкін әйелдер мен егде жастағы адамдар. Миастения гравис Миастения гравис симптомдарының өршуі немесе азитромицинмен ем қабылдайтын пациенттерде миастения синдромының жаңа дамуы туралы хабарланды. Қосымша заттар туралы ақпарат ЗИТМАК® құрамында лактоза бар және тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП) – лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза – галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілімді. ЗИТМАК® құрамында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни ол натрийден бос деп саналады.

Белсенді заттың дозасы:

100мг/5мл

Дәрілік түрі:

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 100 мг/5 мл, 200 мг/5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан келесі инфекциялық ауруларды емдеу үшін:

- фарингит / тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса алғанда, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында

- созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса алғанда, төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында;

- одонтогенді инфекцияларда;

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында;

- Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекцияларында.

Қарсы көрсеткіштер

азитромицинге, эритромицинге, макролидтер тобының басқа антибиотиктеріне немесе кетолидті антибиотиктерге, қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі

жүктіліктің бірінші триместрі және лактация кезеңі

тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы – қант мөлшеріне байланысты

6 айға дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Антацидтер

Антацидтер мен азитромицинді бір мезгілде қабылдау кезінде туындайтын әсерлерді фармакокинетикалық зерттеу барысында азитромициннің биожетімділігіне әсері анықталған жоқ, дегенмен сарысудағы ең жоғары концентрациялардың шамамен 25% - ға төмендеуі байқалды. Осылайша, азитромицин мен антацидтік ем қабылдайтын пациенттер осы екі препаратты бір мезгілде қабылдамауы тиіс.

Цетиризин

Азитромицинді 5 күн ішінде цетиризинмен 20 мг тепе-тең жағдайда бір мезгілде қолданғанда фармакокинетикалық өзара әрекеттесу құбылыстары немесе QT аралығының елеулі өзгерістері байқалмағаны хабарланады.

Диданозин (Дидеоксинозин)

Тәулігіне 400 мг диданозинмен 1200 мг азитромицинді АИТВ-оң пациенттерге бір мезгілде қолдану плацебомен салыстырғанда диданозиннің тепе-теңдік жағдайының фармакокинетикасына әсер етпеді.

Дигоксин және колхицин

Макролидті антибиотиктерді, оның ішінде азитромицинді, дигоксин және колхицин сияқты Р-гликопротеин субстраттарымен қабылдау қан сарысуындағы Р-гликопротеин субстраттарының деңгейінің жоғарылауына себеп болды деп хабарланды. Осылайша, азитромицин мен дигоксин сияқты Р-гликопротеин субстраттарын бір мезгілде қабылдау кезінде қан сарысуындағы дигоксин деңгейін арттыру мүмкіндігін ескеру керек. Азитромицинмен емдеуді тоқтатқан кезде және одан кейін дигоксин деңгейінің жоғарылауының клиникалық мониторингі және мониторингі қажет.

Зидовудин

1000 бір реттік дозалары және 1200 мг немесе 600 мг азитромициннің көп реттік дозалары плазмалық фармакокинетикаға немесе несеппен зидовудиннің немесе оның глюкуронидтік метаболитінің шығарылуына елеусіз әсер етті. Алайда, азитромицинді қолдану шеткері қан айналымындағы мононуклеарлардағы клиникалық белсенді метаболит фосфорланған зидовудин концентрациясының жоғарылауына әкелді. Бұл деректердің клиникалық маңыздылығы анықталмаған, бірақ пациенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.

Азитромицин Р450 цитохромының бауыр жүйесімен айтарлықтай өзара әрекеттеспейді. Препараттың эритромицинмен және басқа макролидтермен байқалатын фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесуі жоқ деп есептеледі. Азитромицин цитохром-метаболиттік кешен арқылы Р450 цитохромының индукциясын немесе инактивациясын туындатпайды.

Қастауыш алкалоидтарының туындылары

Эрготизмнің теориялық мүмкіндігін ескере отырып, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Азитромицин мен метаболизмі едәуір дәрежеде Р450 цитохромының қатысуымен болатын келесі препараттарды қолдану хабарланды.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)

Аторвастатин

Аторвастатинді (тәулігіне 10 мг) және азитромицинді (тәулігіне 500 мг) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының өзгеруіне себеп болған жоқ (ГМГ-КоА-редуктазаның тежелуін талдау негізінде).

Дегенмен, статиндері бар азитромицин қабылдаған пациенттерде рабдомиолиздің тіркеуден кейінгі жағдайлары туралы хабарланды.

Карбамазепин

Бір мезгілде азитромицин қабылдаған пациенттерде карбамазепиннің плазмалық деңгейіне немесе оның белсенді метаболиттеріне айтарлықтай әсер етпегені белгілі.

Циметидин

Азитромицинді қолданғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасының азитромицин фармакокинетикасына әсері азитромицин фармакокинетикасында ешқандай өзгерістер байқалмады.

Циклоспорин

Азитромицинді тәулігіне 500 мг дозада 3 күн ішінде пероральді қабылдаған кезде, кейіннен циклоспориннің 10 мг/кг дозасын пероральді қабылдаған кезде Cmax және AUC0-5 циклоспорин деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы анықталды (тиісінше 24% және 21% - ға), алайда AUC-00 елеулі өзгерістері байқалмады. Сондықтан осы препараттардың бір мезгілде тағайындалуын ескере отырып, абай болу керек. Егер осындай бір мезгілде қолдану қажет болса, циклоспорин деңгейіне мониторинг жүргізу және тиісінше дозаны түзету керек.

Эфавиренз

7 күн бойы күн сайын азитромициннің 600 және 400 мг эфавиренздің бір реттік дозасын бір мезгілде қолдану қандай да бір клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуді туындатпады.

Флуконазол

Азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бір мезгілде қолдану флуконазолдың 800 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасының өзгеруіне әкелмеді. Флуконазолды бір мезгілде қолданған кезде азитромициннің жалпы экспозициясы мен жартылай шығарылу кезеңі өзгерген жоқ, алайда Cmах (18%) азитромициннің клиникалық тұрғыдан елеусіз төмендеуі байқалды.

Индинавир

1200 мг азитромициннің бір реттік дозасын бір мезгілде қолдану 5 күн ішінде тәулігіне 3 рет 800 мг дозада алынған индинавир фармакокинетикасына статистикалық маңызды әсер етпеді.

Метилпреднизолон

Азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпегені анықталды.

Мидазолам

Күніне 500 мг азитромицинді 3 күн бойы бір мезгілде қолдану 15 мг бір реттік дозада мидазолам фармакокинетикасы мен фармакодинамикасында клиникалық маңызды өзгерістер туындатпады.

Нелфинавир

Азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді тепе-тең концентрацияларда (тәулігіне 3 рет 750 мг) бір мезгілде қолдану азитромицин концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Клиникалық маңызды жағымсыз әсерлер байқалмады, дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Рифабутин

Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолдану осы препараттардың қан плазмасындағы концентрациясына әсер етпеді.

Нейтропения азитромицин мен рифабутинді бір уақытта қабылдаған адамдарда анықталды. Нейтропения рифабутинді қолданумен байланысты болса да, азитромицинді бір мезгілде қабылдаумен себептік байланыс орнатылмаған.

Силденафил

Еркектерде қолданған кезде азитромициннің (3 күн ішінде тәулігіне 500 мг) силденафилдің немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің AUС және C max мәніне әсерінің дәлелдері жоқ.

Терфенадин

Азитромицин мен терфенадин арасындағы өзара әрекеттесудің дәлелдері туралы хабарланған жоқ. Мұндай өзара әрекеттесу мүмкіндігін толығымен жоққа шығаруға болмайтын сирек жағдайлар туралы хабарланды; алайда мұндай өзара әрекеттесудің орын алғаны туралы нақты дәлелдер болған жоқ.

Теофиллин

Азитромицин мен теофиллинді бір мезгілде қолданғанда клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің дәлелдері алынған жоқ.

Триазолам

Азитромицинді 14 еріктіге 1-ші күні 500 мг және 2-ші күні 250 мг дозада 2-ші күні 0,125 мг триазоламмен бір мезгілде қолдану триазолам мен плацебоға қарағанда триазоламның барлық фармакокинетикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етпеді.

Триметоприм / сульфаметоксазол

7-ші тәулікте 1200 мг азитромицинмен 7 күн ішінде триметоприм/сульфаметоксазолды (160 мг/800 мг) бір мезгілде қолдану шектік концентрациясына, триметоприм немесе сульфаметоксазол жалпы экспозицияға немесе несеппен экскрециялануына елеулі әсер еткен жоқ. Қан плазмасындағы азитромицин концентрациясы басқа зерттеулердегідей болды.

Кумаринді типті пероральді антикоагулянттар

Әдеби мәліметтерге сәйкес, азитромицин 15 мг варфариннің бір реттік дозасының антикоагулянттық әсерін өзгерткен жоқ. Азитромицин мен кумаринді типті пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғаннан кейін антикоагулянттық әсердің әлеуеттенуі туралы постмаркетингтік кезеңде алынған деректер белгілі. Себеп байланысы анықталмаса да, кумаринді типті пероральді антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде азитромицин тағайындау кезінде протромбиндік уақытқа жиі мониторинг жүргізу қажеттілігін ескеру керек.

Шығарылу түрі

9 мл, 10 мл немесе 15 мл тазартылған судан шеңбердің ¼ бөлігінде ашылатын «twist-off» типті қақпағы бар мөлдір пластик ампулаларға құйылады. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

19.0 г (20 мл суспензия 100 мг/5 мл дайындау үшін), 16.0 г (15 мл суспензия 200мг/5 мл дайындау үшін) немесе 29.0 г (30 мл суспензия 200мг/5мл дайындау үшін) ұнтақтан алғаш ашылуы бақыланатын бұрандалы полиэтилен қақпақпен тығындалған ақ түсті пластик құтыларға салынады. Құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құты жиынтықта өлшеуіш пластмасса қасығымен, 10 мл (20 мл суспензия дайындау үшін 100 мг / 5 мл), 9 мл (15 мл суспензия дайындау үшін 200 мг/5 мл) немесе 15 мл (30 мл суспензия дайындау үшін 200 мг / 5 мл) тазартылған суы бар пластик ампуласымен немесе өлшеуіш стақанымен медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Дайындалған суспензияны сақтау мерзімі – 5 күн

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

20 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «Зитмак суспензиясы 100 мг / 5 мл 20 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

0600120018002400300012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыЗитмак суспензиясы 100 мг / 5 мл 20 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
2697

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 295

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2992

2697

295

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАстана қаласындағы «Зитмак суспензиясы 100 мг / 5 мл 20 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube