Қолдану көрсеткіштері
Жедел және созылмалы бронхит, ларингит, синусит, трахеит, тұмау, бронх демікпесі және муковисцидоз сияқты қиын шығарылатын қақырықтың түзілуіне әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары (қосымша ем ретінде).

- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы
- фенилкетонурия
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- 12 жасқа дейінгі балалар, муковисцидозы бар 6 жасқа дейінгі балалар
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Муколитикалық әсер
Ацетилцистеин цистеин аминқышқылының туындысы болып табылады.
Ацетилцистеин шырышты және шырышты-іріңді секретке (қақырыққа) қарқынды муколитикалық-сұйылтқыш әсер етеді, ол қақырық пен басқа да секреттердің шыны тәрізді және іріңді компонентінің құрамына тұтқырлық беретін мукопротеиндік кешендерді және нуклеин қышқылдарын деполимеризациялайды.
Осы механизмдер арқылы қақырық тұтқырлығын азайтады, оның бөлінісін жақсартады және жөтелді жеңілдетеді.
Ацетилцистеин, оның реактивті сульфгидрил тобының (SH-тобы) химиялық радикалдарды байланыстыру қабілеті арқасында және оларды осыған байланысты бейтараптандыратындықтан антиоксидантты әсерге иеленген.
Қорғаныс әсері
Ацетилцистеинді профилактикалық мақсатта қолданғанда созылмалы бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және муковисцидозге шалдыққан пациенттерге қорғаныс әсерін тигізеді, бактериялардың өршу жиілігін және ауырлығын төмендетеді.
Антиоксидантты әсер
Ацетилцистеиннің антиоксидантты қасиеттері оның реактивті SH-топтарына негізделген, ол солармен химиялық радикалдар түзеді және залалсыздандырады, осылайша уытсыздандырғыш әсер етеді.
Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, ацетилцистеин мен оның метаболиттері бос радикалдардан қорғауға екі тәсілмен қолайлы әсер етеді:
- Бірінші – бұл радикалдарды тікелей қармау мүмкіндігі, яғни бос радикалдармен NAC-тың ферментативті емес реакциясы.
- Екінші - глутатион ізашарының рөлімен байланысты тікелей емес антиоксидантты әсері (GSH (глутатион) синтезіне қажетті цистеин көзі).
Ацетилцистеин глутатионның күшейтілген синтезіне ықпал етеді, бұл әртүрлі зиянды заттардың уытсыздандырылуына байланысты маңызды болып табылады. Бұл оның антидот ретіндегі әрекетін, мысалы, парацетамолмен уланғанда қолданылуын түсіндіреді.
Қабынуға қарсы әсері/әр түрлі вирустық инфекциялар кезінде қабыну көріністерін басу
GSH (глутатион) қорының сарқылуы көбінесе тотығу стрессі мен қабынуды тудырады. Ацетилцистеин жасушалардың бұзылған тотығу-тотықсыздану статусын қалыпқа келтіруге қабілетті, демек жасушалардың тотығу-тотықсыздану өзгерістеріне сезімтал дабыл беру жолдары мен транскрипциясына әсер етуі мүмкін.
Бактериялық биоүлбіріне әсері
Іn vitro зерттеулер көрсеткендей, N-ацетилцистеин бактериялық биоүлбірлердің түзілуін тежеуге және қазіргі уақытта қалыптасқан биоүлбірлерді жоюға қабілетті.
Асқыну жиілігіне әсері
Ацетилцистеинді ұзақ уақыт қолдану (3 айдан астам) созылмалы бронхитпен ауыратын пациенттерде асқыну жиілігін азайтуы мүмкін.
Ацетилцистеинді қолдану кезінде бронх демікпесі бар пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет. Бронх түйілуі туындағанда ацетилцистеин қабылдауды тоқтату қажет.
Ацетилцистеинді бронх демікпесі, анамнезінде асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы бар пациенттерде, әсіресе жағымсыз асқазан әсерлері белгілі препараттарды бір уақытта қабылдайтын пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек.
Бауыр және бүйрек аурулары бар пациенттерде сақтықпен тағайындау керек.
Өте сирек жағдайларда ацетилцистеинді қолдану кезінде терінің ауыр аллергиялық реакцияларының пайда болуы байқалды (Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы). Терінің аллергиялық реакциялары туындаған жағдайда пациент ацетилцистеин қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Гистамин жақпаушылығы бар пациенттер ацетилцистеинді қысқа курстармен қабылдауы керек, өйткені гистаминнің өзінің метаболизміне ықпал етумен жақпаушылық симптомдары (мысалы, бас ауыру, мұрынның бітелуі, қышыну) туындауы мүмкін.
Күкірт тәрізді иістің болуы АЦЦ® Хот Дринк препаратының өзгеруін көрсетпейді, ол оның құрамында белсенді зат ацетилцистеиннің болуымен байланысты.
Ацетилцистеин қолдану, әсіресе емдеудің басында бронхта қақырықтың сұйылуына және бір мезгілде оның көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер пациент қақырықты шығара алмаса, онда қақырық іркілуін болдырмас үшін: постуральді дренаж және аспирация қолданылады.
Қант диабеті бар пациенттерге арналған нұсқау: 1 пакет АЦЦ® Хот Дринк құрамында 0,17 НБ бар.
Ацетилцистеиннің секреторлық әсері жеткілікті сұйықтық қабылдаумен ұсталып тұрады.
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге сахароза болуына байланысты АЦЦ® Хот Дринк препаратын қабылдауға болмайды.
Жедел аурулар кезінде емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдеуде – бірнеше айға дейінді құрайды (дәрігердің ұсынымы бойынша).
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ацетилцистеин мен жөтелге қарсы препараттарды бір мезгілде қолдану жөтел рефлексінің басылуына байланысты бронх түйілуінің және тыныс алу жолдарының инфекциясының даму қаупімен қақырықтың жиналуын арттыруы мүмкін. Сондықтан осы нұсқасын біріктірілген емде қабылдамаған жөн.
Антибиотиктер
Ацетилцистеиннің әсерінен антибиотиктердің инактивациясы туралы есептер тек in vitro зертханалық жағдайындағы сынақтарға ғана қатысты, онда қарастырылатын заттар тікелей араластырылған. Әйтсе де, қауіпсіздік тарапынан антибиотиктерді пероральді қабылдау жеке және қабылдау арасы 2 сағатқа тең ең төмен аралықпен іске асырылуы тиіс.
Белсендірілген көмір
Уыттануды емдеу кезінде ацетилцистеинді және белсендірілген көмірді бір мезгілде қабылдау пероральді қабылданған ацетилцистеиннің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Нитроглицерин
Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір уақытта қолдану күрделі гипотензияны туындатады және ықтимал бас ауыруының дамуымен самай артериясының уақытша дилатациясына әкеледі.
Егер нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір уақытта қолдану қажет деп есептелсе онда пациентте күрделі болуы және бас ауыруы түрінде байқалатын гипотензияның ықтимал даму мүмкіндігіне мониторинг жүргізу керек.
Басқа препараттарды AЦЦ® Хот Дринк препаратының ерітіндісінде ерітпеген жөн.
Ацетилцистеин салицилаттарды анықтаудың колориметриялық сандық талдауына әсер етуі мүмкін.
Ацетилцистеин несеп талдауында кетон денелерін талдау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Препаратты қабылдаған жүкті әйелдердің шектеулі санына қатысты қолда бар деректер жүктілікке, шаранаға немесе баланың денсаулығына қандай да бір жағымсыз әсерді анықтамайды. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке және шаранаға, сондай-ақ эмбрионды және туғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін анықтамады.
Кез келген жағдайда препаратты жүктілік кезінде қолданған кезде тиісті сақтық шараларын сақтау керек.
Бала емізу
Емшек сүтіне ену туралы ақпарат жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді

Дозалау режимі
АЦЦ® Хот Дринк препараты ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ болып табылады.
12 жастан асқан балалар мен ересектерге:
Тәулігіне 1 рет 1 пакет ұнтақтан (600 мг) (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді).
Муковисцидоз: 6 жастан асқан балалар үшін күніне 1 рет 1 пакеттен.
Ерітіндіні дайындау:
Пакет ішіндегісін (600 мг) бір стақан ыстық суда ерітеді, араластырады, ыстық күйінде ішке қабылдайды.
Жедел аурулар кезінде емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдеуде – бірнеше айға дейінді құрайды (дәрігердің ұсынымы бойынша).
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, балаларда гиперсекрецияның туындау қаупі бар.
Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидоты жоқ.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну ұсынылады
3 г ұнтақтан полиэтиленнен, алюминий және қағаздан жасалған термодәнекерленген үш қабатты пакеттерде.
6 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.