daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Атоксилин Суспензиясы 250 Мг/5 Мл 80 Мл

Қоймада жоқ
Караганде қаласындағы Атоксилин Суспензиясы 250 Мг/5 Мл 80 Мл
Сипаттама:

Сарғыш - ақ түсті, біртекті, сусымалы, таңқурай иісі бар ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Амоксициллин

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сукроза, кристалды натрий сахаринаты, натрий цикламаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, натрий цитраты, калий сорбаты, аэросил 200, таңқурай ұнтағы.

Белсенді заттың дозасы:

250 мг/5 мл

Дәрілік түрі:

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 250 мг/5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

5 мл құрамында

белсенді зат - Амоксициллин тригидраты - 301.90 мг (250.00 амоксициллинге баламалы)

қосымша заттар: сукроза, кристалды натрий сахаринаты, натрий цикламаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, натрий цитраты, калий сорбаты, аэросил 200, таңқурай ұнтағы.

Қолдану көрсеткіштері

Атоксилин ересектер мен балалардағы келесі инфекцияларды емдеуге арналған:

жедел бактериялық синуситте

жедел ортаңғы отитте

жедел стрептококтық тонзиллит пен фарингитте

созылмалы бронхиттің өршуінде

ауруханадан тыс пневмонияда

жедел циститте

жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурияда

жедел пиелонефритте

іш сүзегі мен паратифте

таралған целлюлитпен дентальді абсцесте

протезделген буындардың инфекцияларында

Helicobacter Pylori эрадикациясы үшін

Лайм ауруында

Сонымен қатар, Атоксиллин эндокардиттің профилактикасы үшін де қолданылады.

Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.

Қарсы көрсеткіштер

- амоксициллинге, пенициллин тобының препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде басқа бета-лактамды препаратқа (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) жедел типтегі аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, анафилаксия)

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы (құрамында сукрозаның болуына байланысты)

Сақтық шаралары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Емдеуді бастамас бұрын пациенттің анамнезінде пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамдық препараттарға аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы туралы нақтылау қажет.

Пенициллинмен емделген пациенттерде күрделі, кейде өліммен аяқталатын аса жоғары сезімталдық реакцияларының (анафилактоидты реакциялар мен терінің ауыр жағымсыз реакцияларын қоса) дамуы туралы хабарланды. Аса жоғары сезімталдық реакциялары сонымен қатар миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін ауыр аллергиялық реакция — Коунис синдромына дейін өршуі мүмкін. Бұл реакциялар анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдығы бар адамдарда және атопиялық жағдайлары бар адамдарда жиі кездеседі. Аллергиялық реакция пайда болған жағдайда амоксициллинмен емдеуді тоқтатып, тиісті баламалы емді тағайындау керек.

Дәрілік энтероколит синдромы туралы негізінен амоксициллинмен емделген балаларда хабарланды. Бұл аллергиялық реакция, терінің аллергиялық реакциялары немесе респираторлық симптомдар болмаған кезде препаратты қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан соң пайда болатын қайталанатын құсудың жетекші симптомы. Қосымша симптомдар іштің ауыруы, диарея, гипотензия немесе нейтрофилиямен лейкоцитозды қамтуы мүмкін. Ауыр жағдайлар, соның ішінде шокқа дейін өршу байқалды.

Сезімтал емес микроорганизмдер

Амоксициллин инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуге жарамайды, тек қоздырғыш сезімтал ретінде құжатпен расталған кезде немесе сезімтал ретінде белгілі немесе қоздырғыштың амоксициллинмен емдеуге сезімталдығы жоғары болған жағдайларды қоспағанда. Мұны несеп шығару жолдарының инфекцияларын, құлақтың, мұрынның және тамақтың ауыр инфекцияларын емдеген кезде ескеру қажет.

Құрысулар

Құрысулар бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаны қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ бейімділік факторлары бар пациенттерде пайда болуы мүмкін (мысалы, анамнезінде құрысулар, эпилепсия немесе менингиальды бұзылулар.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны бұзылу дәрежесіне сәйкес түзету керек.

Тері реакциялары

Емдеудің басында пустулезді бөртпелермен және қызбамен жайылған эритеманың пайда болуы жедел жайылған экзантемалы пустулездің симптомы болуы мүмкін (AEGP). Бұл реакция амоксициллинді қабылдауды тоқтатуды талап етеді және болашақта препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылады.

Инфекциялық мононуклеозға күдік туындаған кезде амоксициллинді қолданудан аулақ болу керек, өйткені осы ауру кезінде амоксициллинді қолданғаннан кейін қызылша тәрізді бөртпенің пайда болған жағдайлары орын алған.

Яриш-Герксгеймер реакциясы

Яриш-Герксгеймер реакциясы Лайм ауруын амоксициллинмен емдегеннен кейін байқалды. Бұл амоксициллиннің Лайм ауруының қоздырғышына, Borrelia burgdorferi спирохетіне бактерицидтік әсерінің тікелей салдары. Пациенттерге бұл Лайм ауруын антибиотиктермен емдеудің кең таралған және әдетте өздігінен басылатын салдары екендігі туралы хабарлау керек.

Сезімтал емес микроорганизмдердің өсуі

Препаратты ұзақ уақыт қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.

Бактерияға қарсы барлық дерлік препараттарды қолданғанда антибиотикпен байланысты колиттің дамуы туралы хабарланды, ол ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін өзгеруі мүмкін. Сондықтан кез келген антибиотиктерді қолданған кезде немесе одан кейін диареямен ауыратын пациенттерде бұл диагнозды ескеру қажет. Антибиотикпен байланысты колит дамыған жағдайда амоксициллинді қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу және тиісті емді бастау керек. Бұл жағдайда ішек перистальтикасын төмендететін препараттарды қолдануға болмайды.

Ұзақ мерзімді ем

Ұзақ мерзімді ем кезінде жүйелер мен ағзалардың функцияларын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады; оның ішінде бүйрек, бауыр және қан өндіру функциясын. Бауыр ферменттері мөлшерінің жоғарылауы және қан көрсеткіштерінің өзгеруі туралы хабарланды.

Антикоагулянттар

Амоксициллин қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұзаруы туралы сирек хабарланған. Антикоагулянттарды бір мезгілде қолданған кезде тиісті мониторинг жүргізу қажет. Антикоагулянттардың қажетті деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кристаллурия

Диурезі төмендеген пациенттерде кристаллурия өте сирек байқалды (бүйрек функциясының жедел зақымдануын қоса), негізінен парентеральді ем кезінде. Амоксициллиннің жоғары дозаларын қолдану кезінде сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау және амоксициллин кристаллуриясының даму ықтималдығын азайту үшін диурезді талапқа сай деңгейде ұстау ұсынылады. Қуық катетері бар пациенттерде катетерлердің өткізгіштігін тұрақты бақылау қажет.

Диагностикалық тестілерге әсері

Сарысу мен несеп құрамындағы амоксициллин деңгейінің жоғарылауы кейбір зертханалық тестілерге әсер етуі мүмкін. Несеп құрамындағы амоксициллиннің жоғары концентрациясына байланысты химиялық әдістерді қолданған кезде жалған оң нәтижелер жиі туындайды.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несеп құрамында глюкозаның болуын анықтау үшін ферментативті глюкоза -оксидаза әдісін қолдану ұсынылады.

Амоксициллиннің болуы жүкті әйелдерде эстриолдың болуын талдау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттар туралы ерекше ақпарат

Бұл препараттың құрамында бір реттік дозада 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.

Атоксилиннің құрамында әр 5 мл-де 18,041 г қант бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сукраза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы тиіс.

Бұл дәрілік заттың құрамында 5 мл бір реттік дозада 1 ммольден (39 мг) аз калий бар, яғни құрамында калий жоқ.

Педиатрияда қолдану

Төмендегі кестеде берілген балаларға ұсынылатын доза дене салмағы 40 кг-дан аз балаларға қолданылады.

Дене салмағы 40 кг және одан жоғары балаларға ересектерге арналған дозаларды қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік

Зерттеулер репродуктивтік уыттылыққа қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерді көрсетпейді. Адамда жүктілік кезінде амоксициллинді қолданудың шектеулі деректері дамудың туа біткен ақауларының жоғары қаупін көрсетпейді. Амоксициллинді жүктілік кезінде әлеуетті пайдасы емдеуге байланысты ықтимал қауіптен басым болған кезде қолдануға болады.

Бала емізу

Амоксициллин емшек сүтіне аз мөлшерде шығарылады, сенсибилизация қаупінің болуы ықтимал. Нәтижесінде емшек сүтімен қоректенетін балада диарея, шырышты қабықтың зеңдік инфекциясы, бөртпе пайда болуы мүмкін. Сондықтан бала емізетін әйелдерге амоксициллин дәрігер пайда/қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолданылады.

Фертильділік

Амоксициллиннің адамның фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ. Зерттеулерде фертильділікке жағымсыз әсері анықталған жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін жағымсыз әсерлердің (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) пайда болуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Белгілі бір инфекцияны емдеу үшін таңдалатын амоксициллиннің дозасын ескеру қажет:

- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы

- инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы

- пациенттің жасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.

Артық дозалану

Симптомдары

Асқазан-ішек симптомдары (мысалы, жүрек айну, құсу және диарея) және су-электролит теңгерімінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Амоксициллинді қабылдау кезінде кристаллурия байқалды, кейбір жағдайларда бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне әкеледі. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдайтын пациенттерде құрысулар болуы мүмкін.

Емі

Асқазан-ішек симптомдарын су-электролит теңгерімін түзетуге назар аудара отырып, симптоматикалық емдеуге болады.

Амоксициллинді қанның құрамынан гемодиализдің көмегімен шығаруға болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Өткізіп алған қабылдауды өтеу үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңеске жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек.

Шығарылу түрі

Препарат сыйымдылығы 100 мл янтарь түсті шыны құтыға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге УК- лакпен картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын бөлме температурасында сақтау керек.

Дайын суспензияны тоңазытқышта сақтау керек.

Дайын суспензия тоңазытқышта сақтағанда 7 күн бойы белсенділігін жоғалтпайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

80 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАтоксилин суспензиясы 250 мг/5 мл 80 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube